Меню
Назад » » »
Менің көңіл-күйім
загрузка...

загрузка...
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы, Тасқала ауылы
МКҚК «Тасқала колледжі»
психология пәнінің
ІІ санатты оқытушысы
Закишева Айнаш Куанышевна

Жас мұғалімдермен жүргізілген «Менің көңіл-күйім» тренинг-сабағының қорытындысы

Мақсаты: Қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым -қатынас орнату. Шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту. Релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу. Жаңадан келген мұғалімдерді ортаға қосу, педагогикалық ұжыммен жақыңырақ таныстыру.
Жабдық: Кішкентай парақтар, скотч, қайшы, қара түске боялған ватман, әртүрлі көлемді жұлдыздар, ән жазалған парақшалар, майшам, сірке.
Жүргізілу уақыты: 1 сағат.

«Менің визиткам» жаттығуы
Қатысушыларға өздерінің визиткалары үлестірілді, тренинг-есімдерін айтып естеріне түсіруге уақыт берілді. Бірінші рет қатысып отырған жаңа қатысушыларға тренинг-есімдерін жазу үшін кішкене таза парақ берілді. Жаңа қатысушыларға тренинг-есім ойластырып, танысуға уақыт берілді. Жаңа тренинг-есімдер:
Белгин Нұрсейт Жакупович – Ситөк
Турегелдиев Талғат Камешович – Ақтәлөк
Избанова Бибигүл Бимурзиевна – Бапөш
Валиева Жадыра Бақытжановна – Жадөк
Дүйсенов Жанкелді Серикбаевич– Жанкел
Елесова Рима Бериковна-Римочка
Хайруллина Тұрсын Құбайдулиевна-Тұрсынжан
Сагидуллин Мереке Батырханович-Мишка
Габдуллин Бектемір Нұрымович-Бекет
Рахметулов Берік Романович-Бекөн

«Ерекше сәлемдесу» жаттығуы
Қатысушылар үш топқа бөлініп, әр топ көңілді қимыл және сәлемдесу сөздер ойластырды, ал қалғандары оны қайталады.
Мұғалімдер жаттығуға белсенді қатысты, бір –бірінін қимылдарын дәл солай қайталауға тырысты. Әр топ жаңа, бірнеше қимылдан тұратын ерекше сәлемдесу әзірледі, өте күлкілі болып шықты. Қатысушылардың көңілдері көтерілді.
«... орындарымен аусады» ойыны
Қатысушылар шеңбермен отырды. Жүргізуші ортада орындықсыз тұрды. Оның мақсаты: өзіне орындық тауып алу. Ол үшін ойыншы, мысалы, сақина кигендер орындарымен аусады, әлде қара киім кигендер орындарымен аусады т.б. сөйлемдер айтқан кезде, отырған ойыншыларда айтылған сөзге сәйкес нәрсесі болса орындарымен тез-тез аусу керек. Сол кезде жүргізуші жылдам біреудін орнына отырып алу керек. Орындықсыз қалып қойған қатысушы ортаға тұрып өз сөйлемін айтады.
Бұл ойынға мұғалімдер өте белсенді қатысты. Көңіл-күйлері көтеріліп, жақсы сезімге баулыды.

«Құлап бара жатқан мұнара» жаттығуы
Бұл ойын әр мұғалімнің ұжымға қаншалықты сенетіндігін анықтау мақсатында жүргізілді. Мұғалімдер екі топқа бөлінді. Ортаға бір мұғалімнен тұрып, шалқасынан құлайды. Құлағанда қорықпау, қадам жасамау керек. Артында тұрған қатысушылар қай жаққа итерсе, сол жаққа қорықпай құлаған қатысушы толығымен ұжымға сене алатындығын көрсетеді.
Мұғалімдер бұл ойынға қызығушылықтарын танытып қатысты. Ортаға шыққан мұғалімдердің барлығы да ұжымға толығымен сенетіндіктерін көрсетті. Олар:Закишева А К ;Мұстафин А А ;Раисова Г К ;Бакитов Т К ;Сүндетбаев Н Р;Джубандыков Н Н ;Габдуллина Т Д;Образков С В;Мұсагалиев М К ;Латиева Б Т;Хайруллин Қ М.
«Әр қайсысымызда мәселелер бар» жаттығуы
Қатысушылар шеңбермен отырып, көздерін жұмып «м-м-м-м...» дыбысын шығарып отырып, өз мәселелері туралы ойлап және де негативті ойларын осы дыбыс арқылы шығарып отырды.
Тез аяқтаған да, көп «м-м-м...»-дап отырған қатысушылар болды, бірақ тез болған ойыншылар қалғандарының аяқтағандарын тыныш күтіп отырды.
«Әнді түсін» жаттығуы
Қатысушылар үш топқа бөлінді. Әр топқа белгілі бір әннің сөздері жазылған парақтар үлестірілді. Әр топ өз әнің қимыл-жестпен көрсетті. Қалған топтар қандай ән екенің тауып, бірге қосылып сол әнді шырқады.
«Ана туралы жыр» әнің қатысушылар көпке дейін таба алмай отырды, бірақ бірнеше мүмкіндіктен соң түсіне алды. Қатысушылар әндерді қызығушылықтарын танытып тапты, әндеткен кезде көңілдері жадырап отырды.
«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, босаңсу, оптимист болу мүмкіндіктерін ояту.
Көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет терең дем алып, шығарыңыздар (әуен жіберіледі).
Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіздер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз, ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.
Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт, қуаныш, сәттілік, серпіліс сәттерін еске түсірген шығар?
Тағы да жұлдызыңды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз! Және сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға қол жеткізесің. Аспаннан мұқият түсіріп алып, алдыңызға ептеп қойыңыз, жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.
Енді екі қолыңыздың алақанымен тізеңді, сирақ бойы, аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз. Көзіңізді ашыңыз, қағаз алып, түрлі түсті қарындаштармен өз жұлдызыңды әдемілеп салыңыз. Қиып алып, біздің жұлдызды аспанымызға орналастырайық.
Енді құрметті ұстаздар, сіздің әрқайсысыңыдың әдемі жұлдыздарыңыз әр тренинг сайын бізге мейірімділік, достық, өзаракөмек, қолдау сәулесін шашып тұрады. Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар бір-біріне ұқсамайды, яғни өзіміз сияқты алуан түрлі.

«Майшаммен тілек айту» жаттығуы
Жанып тұрған майшамды қатысушылар кезектесіп оң жақтағы көршісіңе беріп өзінің тілегін айтты.

Тренинг-сабақ қойылған мақсатына жетті. Мұғалімдер сабақта ұсынылған барлық ойындар мен жаттығуларға қызығушылықтарын танытып, белсенді қатысты. Сабақ аяқталған соң қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп рахметтерін айтты. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Менің көңіл-күйім можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Психологиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 379 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar