Меню
Назад » » »
Мектеп ұжымында жағымды қарым-қатынас орнату жолдары
загрузка...

загрузка...
Мектеп ұжымында жағымды қарым-қатынас орнату жолдары
1) Өзара түсіністік өнері.
2) Амандасу
3) Жаттығулар
Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі
Мақсаты:Өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: қабылдарлық формада ашуды тарқатуға уйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия.
Амандасу: Топ мүшелерінің алғашқы кезеңдерінде болатын ауыртпалықты сейілту, топ мүшелерінің белсенділігін арттыру.
- Европоидтар (кол алысу арқылы)
- Монғолоидтар (екі қолды түйістіріп тізе бүгу арқылы)
- Негроидтар (мұрын түйістіру арқылы)
Жаттығулар: «Кішкентай ергежейлі» ойыны. Жүргізуші қатысушыларға кішкентай кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізушы қол соққанда , қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады.
Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады.
Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.
«Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Шеңбер бойымен отыру. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолынан ұстап, мына сөздерге жауап алуы тиіс.
- «Бүгінгі тренингтен не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» Әрі қарай шеңбер бойымен осылай жалғасады.
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
«Достық алақаны» Мақсаты: Жас ұстаздардың жаңа ортаға бейімделуін байқау. Алдын-ала қағаздарда тәжірибелі ұстаздардың алақан бейнелері салынып алынады. Шетіне қол қойылады.
- Бұлр арамыздағы тәжірибелі ұстаздар. Сіздерге тапсырма, бір ғана сөзбен осы мұғалімдердің қандай қасиеттерін жоғары бағалайсыздар.
«Біз бір ұжымбыз» бірлесіп сурет салу. 4 топқа бөлініп, белгілі бір уақыт ішінде үндемей сурет салу. Аяқтағасынтоп ішінен біреуі вербальды емес әрекеттер арқылы түсіндіру.
Релаксация «Сенімділік» (Әуенді терапия)
Рефлексия. Бүгінгі тренинг бойынша ойларын білу.
Қорытынды: «Бақыт деген не?» деген сауалдың «Бақыт деген таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауабын естіген шығарсыз. Расында да, сүйікті жұмысыңызға, қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан соң жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққанымыз, көңіліміздің тыныштығын білдірмей ме? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Мектеп ұжымында жағымды қарым-қатынас орнату жолдары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Психологиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 392 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar