Меню
Назад » » »
Өмір бір - ақ рет беріледі.
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: Өмір бір - ақ рет беріледі.
Мақсаты:
- Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
- Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту.
- Балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастар қалыптастыру
Әдіс - тәсілі: Әңгіме, сұрақ - жауап, психологиялық тренинг.
Түрі: психо - профилактикалық
Көрнекілік:
Тренинг барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі(Кіріспе сөз)
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды.

І. Ұйымдастыру кезеңі(Кіріспе сөз)
Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.
Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.
ІІ. Негізгі бөлім
-Балалар қалай ойлайсыңдар, сахнаға шыққан әрбір өнер жұлдызының өнеріне тәнті болған көрермендер оған қошемет көрсеткенде , ол қандай сезімге бөленеді екен? Өздерің де осындай сезімге бөленгілерің келе ме? Ендеше барлықтарыңды ортаға шеңбер бойына шақырамын. Қазір сағат тілінің бағыты бойынша менің қасымдағы көршім бас иеді, ал қалғанымыз оның атын атап, бірдей ду қол шапалақ ұрамыз, яғни барлығымыз оған қошемет көрсетеміз.
Талдау: Қандай әсерде болдыңдар?
«Ауыр жүк» жаттығу
Мақсаты: Кедергілерді сезіне біле отырып, оларды болдырмау жолдарын үйрету.
Жүргізуші:
-Ортаға кез-келген белсенді 3 қатысушыны шақырамын.Қазір сендер бастарына мына заттарды қойып ,ары-бері жүріп көріңдер.Тағы да үздіксіз жүре береміз.
Талдау: Не сезіндіңдер?
Сендерге не кедергі болды?
Оқушыларға жаттығу барысын түйіндеу: Көпшілігіміз басымызға түскен қиын сәттерде, қатты уайымдап, мазамыз кетеді, бойымызды жағымсыз эмоциялар, яғни өздерің жаңа ғана түйсінгендей кедергілер билеп алады.Бұл сезімді біз жеңу үшін ең алдымен бойымызға адамгершілік рухани құндылықтарды дарыта білуіміз керек. Өмір болғаннан кейін ол бізге бақыт пен байлық бере бермейді, алдағы уақытта өмірге шыңдалсын деп, не болмаса сабақ болсын деген ниетпен қиын сәттерді де береді екен. Сондықтан өз өмірлеріңдегі болған қуанышты сәттерді қанағат тұта біліңдер.
«Өз-өзіңе мақтау» сөз жаттығу
Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту.
Нұсқау: Оқушыларға өз есімдерін жазбай, алдарындағы бетке «Мен» деп басталатын өз-өздерін мақтайтын сөздер жазу ұсынылады. Жазып болған соң оны умаждап, қорапқа салу ұсынылады. Қорапқа жиналған қағаздарды араластырып, әркім бір қағаздан алып, онда не жазылғанын оқып беру.
Талдау: Жаттығу ұнады ма?
”Ситуациялық сұрақ»
Лида мен Паша бала кезден бірге өскен достар. Лида сынаптағы ең әдемі қыз. Барлығы оған қызыға қарайды. Паша екеуі бір партада отырады. Екеуі бірге үй тапсырмаларын орындайды. Демалыста бірге серуендейді. Бірақ бір күні олар келіспей қалды. Паша біраз уақыт Лида мен араласпайтынын айтып, басқа партаға барып отырды. Лида ертенгісін сабаққа бара жатып , жол бойы Паша туралы ойлады. Оның ойына керемет идея келді. Ол ата анасынан ақша алып туған күн кешін жасамақшы болды. Сабақтан соң ата анасынан Лида ақша сұрады. Бірақ ата анасы оларда қазір біраз қиындықтары бар болғандықтан ,оған ақша бере алмайтындықтарын айтты.
Лида қатты ашуланып, жылап жатып алды. Сол мезетте Лиданың ойына «керемет» ой келді. Мен бұлардың барлығын жазалау керекпін!!
Мен өлем!!!
Сонда барлығы өкінетін болады.!!!
Сұрақ: Лидаға қалай көмектесуге болады.
Лиданың орында болсағ не істер едің?

«Сенімділік» жаттығуы:
Қазір алдарыңызда жатқан парақтарға бастан кешкен проблемаларыңызды жазыңыздар.
Енді оны жыртып мына тұрған қоқыс шелегіңізге тастаңыздар.

Қорытынды:
Балалар бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңыздар.
Бастарыңда қандай қиын жағдай тумасын ең жақын адамдарыңызға айтып, сыр бөлісіңіздер. Шешілмейтін мәселе жоқ.
Қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!Өмірлеріңіз әрқашанда мәнді де, сәнді болсын. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Өмір бір - ақ рет беріледі. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Психологиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 362 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar