Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ұлттық біріңғай тестілеу» -

«Ұлттық біріңғай тестілеу»

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 323 | Просмотров: 2386 | Размер: 33.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыру кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін-өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің төмендігі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі.
Осы қиындықтарды жеңу үшін талапкерлерді ҰБТ-дің өту барысымен таныстыру, стреске қарсы тұру қабілеттерін дамыту , өзі-өзіне сенімін арттыру, стрестік жағдайда туындайтын мазасыздану деңгейін төмендету , өзін-өзі бақылауға дағдыландыру қажет.
Ұсынылған бағдарлама 11 сынып оқушыларына, 10-12 кісіден тұратын топқа арналған. Бағдарламада бұрыннан белгілі психологиялық ойындар, жаттығулар, тесттер, әдістемелер ұсынылған.

1 сабақ.
Тақырыбы: «Ұлттық біріңғай тестілеу»

Мақсаты: Мектеп бітірушілердің ҰБТ ерекшеліктерімен таныстыру.

Кіріспе
Жаттығу «Ассоциациялар»
Оқушыларға нұсқау беріледі «Ассоциациялар- бұл бір сөз естіген, бір нәрсені көрген бойда келетін ойлар. Сіздің алдыңыздағы қатысушы айтқан сөзге ассоциациялар табуыңыз қажет. Көп ойланудың қажеті жоқ, ойыңа келгенін айту керек». Мысалы: тестілеу.

Психолог: Жақын арада сіздердің сабақтарың аяқталып, емтихан тапсырасыздар. Емтиханды Ұлттық біріңғай тестілеу арқылы тапсырасыз. ҰБТ туралы не білгілерің келеді?

Мағлұмат беру
 ҰБТ- бұл белгілі пәндер бойынша тапсырылатын ақысыз емтихан. ҰБТ-ның көрсеткіші аттестатқа түседі және ЖОО түсу үшін де есептеледі. ҰБТ- өту кезінде барлық Қазақстан бойынша біріңғай тапсырмалар беріледі, нәтижесі компьютер арқылы тәуелсіз шығарылады. ҰБТ-ның өту барысында тұрақты жұмыскерлік, жұмысты ұйымдастырушылық, зейіннің шоғырлануы, ауысуы, мобильдікті қажет етеді. Тестілеу кезінде қатан тәртіп ережесін сақтауы тиіс!

Диагностикалық жұмыс.
Тест: «ҰБТ –ның өту барысы және ережелері».
1. Емтихан үстінде пайдалануға болмайды...
а) ұялы телефон, пейджер, калькулятор
ә) тест материалдары
б) қара түсті қаламмен
2. Емтиханға алып келу қажет...
а) ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама; жеке басын куәландыратын құжат; қара сиялы қалам;
ә) шпаргалка, кітап
б) персоналды компьютер
3.Емтихан кезінде тәртіп бұзған оқушы...
а) бұрышқа тұрады
ә) емтиханнан шығарылады
б) айып пұл төлейді
4. Емтихан кезінде аудиториядан шығу үшін кімнен рұқсат сұрау керек ?
а) кезекшіден
ә) досыңнан
б) мектеп директордан
5. Қате жібермеу үшін алдымен жауаптарды...
а) алақанға жазып алу керек
ә) жауап парағының артына
б) сұрақ кітапшасының ішіне белгілеуге болады
6. Емтихан кезінде сұрақ туындаса...
а) қол көтеру керек
ә) шапалақтау керек
б) ысқыру керек
7. Жауап парағын немен толтырады?
а) қара түсті қаламмен
ә) қарындашпен
б) қызыл түсті қаламмен
8. Емтихан кезіндегі сенің әрекетің...
а) сөйлесу; орныңан тұру; орныңды ауыстыру;
ә) кезекшінің мұқият тыңдап, берілген ңұсқау бойынша әрекет ету
б) емтихан материалдарымен алмасу; анықтамалық
материалдарды қолдану
9. Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін қай кезге дейін қабылданады ?
а) келесі күнгі сағат 13-ке дейін
ә) жыл бойы
б) бір апта бойы
10. Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беруші өзімен бірге қандай құжаттар алып келу керек ?
а) жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын
ә) РНН, СИК
б) туу туралы куәлік


Пікір алмасу.
ҰБТ-ның жақсы жақтары. ҰБТ -ның маған әкелер көмегі . Дәстүрлі емтихан тапсырудан ҰБТ-ның артықшылығы.

Жаттығу «Менің мақсатым»
Мақсаты: Оқушылардың жетістікке ұмтылысын күшейту.
Нұсқау: «Бірнеше минут тыныштық сақтап ойланып алу қажет. Неге қол жеткізгіңіз келетіні туралы ойланыңыз, нені үйренгіңіз келеді. Өз ойыңызды мимика арқылы қалай жеткізер едіңіз ? Басқа қатысушылар сіздің не туралы айтқыңыз келетінін табуы керек».
Анализ:
-Ең маңызды мақсатты белгілеу қиын болды ма?
-Өз мақсатыңа жету үшін не істеу керек?
-Сіздің мақсатыңыз тым жоғары немесе тым ұсақ емес пе ?

Рефлексия
Қорытындылау. Оқушылар сұрақтарға жауап қайтарады:
-Өзіңізді қалай сезініп отырсыз?
- Не ұнады, не ұнамады?
-Жаңа не білдіңіз?

2 сабақ.

Тақырыбы: «Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»

Мақсаты: Стрестік жағдайлардағы мазасыздану деңгейін төмендету
жолдарымен таныстыру
Қажет материалдар: доп, парақ және қаламдар.

Жаттығу: «Ең қиыны...»
Психолог: Қолына доп тиген кісі «Емтиханда ең қиыны...» -сөйлемін жалғастырып, келесі қатысушыға допты лақтыру керек.

Сауалнама. «Емтиханға дайындық. Стреске қарсы қалай күресуге болады».

Мақсаты: Оқушылардың осы тақырыпқа байланысты білімдерін анықтау.
1. Қалай ойлайсын, сен стреске бейімсің бе?
2. Стресс туралы оқыдың ба?
3. Стрестің белгілерін білесің бе?
4. Стресс қандай әсер ететінін білесің бе ?
5. Стресті жеңуге көмектесетін жаттығуларды білесің бе?
6. ҰБТ туралы ойлағанда сенде қандай сезім пайда болады?

Психолог: Оқушы емтихан үстінде қатты мазасызданады, уайымдайды, қорқады. Осының бәрі ойын жинақтауға, зейінін шоғырландыруға кедергі келтіреді. Бірақ, бұның бәрін реттеуге болады. Бүгін біздер емтихан үстіндегі стресті жеңуге көмектесетін жаттығулармен танысамыз.
Мазасыздануды төмендетуге арналған бірнеше тәсілдер бар, соның бірі- аутотренинг.

Жаттығу: «Аутотренинг формуласы».
Нұсқау: Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз, алақандарыңызды тізеге қойыңыз. «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.
«Менің оң қолым ауыр» -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.
Қайтадан «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.
Содан кейін «Менің сол қолым ауыр» -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.
Қайтадан «Мен сабырлымын. Мен дайынмын, мен жинақымын. Мен өзіме сенімдімін ! » формуласына ойша қайталаңыз.
Денеңізді қалпына келтіру үшін, жұдырықтарыңды түйіңдер де, бірнеше рет терең тыныс алыңыз.
Анализ: Жаттығуды орындау қиын болды ма?

Қорытындылау. Рефлексия.
Психолог: Бүгін біз мазасыздануды төмендетуге арналған жаттығудың біреуімен ғана-аутотренингпен таныстық. Келесі сабақта біз басқа да психологиялық жаттығулармен танысамыз.

3 сабақ.

Тақырыбы: «Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»

Мақсаты: Стрестік жағдайлардағы мазасыздану деңгейін төмендету
жолдарымен таныстыру (2 сабақ).

Жаттығу : «Мазасыздану және сабырлылық»
Мақсаты: Оқушыларға мазасыздану кезінде өзідерін қалай сезінетініне назарын аудару.
Оқушылар көздерін жұмып отырады да, өздерін қатты мазасызданған, қобалжыған сәттерді естеріне түсіреді. Осы кезде не сезініп отырғандарына көңіл аудару қажет.
Содан кейін өздерін жәйлі сезінген кезін естеріне түсіріп, қандай сезімде болғандарына көңіл бөлу керектігі айтылады.
Жаттығуды орындап болған соң оқушылар оз пікірлерін айтады.

Мағлұмат беру.
Мазасыздану- емтихан кезіндегі жадының, зейіннің нашар болуының басты себебі. Әр адам мазасыздануды басу жолдарын білгені дұрыс. Кейде мазасыздануды төмендету үшін денеңді босансыту да жеткілікті болады. Бұл әдіс релаксация деп аталады. Дененің бұлшықеттерін босансыту немесе тыныс алу арқылы да релаксация жасауға болады.

Диагностикалық жұмыс.
Әдістеме: Реактивті мазасыздануын бағалау.
\Ч. Спилберген, Ю. Ханин\
Мақсаты: Реактивті және тұлғалық мазасыздануын анықтау.
Аты-жөні: Өткізілген күні:
Нұсқау: Төмендегі берілген пайымдауларды мұқият оқып, дәл осы кезде өзіңізді қалай сезініп отырғаныңызды білдіретін, оң жағында берілген санның астын сызыңыз. Сұрақтарға ұзақ ойланбаңыз, себебі дұрыс немесе дұрыс емес деген жауаптар болмайды.
А- Жоқ, олай емес; В- мүмкін, солай; С-дұрыс; Д- өте дұрыс;

№ Пайымдаулар А В С Д
1 Мен байсалдымын 1 2 3 4
2 Маған еш қауіп төнбейді 1 2 3 4
3 Мен мазасызданып отырмын 1 2 3 4
4 Мен өкініш сезінемін 1 2 3 4
5 Мен өзімді еркін сезінемін 1 2 3 4
6 Менің көнілім жоқ 1 2 3 4
7 Болады деген қиыншылдықтарға мазасызданамын 1 2 3 4
8 Өзімді сергек сезінемін 1 2 3 4
9 Өзіме риза емеспін 1 2 3 4
10 Мен өзіме іштей қанағаттанамын 1 2 3 4
11 Мен өзіме сенімдімін 1 2 3 4
12 Мен мазасызданамын 1 2 3 4
13 Мен орын таппай мазасызданамын 1 2 3 4
14 Мен қатты қобалжып отырмын 1 2 3 4
15 Мен еш толқып отырған жоқпын 1 2 3 4
16 Мен ризамын 1 2 3 4
17 Мен уайымдап отырмын 1 2 3 4
18 Мен қатты қобалжып отырмын 1 2 3 4
19 Мен қуаныштымын 1 2 3 4
20 Маған бәрі ұнайды 1 2 3 4

Әдсітеме: Тұлғалық мазасыздануын бағалау.
\Ч. Спилберген, Ю. Ханин\
Мақсаты: Реактивті және тұлғалық мазасыздануын анықтау.
Аты-жөні: Өткізілген күні:
Нұсқау: Төмендегі берілген пайымдауларды мұқият оқып, әдетте өзіңізді қалай сезініп отырғаныңызды білдіретін, оң жағында берілген санның астын сызыңыз. Сұрақтарға ұзақ ойланбаңыз, себебі дұрыс немесе дұрыс емес деген жауаптар болмайды.
А- Жоқ, олай емес; В- мүмкін, солай; С-дұрыс; Д- өте дұрыс;

№ Пайымдаулар А В С Д
21 Мен қанағат тұтамын 1 2 3 4
22 Мен әдетте тез шаршаймын 1 2 3 4
23 Мен аяқ асты жылай саламын 1 2 3 4
24 Мен басқалардан бақытты болғым келеді 1 2 3 4
25 Кей уақытта жеделшешім қабылдай алмағандықтан ұтыламын 1 2 3 4
26 Әдетте, мен өзімді сергек сезінемін 1 2 3 4
27 Мен байсалдымын, сабырлымын және жинақымын 1 2 3 4
28 Алда күтіп тұрған қиыншылықтар мені өте мазалайды 1 2 3 4
29 Мен болар-болмас нәрсеге мазасызданамын 1 2 3 4
30 Мен өте бақыттымын 1 2 3 4
31 Не болмасын, бәрін де шын көріп қабылдаймын 1 2 3 4
32 Менің өзіме деген сенімім жеткіліксіз 1 2 3 4
33 Әдетте мен өзімді қауіпсіздік жағдайда сезінемін 1 2 3 4
34 Жанжалды сәттерден, қиын жағдайлардан бойымды аулақ ұстаймын 1 2 3 4
35 Менде сарыуайымшылдық-көңілсіздік болады. 1 2 3 4
36 Мен ризамын 1 2 3 4
37 Кейбір ұсақ-түйек мәселелер көңілді бөліп, толғандырады 1 2 3 4
38 Көңілім қалса, қатты ренжеймін, содан кейін ұзақ уақыт ұмыта алмаймын 1 2 3 4
39 Мен байсалды, біркелкі адаммын 1 2 3 4
40 Өз іс-жұмысымды ойлап, қам жей бастасам, қатты мазасызданамын 1 2 3 4

