Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Тәрбие бастауы - Ана» -

«Тәрбие бастауы - Ана»

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 344 | Просмотров: 2354 | Размер: 227.5 Kb | Автор: Тәрбие
. БҚО Қаратөбе ауданы
Алакөл негізгі орта мектебінің I санатты психологы, қыз балалар
ұйымының жетекшісі Султанкубиева Асемгул Муратовна

Тақырыбы: «Тәрбие бастауы - Ана»
Мақсаты: Ананың қызына беретін үлгі - өнегелері туралы түсіндіру; ананың «бесік жыры» арқылы қыздарды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа баулу жолдарын көрсету.
Түрі: сырласу
Құрметті Аналар, ұстаздар, қадірменді сұлу да әсем арулар «Тәрбие бастауы - Ана » атты сырласу кешіне қош келдіңіздер!
Бүгінгі дүниеге келген кішкентай қыз-ертеңгі сүйкімді бойжеткен, болашақ ана. Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне ерте замандардың өзінде-ақ көңіл бөлген. Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметтеп, олардың дөрекі сөйлемей, ізетті, ұстамды болуды талап еткен. «Қыз өссе – елдің көркі» деп біздің қазақ халқы ежелден қыз баланы аялап, мәпелеп, ерекше құрметтеп, оның нәзік те ақылды болып өсуіне мән берген. Сондықтан бүгін біз осыған орай сырласу кешін ұйымдастырып отырмыз.
Бүгінгі кешіміздің қонақтары:
1. Бірімізге ақылшы ана, бірімізге жанашыр әже - Мукарима әжей
2. Ауылымыздың үлгі тұтар келіні бірімізге ақылшы женге -Айнұр Жақсылыққызы
3. Ауылымыздың дәрігері әрі қамқоршы ана - Гүлбарам Халелқызы
4. Мектебіміздің директоры Тансұлу Қалиқызы
5. Тәжірибелі ұстаз Гүлмайра Сәкенқызы
Кешіміздің тақырыбы да соған байланысты «Тәрбие бастауы - Ана» деп аталады.
Кештің беташарын «Сіңліге сыр» атты өлеңмен ашсам деймін.
1.Осал да болма ойыңнан оңай адасқан,
Өжет те болма орынсыз сөзге таласқан.
Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,
Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан.

Айтарым тағы берік бол сертке бір сөйле,
Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де.
Қыз мінез деген – сұлулық сыры өмірдің,
Жұмбақтай қиын жатқандай болсын бір сенде.

Десекте біздер , жастықтың сырын аз ұқтық,
Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.
Ісіңмен кейін есіңе сақта, жарқыным,
Жеңілме мықты қаруың сенің – нәзіктік.

Қайғының жүгі жаныштап сені жатса да,
Досыңды, «Тағдыр талқысы сол» деп тастама.
Дұшпаның саған ойласа алуан қастандық,
Қалай да өзің жақсылық ойла басқаға.

Қадірлер сонда қалтқысыз танып асыл ер,
Өзгелер сені «адамдық бірі осы»-дер.
Арыңа тиіп, жолыңды кескен тентектер,
Алдыңа келіп өздері кейін бас иер.
Кешіміздің барысы:
1. «Сезім бөлісу сәті » (жақсы қасиеттерді айту)
2. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу, жаднама)
3. «Балалық шақ- бақытты шақ» (аналармен ой бөлісу)
4. «Ананы құрметтеп, нұрға бөлейік...» Дәрігермен, қонақтармен пікірлесу
5. «Бақыт» сырын ұғыну
Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесінің көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық!
ән «Асыл әже» орындайтын 6 сынып оқушысы Темиров.Е
1-ші бөлім «Сезім бөлісу сәті» алдарыңыздағы жүрекке келип отырған қонақтар, аналардың қыздардың бойындағы қандай жақсы қасиеттерін көріп жүрсіздер соны жазасыздар
Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!
Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.-
дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман - Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?!
Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет - жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.
2-ші бөлім «Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу, жаднама)
«Тәрбие – табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алған шындық. Өмір есігін енді ашқан бөбекті жұбату үшін «бесік жыры» айтылған Осы «бесік жыры» арқылы халқымыз өзінің сол бөбекке деген тілегін, үмітін, жақсы азамат болып, өмірден өз орнын тапса екен деген арман білдірген.
Отырысымыздың барысында қыздарға ана мен қыз арасындағы қарым қатынас жөнінде бірнеше сауал қойып пікірлерін білдірсе
1. Жанұядағы саған ең жақын жан кім? Неліктен?
2. Анаңмен сырласып, жеке басыңның сырын ашасың ба?
3. Өзіңді толғандырып, жауабын, шешімін таппай жүрген сұрақтарыңа анаңнан ақыл-кеңес сұрайсың ба?
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт- берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мектептен бастау алғаны нұр үстіне нұр болып отыр. Біз ата-ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан санаған халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе».Ұлттық салт- дәстүрімізді білу,оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.
«Қызым саған айтам...» деген нақыл сөз арқылы өзіміздің дайындаған мына бір ақыл-кеңесімізді өздеріңізге ұсынамыз.
1.Ешқашан да ешкімді жамандама.Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
2.Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар.
3.Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың.
4.Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай нәрсе жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.
5.Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.
6.Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу-дарақылық белгісі.
7.Ауыз шешендік әркімде болады.Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп, көп сөймегені абзал.Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы- бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан, оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны жөн.
9.Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек.Сол сияқты махаббат та өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын қажет етеді.
3-ші бөлім «Балалық шақ- бақытты шақ» (аналармен ой бөлісу)
1.Сіздің балалық шағыңыз бен қазіргі таңдағы қыз балалар тәрбиесінің айырмашылығы бар ма?
Балалық шағыңыздан қызықты әңгімеңіз
Қазақта «Әкемді алсаң ал, құдай, шешемді қой, шекпенімді тоқып берсе де өлмеймін ғой » деген нақыл сөз бар, аналық парызыңызды қалай өтеп жүрсіз?
2. Ана ретінде қызыңызға нені үлгі тұтар едіңіз?
3. «Аяғын көріп асын іш, Анасын көріп қызын ал» деп, ата-бабаларымыз айтып кеткен екен, қызыңызға берген аналық тәрбиеңізге ризасыз ба?
Ән «Ана» орындайтын Мемлекет. С
4-ші бөлім «Ананы құрметтеп, нұрға бөлейік...» Дәрігермен, қонақтармен пікірлесу
1. Дәрігер қыз балалардың тазалық гигиенасын айту
2. Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым – сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған,- деп ақын сөзбен айтқандай, отбасында үлкенді ата-әжесін пір тұтқан
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Қыздар тәрбиесінің көлеңкелі, күңгірт жақтарын қозғайтын болсақ, бүгінгі заманда қазақ қызының тәрбиесінің жағдайы сізді қандай мәселелерімен толғандырады?
4.Жас қыздарымыз көптеген жат қылықтарға ұрынып жүр , сол туралы ойыңыз?
5. Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» деп, оны қамқорлыққа алған, қазіргі уақытта қыздар тәрбиесінде жұмсақтық тіпті жете көңіл бөлмеушілік көрсетіп жүрген жоқпыз ба?
Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөле отырып, ел дәстүрі мен ата-салтына үйрету әр отбасының, сонымен бірге мектептегі ұстаздардың, қоғам алдындағы борышы екенін естен шығармағаны жөн.
5-ші бөлңм «Бақыт» сырын ұғыну
Бақыт дегенді қалай түсінесіздер?
Олай болса ақын ағамыздың ойын тыңдайық
Әр біріңіздің отбастарыңызға «Бақыт», «Қуашыш» тілеймін . Отбасыларыңыздың бақытына бөленіп жүре беріңіздер.
Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым- қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі - жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері - ағысы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас , енді бірі өткір де өжет.
Өмірде ана- бақыт, ана пана пана,талай
Өмірде өркендетер ана ғана .
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Бүгінгі кешімізге келіп ой бөліскен қонақтарымызбен аналарымызға алғысымызды айтамыз.
жанымызға жақын ұстай білейік.

БҚО Қаратөбе ауданы Алакөл ауылы
Алакөл негізгі орта мектебінің I санатты психологы
Султанкубиева Асемгул Муратовна
Тақырыбы: «Қарым-қатынас және өзін-өзі тәрбиелеу»
Мақсаты: Өзін-өзі тану түсіну, ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Өткізу формасы: тренинг
Өтілу барысы
1. Панарин тест
2. Таныстыру»
3. «Джунглидегі жаңбыр»жаттығу
4. «Мен кіммін?» ойын
5. «Тығырықтан шығар жол» сұрақ-жауап
6. «Ата-анамен байланыс кезіндегі ұстаз әрекеті» жаднама
7. «Сіз білесіз бе?» жаттығу
8. «Түрлі-түсті шарлар» аяқталмаған сөйлем
Тренинг ережесі:
1. Өз ойын ашық айту.
2. Өзгенің пікірін құрметтеу.
3. Шынайылық.
4. Белсенді әрекет ету.
5. Өз сезімін басқара білу.
6. Уақытпен санасу.
1. Кіріспе сөз.
Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік
Дүниедегі ең данасы – Уақыт
Ең жеңілі – Біреуге ақыл айту
Ең қиыны - Өзін-өзі тану
Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б. Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпайтынмын, керсінше жақсы әңгімелерін ылғи да айта жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір секілді. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Адамның ішінде оны түрткілеп тұратын бір сайтан ой болады. Бұл ой оған былай деп сыбырлайды: «Неге бұл істі сен ғана істеуің керек? Таста, басқалар істесін», «Сен өз міндетіңді атқардың, қалғаны сенің ісің емес, осы істегенің де жетер!» және тағыда тағылар... Бұл сыбырға ергендер әрдайым есімен тайталасып, салғыласып, ұрысып-керісіп жатады. Ал ұрыс бар жерде ешқандай береке жоқ. «Күл болмаса бүл болсын»дейтін мұңсыз адамдар осындайдан шығады. Өйткені мұндай адамдар «Мені бұл нәрсе қызықтырмайды, маған бәрібір»-дейді. Әрине, мұның бәрі де-бір абырой әпермейді. Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары бар. Өз жан дүниеңе қара. Адам сөйлескенде ең көп «Мен» сөзін қолданады екен. Өйткені бұл оған ұнайды, «Мен сүйттім», «Мен бүйттім» дегеннен адам жалығар емес. Бұл өзіне сенгендік емес керісінше өзін ғана ойлаушылық. Өмірде өзін ғана ойлайтындар опық жейді. Жетістікке жету жолындағы кедергі болатын қасиет осы-адамның өзімшілдігі. Атақты психолог А.Адлер былай деген екен: «Айналадағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде ең үлкен қиыншылыққа кезігеді және айналасындағыларға үлкен зиян тигізеді.
«Осындай қазақ інің, қазақ ағаң,
О баста аңсағаны таза қоғам.
Адамдар арасында ғұмыр кешіп,
Адаммен араласпау азап оған ».
Олай болса, «Жақсылықты да, жамандықты да жасайтын-адам»,
«Адамнан асқан құндылық жоқ». Күніне 100 адаммен, 100 түрлі сезіммен нәзік қарым-қатынас жасайтын бірден-бір адам-ол мұғалім. Адындағы шәкіртерінің жан –дүниесіне үңіліп, түсіну, әріптестерінің ойларымен санаса біліп, тұлға аралық қарым-қатынас орната білу ол мұғалім үшін де оқушы үшінде үлкен маңызды. Өйткені сау тұлға аралық қарым-қатынас білім санасына тікелей әсер ететін құрал.
1-ші бөлім Панарин тестісі.
Ұстаздарды топтастырып, тесттің мақсаты түсіндіріледі.
- таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар
- таңдаған жандар өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышында бөлуге даяр тұратын жандар.
-таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмыстарының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
2-ші бөлім Таныстыру
Сіздердің алдарыңызда Визитка жатыр, яғни өздеріңізді таныстыру парағы сіздер сол визиткаға өзіңіздің аты-жөніңізді, педагогикалық ұстанымыңызды, сізге тән бір жақсы қасиетіңізді және сізде жоқ, сізге ұнамайтын қасиетті жазып, омырауыңызға қадап алыңыз.

Мектеп өміріндегі мұғалім-басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Мұғалімнің жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты-оқушыларды жан-жақты білуі.Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін оларды ұстамдылыққа, сенімділікке тәрбиелеу керек.
2-ші бөлім «Джунглидегі жаңбыр»жаттығу
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.
Уақыт: 10 минут
Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз.Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі.(арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады) Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз) Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртіңіз) Нөсер жауын басталды (жоғары төмен алақан, саусақтарымен сипайсыз). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып, жаттығуды қайталаймыз.
- Жаттығу сіздерге ұнады ма?
- Қандай сезімде болдыныздар?
Дұрыс тәрбие -балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені қарым-қатынас арқылы ұстанатын басты тұлға-мұғалім.
4-ші бөлім «Мен кіммін?» ойын
Ақ парақ алып, оны көлденеңнен екі қатарға бөлеміз «Мен кіммін?» сұрағына тез арада 1-ші қатарға 10 сөз жазасыз 2-ші қатарға бойыңыздағы қасиеттеріңізді жазасыз. Жазып болсаңыз екі қатардан менің бойымдағы бұл қасиеттерге толық келіспеймін десеңіз 5 сөзді сызып тастаңыз.
Осы жақсы қасиеттер сіздердің бойларыңыздан табылсын.
Ұстаз – әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
5-ші бөлім «Тығырықтан шығар жол» сұрақ-жауап
1. Мұғалім оқушыға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы келмей:
-Орындағым келмейді,-деді. Мұғалім әрекеті.
2. Сабақ басталды. Сіздің сабағыңызға ата-ана қатысып отыр. Оқушылар кешігіп келді. Оқушыларды қалай қабылдайсыз? Сіздің әрекетіңіз?
3. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәладі. Бірақ оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
4. Мектепте жоспарлы түрде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сіздің өткізетін уақытыңыз болды. Бірақ сіз іс-шараға дайын емессіз. Оқушылар жоспарлы түрде сіздің іс-шараңыз болатынын біліп жиналып отыр. Сіздің әрекетіңіз.
5. Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз?Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе?
6. Сіз педагогсыз. Сіз өзге топтың ортасында сіздің қызметіңіз туралы әңгімелеп отырды. Сіздің сол кездегі әрекетіңіз?
Ұстаз Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
6-шы бөлім «Ата-анамен байланыс кезіндегі ұстаз әрекеті» жаднама
Ата-аналармен әңгімелесуде:
1.Әңгіме амандасып, отбасы жағдайын, аман-саулығын сұраудан басталу керек. Әңгіменің жақсылықпен өрбуі, осыдан басталады. Егер сынып жетекшісі ата-аналардан отбасындағы жамандықты (қайғы, қиындық),т.б. білсе, ата-аналарға балалардың мектептегі жағымсыз қылығын кемшілігін айтпауы керек. Бұл туралы келесі кездескенінде айтуға болады.

2. Әрқашан әңгіме жақсыдан басталуы керек. Ең нашар деген оқушының бойынан жақсы жақтарын көре білу керек. Тек жақсыдан басталған әңгіме қорытынды береді. Әдетте баласы туралы жаман айту ата-ананың мұғалімге, мектепке деген ашу ызасын тудырады.

3. Ата-ананы шыдамдылықпен тыңда: ата-ананың әңгімесінен баланың бойындағы жақсы мінездерін ( мұғалімдер білмейтін ) табуы мүмкін. Әңгімелескенде ешқашан «Асығып тұрмын», «Уақытым жоқ» немесе «Балаңызды қорғамаңызшы» деген сөздермен әңгімені бөлмеңіз. Әке – шеше міндетті түрде өз баласын қорғайтыны белгілі.

4. Ата-ана мен балалардың жеке, отбасы-тұрмыстық жағдайларын есепке ала отырып, бала дамуына, оның жағымсыз жақтарын тәрбиелеуге қажет педагогикалық ұстанымдарды, ой-пікірлерін бөлісіңіз.

5. Балалардың бойындағы мінезі, тәртібі туралы ашумен емес, сабырлылықпен, ұстамдылықпен жеткізіңіз.

6. Әңгіме аяқталу керек: сыпайы қоштасыңыз, танитын отбасы мүшелеріне сәлем айту, келесіде жақсылықпен кездесуді тілеңіз

Оқушылардың үйіне баруға арналған кеңес
Ата-анаға алдын-ала баратыныңызды, уақытын, бару мақсатыңызды хабарлаңыз. Сіздің хабарласпауыңыз үйдегі ретсіздікке, үй шаруашылығымен айналысудағы киімнің дұрыс болмауына сай келіп, ата-ананы ыңғайсыздық жағдайға келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайдағы әңгімеңіз ашық болмай, сәтсіз аяқталады.
Тек шағым айтуға бармаңыз.
Мұғалім кеткеннен кейінгі отбасындағы жағдайды ойлаңыз.
Мұғалімнің оқушының үйіне баруы – отбасында жақсы қарым- қатынас орнауына, ата-ана мен баланың келісіміне, тәрбие әдістерін дұрыс қолдануына септігін тигізеді.

• Ешқашан ата-аналарға олардың балаларының үстінен шағым айтып,тиісті шара қолдануларын талап етуге болмайды.
• Ата-аналармен кездесу іскерлік, достық жағдайында,оқушы тәртібіне байланысты немесе оның жеке басының сапаларын дамытуға қажетті кейбір мәселелерді талқылау түрінде өтуі тиіс.Мұғалім оқушының күнделігіне ескерту жазбауы керек, тіпті бала “екі” алса да, оны күнделікке түсірмеуі тиіс.
• Ата-аналарды мерекелерді өткізуге, сұхбаттарға, экскурсияға, табиғатқа саяхатқа,педагогикалық кеңеске, Мектеп кеңесіне немесе Қамқорлық кеңесіне қатысуға тарту керек.
• Мектепте балалардың әкелері мен шешелерінің туған күндеріне арнап сыйлықтар даярлау, отбасылық мерекелерді өткізу дәстүрін қалыптастырудың да пайдасы зор.
Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.
7-ші бөлім «Сіз білесіз бе?» жаттығу
Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Сіздердің алдарыңызда жүрекше бар. Жүрекшенің ішінде әртүрлі жануарлар мен құстар, жәндіктер аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойындағы осы жануардағы бар қасиеттерді айтасыз.
8-ші бөлім «Түрлі-түсті шарлар» аяқталмаған сөйлем
-Бір айдын ішінде сізді егерде куантқан нәрселер көбірек болса жасыл шарды алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде ренжіген сәттеріңіз басым болса «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» қызыл шарды алып осы сөйлемді аяқтау керек.
Қорытынды Тәрбиеші тәрбиеленушіге байқап білудің нысаны ретінде емес, тәрбие берудің нысаны ретінде қарауы керек. Адам денсаулығына жақсы қарым-қатынастың әсері мол.Қоғаммен,ұжыммен оқушылармен әрдайым жақсы қатынаста болған нағыз мейірімділіктің белгісі. «Адамдардың саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара » деген даналар сөзін естен шығармай жадымызда ұстайық ұстаздар. Қатысқандарыңызға рахмет!

БҚО Қаратөбе ауданы
Алакөл негізгі орта мектебінің I санатты психологы, қыз балалар
ұйымының жетекшісі Султанкубиева Асемгул Муратовна

Тақырыбы: Жас келсе, іске
Мақсаты: Жас ұстаздардың дүниетанымын тереңдігін, жан-жақты білімділігін, ең озығын анықтау. Ұстаздардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру, қарым-қатынасының белсенді стилін орынықтыру.
Түрі : сайыс
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер
Құрметті ұстаздар «Жас келсе іске » атты сайсқа қош келдіңіздер!
Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне бағытталған қарқынды даму кезінде біздің жас ұстаздарымыз жаңа көзқарасы жан-жақты, өз мүмкіндігін толық пайдалана білетін, ұшқыр ойлы әрі зерек мамандар дей отырып, осы қадір-қасиеттеріңізді шыңдап, дамыта түсетін сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
«Ақыл жастан, асыл тастан » деген сөзді айтқан халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.
Осындай алғыр достар кез келгенде
Жетейік жарыстарда біз жеңіске
Қарсылас болғанымен құрбысыңдар
Тілейміз игі тілек сендерге де
Құрметті ұстаздары ой-саналы
«Жас ұстаздар» сәлем беріп, ән салады.
Бүгінгі сайысында достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Кеш басталмас бұрын қатысушы ұстаздарды ортаға шақырамыз.
1 топ: « »
1. Ақсұлтанова.А
2. Сайынов.М
3. Хамидоллиева.С
1 топ: « »
1. Шонаева.Г
2. Есболсынов.А
3. Шүйіншалиева.А
Өтілу барысы
1. Топты таныстыру
2. «Сиқырлы әріптер сөйлейді»
(Әріпке байланысты сұрақтарға әзілмен жауап беру)
3. Еркін сөз (жағдаяттардан шығу)
4. «Ойлан тап» (қойылған сұрақтарға мақалмен жауап беру, бір сөзден бірнеше сөз құрау)
5. «Ертегі құрастыру»
Сөздерді байланыстырып ертегі құрау, ертегіге ат қойып, қойылым көрсету.
6. Кім жылдам (сөздерді көрермендерге қимылмен түсіндіру)
7. Тапқыр болсаң тауып көр
(ұяшықты таңдау арқылы сұраққа жауап)
8. Қолқа салу

1ж Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Жастары деп мектептің жүрейікші.
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ұстаздарға сәттілікті тілейікші
2ж Әділқазы алқасын сайлау
1. Мектеп директоры: Тулегенова.Т
2. Мектебіміздің тәжірибелі ұстазы: Нұрсұлтанов.Қ
Жаттығу «Менің жүрегім ән айтады, егерде мектепте....», «Менің жүрегім қайғырады, егерде мектепте........»
Әр бір ұстаз өзінің не үшін қуанып, не үшін қайғыратынын айтыды
1.ж 1 бөлім топты таныстыру
Өлеңді жалғау «Ұстазым» әні айтылады
Әр уақытта көңілдеріңіз көтеріліп , мәртебелеріңіз биіктей берсін!
2 бөлім Сиқырлы әріптер сөйлейді
2 командаға 10 сұрақтан беріледі.
Кеспе әріптерді таңдау арқылы сұрақтарға әзіл түрде жауап береді.
1 ком:
1. Сиыр неге мөңірейді?
2. Сен неден қорқасың?
3.Сен қандай дарындылыққа ие болғың келеді?
4. Жасың нешеде?
5. Сізді жұрт кім деп ойлайды?
6. Адам тамақты не үшін ішеді?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Өзіңізді әдемімін деп ойлайсың ба?
9. Жылқыда неше аяқ бар?
10. Шашыңның түсі қандай?
2 ком:
1. Мектебіңнің атауы
2. Сүйікті тағамың
3. Бала неге жылайды?
4. Сен қандай музыкалық аспапта ойнай аласың?
5. Нашақорлық дегеніміз не?
6.Сіз кімге сенім артасыз?
7. Сіз өзіңізді ақылдымын деп ойлайсыз ба?
8. Мектепке не үшін келесің?
9. Ағашта не болады?
10. Папаңның есімі кім?
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Сәйгүлік екеніңді тағы таныт.
Ал енді тізгіндерді ағыталық.
3 бөлім «Еркін сөз» жағдаяттан шығу
1. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды , керісінше заңгер, банкир, экономист, есепші т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды.
Мұның себебі неде?
2. Өздеріңіздің оқушы кезіңіздегі оқушылар мен қазіргі оқушылардың мектеп пен мұғалімдерге көзқарасы бірдей ме?
3. Жас ұстаздарға : Сіз үшін жұмыс табыс көзі ме? Әлде...

4. Сіздер ұстаздық жолды таңдадыңыздар. Ұстаздық –бұл ең қиын, әрі қызықты мамандық. Осы мамандықты таңдау сыры туралы әңгімелеп берсеңіздер.