Кілті:
Реактивті мазасыздану (РМ) және тұлғалық мазасыздану (ТМ) мынадай формуламен есептеледі:
РМ =Е1 - Е2 +35
Е1 – 3,4,6,7,9,12,13,14,17,18;-пайымдауларының суммасы
Е2 -1,2,5,8,10,11,05,16,19,20;- пайымдауларының суммасы
ТМ=Е1 - Е2 +35
Е1 –22,23,24,25,28,29,31,32,34,37,38,40-пайымдауларының суммасы
Е2 -21,26,27,30,33,35,36,39;- пайымдауларының суммасы

Интерпретация.
30-ға дейін –төмен мазасыздану.
31-45-орташа мазасыздану.
46-дан жоғары –жоғары мазасыздану.

Жаттығу : «Бұлшықеттер релаксациясы»
Мақсаты: Бұлшықеттерді босансытуды үйрету.
Нұсқау: «Ыңғайланып отырып, алақандарыңды тізелеріңе қойып, көздеріңді жұмып отырыңыз. Бар назарыңызды қолдарыңызға аударыңыз. Қолыңның жылуын сезініңіз. Қолдарың жылы, және ауырлағанын сезінсеңіз, денеңіздің босансығанын белгісі».
Анализ: Қандай сезімдер сізде пайда болды ? Нәтижеге жете алдыңыз ба?

Жаттығу : «Тыныс алу релаксациясы»
Мақсаты: Тыныс алу арқылы мазасыздануды төмендетуге үйрету.
Нұсқау: Ыңғайланып отырып, көзді жұмып отыру қажет. 4-ке дейін санап жәймен ауаны ішке сорамыз, демді бірнеше секундқа ұстап тұрып, 4-ке дейін санап шығарамыз.
Анализ: Қиындықтар болдыма ? не сезіндіңіз?

Жаттығу : «Бір заттқа назар аудару»
Мақсаты: Медитация арқылы мазасыздануды төмендетуге үйрету.
Нұсқау: «Бір затты таңдап алып, алдыңа қойып, еш нәрсеге алаңдамай 4 минут бойы назарыңызда ұстау керек »
Анализ: Жаттығуды: орындау қиын болды ма ?
Жаттығуды орындауда не кедергі болды ?

Рефлексия:
Оқушыларға мына сұрақтарға жауап беру сұралады.
-Өздеріңді қалай сезініп отырсыңдар ?
-Мазасыздануды басу үшін пайдалынатын қай жаттығу сен үшін тиімді болды деп есептейсің ?
- Қандай қиындықтар кездесті ?

4 сабақ
Тақырыбы: «Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдері»

Мақсаты: Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдерімен оқушыларды таныстыру.

Керекті құралдар: Парақтар, түрлі түсті қарындаштар, күннің суреті.

Жаттығу «Суретті аяқта да жалғастыр».
Мақсаты: Жүйке-психикалық күшті түсіру, топтың белсенділігін арттыру.
Нұсқау: «Бір ақ парақтан және өзіңізге ұнайтын түсті қарындашты таңдап алыңыз.Мен шапалақ соққанда ,өзіңіздің қалауыңыз бойынша, сурет салыңыз. Мен келесі шапалақ соққанда суретіңіз бен қарындашыңызды оң жағыңдағы көршіңе бересіз. Сурет шеңбер бойымен айналып қожайынына келгенше жаттығу жалғасады.
Мүмкін біреу өзінің суретін жалғастырғысы келетін шығар, өзгерткісі келетін шығар. Немесе қайтадан салғысы келетін болар? »
Анализ:
Сізге суретіңіз ұнадыма? Өз ойларыңызбен бөлісіңіз.
Басқа адамның суретін жалғастыру қиын ба?

Мағлұмат беру.
Психолог: Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдерінің бірі босансу. Өткен сабақтарда біз бірнеше жаттығуларды үйрендік. Жүйке күшін түсіру үшін, адамға өз-өзін ұстай білуі көмектеседі.
Жаттығу «Эксперимент»
Мақсаты: Өзін-өзі ұстауға үйрету.
Әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз үйлестіріледі және мәтінді оқу тапсырмасы беріледі.
Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3 қатар үзіндіні оқу керексіз:

ЖОСпарҒАСӘйкесТІІС-шараЛАРАТҚАрылды
ОТансүйГІШТІКкеТӘУЕЛсізДІКтіқұрметТЕУГеөзеЛІНІҢБелсенДІАЗАМатыболУҒАтәрбиеЛЕУМАҚСАтымеНТАНЫМдыҚКОНФЕРЕнцияӨЗДЕңгейІНДЕӨтті
сынЫПЖЕТЕКШілерәРСЫНЫПтатаЛДАПТҮсіндіРУНАСИХАттаужұмЫСТАРынжүРГІЗді

Анализ:
Тапсырманы орындау оңай болды ма?
Тапсырманы тез орындау үшін сізге қандай қасиет көмектесті?
Өз-өзін ұстауды дамыту үшін не істеу керек?

Жаттығу : «Ааааа»
Мақсаты: Тиімді тәсілдермен стресті жеңу.
Нұсқау: «Терең тыныс алыңыз.Өкпеге ауа жинап алып, демді шығарған кезде «Аааааа»-деп әндетіңіз. Ауамен бірге сіздің ішіңізден шаршағаныңыз шығып кеткендей етіп сезініңіз. Ал, ауаны ішке сорған кезде, ауамен бірге қуанышты ойларды да сорып жатқандай сезініңіз ».
Анализ:
Өз сезіміңіз туралы айтып беріңіз.

Жаттығу: «Сілкіп таста».
Мақсаты: Жағымсыз, негативті сезімдерден ойлардан айырылу.
Нұсқау: «Жағымсыз, негативті ойлардан айырылу үшін оңай тәсілмен таныстырғым келеді. Алақандарыңызды, қолдарыңызды, иықтарыңызды сілкіп қағыңыз. Қаққан кезде барлық жаман ойларды, сезімдерді сілкіп түсіріп тастап жатырмын деп ойлаңыз. Содан кейін аяқтарыңызды сілкіңіз. Басыңызды сілкіңіз, бетіңізді сілкіңіз. Барлық жағымсыз ойлардан, сезімдерден айырылдым деп ойлаңыз».
Анализ: Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?

Рефлексия.
Жаттығу «Келесі кездескенше»
Мақсаты: Қорытындылау, қатысушылардан жауап алу.
Нұсқау: «Менің қолымдағы күн төңірегіне шуағын, жылуын, шапағатын шашып тұр. Сіз бір-біріңізге осы күнді сыйлап бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңызбен, сезімдеріңізбен бөлісуге болады. Жылы тілектеріңізді айтуға болады».

5 сабақ.

Тақырыбы: «Емтихан үстіндегі сенімділік»

Мақсаты: Өз-өзіне сенімін арттыру.
Керекті құралдар: Парақтар, түрлі түсті қарындаштар, қаламдар.

Ойын: «Шапалақ».
Оқушылар, үзіліс жасамай, бірінен соң бірі шапалақтарын соғу керек.

Мағлұмат беру:
Психолог: Емтиханды сәтті тапсыру үшін өз-өзіңе сенімді болу керек. Өз-өзіңе сенімділікті релаксация, аутотренинг арқылы арттыруға болады. Оған қоса сыртқы түрің, өзіңді ұстауың да сай болуы керек.