4 бөлім «Ойлан тап» 2 командаға 12 сұрақтан беремін мақалдап жауап беру керек.
«Егемендік », «Қазақстан » сөздерінен бірнеше сөздер құрау керек.
Ұстаздардың ой ұшқырлығын, сөздік қорын анықтау.
1 ком:
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар да жанады)
2. Адамның төбесі аспанға жете ме? (Төбесі көкке жетті)
3. Адамның қай жеріне нан піседі? (Кеудесіне нан піседі)
4. Қай ас тәтті? (Еңбекпен тапқан дәм тәтті)
5. Аурудың жаманы не? (Ұмытшақтық)
6. Нені жасыруға болмайды? (Ауруын жасырған өледі)
7. Кім қартаймайды? (Халық қартаймайды)
8. Сиырдың сүті қай жерінде? (Сиырдың сүті тілінде)
9. Түкіріктен көл құрала ма?
10. Тауық түс көре ме? (Аш тауықтың түсіне тары кіреді)
11. Адамның қанаты бар ма? (Ұшарға қанаты болмау)
12. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
2 ком:
1. Адамда арқау бола ма? (Ас- адамның арқауы)
2. Қайтсең тегін ішесің? (Ексең егін, ішерсің тегін)
3. Ердің атын не шығарады? (Ердің атын еңбек шығарады)
4. Адамның көркі не? (Адамның көркі - шүберек)
5. Сөз анасы не? (Сөз анасы - құлақ)
6. Тәуекел түбі не? (Тәуекел түбі - желқайық)
7. Қай уақытта айнаға өкпелемейсің? (Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме)
8. Өтірікші өзін не істейді? (Өтірікші өзін күлкі етеді)
9. Елдің құлағ нешеу? (Ел құлағы елу)
10. Қандай кілт аспанда ? (Кісідегінің кілті аспанда)
11. Басынан шіритін не? (Балық басынан шіриді.)
12. Сөздің көркі не? (Сөздің көрікі- мақал)
5 бөлім «Ертегі құрастыру»
Сөздерді байланыстырып ертегі құрау, ертегіге ат қойып, қойылым көрсету.

6 бөлім: «Кім жылдам?» Мүғалім бала көңілін таба білетін, бала да бола алатын артист десе артық емес. Сіздерге берілген сөздерді 3 мин ішінде көрермендерге қимылмен түсіндіріп беру керек.
1. ұстаз, әже, шаш, кітап, маса, қоян,
2. мысық, қылыш, аю, терезе, үй, қайық.
7 бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр» ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
1. Алғашқы қазақ ғарышкері /Т. Әубәкіров /
2. Қай жылы ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды? /1992/
3. Қашан Семей полигоны жабылды? /1991ж, 29 тамыз/
4. Қазақстан Республикасы қандай мемлекеттермен шекараласады?
/ Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан/
5. Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша? /2724,9 мың шаршы шақырым/
6. Қазақстанда неше облыс, неше қала бар? /14 облыс, 858 қалалар бар/
7. Ресейде «Абай жылы» қашан аталып өтті? /2005 жылы/
8. Именіп жүріп көрген игіліктен-қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
(авторы кім?) /Б. Момышұлы/
9. Тәуелсіздік күніне арналған өз тілегіңіз
Қорытынды:
«Аң жәндік» мінездеме беру тренинг
Бірінші қатарға ұнайтын аңдардың атын жазасыз.
Екінші қатарға ұнайтын жәндіктердің атын жазасыздар
Жазған аң, жәндіктеріне қарап адамның өзіне мінездеме беремін.
Қорытынды:
1. Мені жұрт ...... деп ойлайды.
2. Мені ..... деп ойласа екен деп ойлайсыз.
3. Дәл өзіңіз
4. Сіз жұмыста.........
5. Достарыңның алдында.......
6. Негізі сіз ........
Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.
Құрметті ұстаздар «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз лаулап жансын. Кешке атсалысып белсене қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Шәкірттеріңіздің үлгі тұтар саналы да, тәрбиелі ұлағатты ұстазы болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.