Диагностикалық жұмыс.
Тест: «Сіз қаншалықты өз-өзіңізге сенімдісіз».
Нұсқау: Төмендегі пайымдаулармен танысып, өзіңіз келісетін жауабын белгілеңіз.
1.Сіздің досыңыз сіз туралы теріс пікір айтқанын білсеңіз, сіз:
а) мәселені шешу үшін ыңғайлы сәтті күтесіз
б)қатынасыңызды үзесіз, кездеспеуге тырысасыз
2. Сіз автобусқа немесе трамвайға кіргенде сізді түйіп кетсе,сіз:
а) айқай шығарасыз
б)үндемей алға қарай өтіп кетесіз
е) бәрінің кіргенін күтіп, соңынан кіресіз
3. Сіздің пікіріңізге қарсы пікір айтса, сіз:
б) оны сендіре алмаймын деп, өз пікіріңізді бүгіп қаласыз
д) өз пікіріңізге оны да, басқаларды да сендіруге тырысасыз
4. Сіз жиналысқа кешігіп келдіңіз. Бірінші қатардағы бір орыннан басқасы бос емес, сіз:
б) есік алдында тұрып өзіңізді кешіккен үшін сөгесіз.
д) еш қиналмастан бос орынға отырасыз
е) басқа орын іздеп ұзақ тұрасыз да, бос орынға отырасыз.
5. Сізді қасыңыздағылар өз пайдасына пайдаланатынына келісесіз бе:
д) жоқ
е) иә
6. Таныс емес адаммен әңгіме бастау сіз үшін қиын ба?
д) жоқ
е) иә
7. Сіз сапасы төмен зат сатып алдыңыз. Сіз оны сатушыға оңай қайтара аласыз ба?
б) жоқ
в) иә
8.Басқа адамдарды сізге қарағанда өзіне сенімді деп айтуға болады ма?
д) жоқ
е) иә
9.Сіздге зияны тиетін жұмысты орындауды талап етеді. Сіз одан оңай бас тарта алсыз ба?
б) жоқ
в) иә
10. Танымал адаммен әңгімелесу мүмкіндігіңіз бар, сіз:
д) мүмкіндікті пайдаланасыз
е) пайдаланбайсыз
11. Бір мекемеге телефон шалуыңыз қажет,сіз:
б) бір сылтау тауып қашқақтайсыз
в) қиналмай телефон шаласыз
е) көп ойланып барып телефон шаласыз
12. Сізді әділетсіз төмен бағалады,Сіз:
б) үнсіз уайымдайсыз
г) оқытушымен баға жөнінде таласасыз
13. Тақырыпты түсінбесеңіз,сіз:
б)ақымақ көрінемін деп, сұрақ қоймайсыз
в)түсіндіріп болған соң бірден сұрақ қоясыз
г) оқытушымен оңаша қалып, сұрағыңызды қоясыз
14. Кинотеатрда қасыңызда отырған кісілер дауыстап әңгіме айтып отыр, сіз:
б)шыдамыңыз тауысылған соң айқай саласыз
в)сөйлемеуді өтінесіз
е)үнсіз шыдайсыз
15. Кезектен тыс, біреу сіздің алдыңыздан кіріп бара жатыр,сіз:
б)үндемей қаласыз
д)ескерту жасайсыз
16. Сізге қатты ұнайтын адаммен оңай сөйлесе аласыз ба?
б)не айтарымды білмей қатты қиналамын
в)оңай
г)басында қиналамын, үйреніп кеткеннен кейін оңай сөйлесіп кетемін
17. Сіз саудаласу білесіз бе?
а) иә
б) жоқ
18. Баяндама оқып тұрғанда сіз қатты қобалжисыз ба?
б) жоқ
д) иә
19. Сізді жақсы істелген жұмыс үшін мақтайды,сіз:
б)не айтарыңызды білмейсіз
д)мақтағаны үшін рахмет айтасыз
е)қатты ұялып, рахмет айтасыз.
20. Жақсы білетін пәніңізден қандай емтихан тапсырар едіңіз:
а) ауызша
б) жазбаша
в) мен үшін еш айырмашылығы жоқ.

Кілті: «а»3 балл, «б»-0 балл, «в»-5 балл, «г»-2 балл, «д»-4 балл, «е»-1 балл.
Интерпретация:
12 балдан төмен -өз-өзіңе тым сенімсіз.
12-32 балл -өз-өзіңе сенімділігі төмен
33-60 балл- өз-өзіңе сенімділігі орташа
61-72 балл- өз-өзіңе сенімділігі жоғары
72 балдан жоғары - өз-өзіңе сенімділігі өте жоғары

Жаттығу «Сенімді және сенімсіз мүсін»
Мақсаты: Сенімділік туралы білімдерін нығайту.
Нұсқау: «Метептің алдына екі мүсін қою керек, деп елестетіп көріңіз. Біреуі «Сенімділік», екіншісі «Сенімсіздік». Біз бүгін мүсіншінің роліне енеміз. Екі топқа бөлініп, бір топ «Сенімділік» мүсінін, екінші топ «Сенімсіздік» мүсінін жасаймыз. 4 минуттан кейін әр топ өз мүсінін көрсету керек. Содан соң «өзіне-өзі сенімді адамды» сипаттап, ватманға жазу керек.

Жаттығу «Менің ресурстарым»
Мақсаты: Емтихан үстінде өзінің сенімділігін арттыратын жеке қасиеттерін ашу.
Нұсқау: «Парақты екіге бөліп, бір жағына «Менің жақсы қасиеттерім»-деп жазыңдар. Осы графаға өздіріңнің мақтанарлық жақсы қасиеттеріңді жазыңдар, тапсырманы орындап болған соң , парақтың екінші жағына «Емтихан үстінде маған тиер көмегі»-деп жазып, әр қасиетіңіз емтихан кезінде саған қалай көмектесетінін жазыңыздар. Тапсырманы орындап болған соң, қалауынша, оқушылар топқа өз жазғандарын таныстыра алады».

Жаттығу: «Қуана еске аламын».
Мақсаты: Оқушылардың өз-өзіне сенімділігі төмен болған жағдайда, өзін сендіруге уйрету.
Нұсқау: «Бұл жаттығуды өзіңе сенімсіз болған жағдайда орындау қажет. Бұрын болған ұқсас жағдайларды есіңізге түсіріп: «Мен одан да қиын жағдайлардың шешімін тапқанмын. Осыны да шеше аламын!»-деп өзіңізді сендіріңіз.

Жаттығу: «Сенімділік бейнесі».
Мақсаты: Өзіне деген сенімін арттыру.
Нұсқау: «Көздеріңді жұмып, сіз үшін сенімділіктің символы қандай екенін ойлаңыз. Енді соны суретке салып беріңіз». Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз суреттерін көрсетіп, қысқаша түсіндіріп беруі сұралады.
Анализ:
-Не оңай болды, неден қиналдыңдар ?
-Осы символ сізге қалай көқмектеседі ?

Оқушылар айта алмаса, осы символды қиын жағдайда еске түсіріп, өзіңе деген сенімділігіңді арттыруға болатынына ойларын жеткізу керек.

Рефлексия:
«Мен үшін сенімділік...» сөйлемді жалғастыру сұралады.

Емтиханға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес.
• Емтихан туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.
• Емтихан сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.
• Алдын ала: «Тапсыра алмасам не болады ?»-деп уайымдамаңыз
• Емтиханнан өмірлік мәселе жасамаңыз.
• Емтихан үстінде ішкі дауысыңызға ерік беріп: Мен тапсыра алмаймын . Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті- деген ойларға батпаңыз.

Емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше кеңесті тыңдаңыз !

• Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап, тапсырмаларға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа.
• Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңнын сапасына әсер етпеу керек.Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал.
• Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысқа кірісе аласын.
• Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады.
• Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан қате жіберуің мүмкін.
• Кезекті тапсырманы ойла! Жаңа тапсырмаға кірісер алдында басқаларын ұмыт. Әр жаңа тапсырма сенің ұпай жинауыңна мүмкіндік.
• Шығарып таста! Тапсырманы орындау барысында, бірден дұрысжауап іздемей, дұрыс емес жауаптарын шығарып таста. Сонда бір екі жауаптан дұрысын табу жеңілрек болады.
• Уақыт алып қал! Уақытыңнын 2/3 бөлігін жеңіл тапсырмаларды орындап, барынша жоғары нәтижеге жетесің, Қалған уақытты күрделі тапсырмаларға қалдыр.
• Тексер! Жауаптарыңды тексеруге уақыт бөл.
• Тап! Егер жауабын білмей отырсаң, интуицияңа сен. Осы дұрыс болар деген жауабын таңда.
• Мұңайма! Барлық тапсырманы дұрыс орындап үлгеру қиын. Жақсы бағаның өзі жеткілікті болуы мүмкін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.