Меню
Назад » » »
Жас маманға бағытталған оқу-тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеу
загрузка...

Скачать материал с Talimger.org (1.32Mb)

загрузка...
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы, А.Құсайынов атындағы ОЖББМБ-ның психологі Саламатова Гулдана Каирболатовна

Семинар – тренингтің тақырыбы: Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаз!
Жас маманға бағытталған оқу- тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеу
Мақсаты:1. Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық
ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз
қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген
сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
2.Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.
Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала-бір жұлдыз.
Жарқырауына көмектес!»
Психолог сөзі:
Психологиялық кеңес: (Қосымша кеңес кітапшасы жас ұстаздарға ұсынылады).
Біздің топ. Нұсқау: Әр қатысушыға қағаз беріледі, қағазда ән шумақтарының жалғасы арқылы бір –бірін табу.
Тест: І бөлім. “Сіз қандай жұмысшысыз? тесті.(Слайдтан жылқының силуэті көрсетіледі).Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз –осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды, жайлы жасаңыз.
ІІ бөлім. Сергіту сәті «Мен ең сұлумын»
ІІІ бөлім. «Өзіңді тереңірек тани біл».
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз.Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
IV бөлім. «Бұл мен...»
Мақсаты: қатысушылардың өздері туралы айтуына, жақынырақ танысуға көмектесу.
Әрбір қатысушы 5мин ішінде өзін мінездейтін 5сөз жазып, теңеу ойлап тауып, оны қағазға жазып, оны кеудесіне тағып қояды. Біршама уақыт бойы қатысушылар әрі-бері сапырылысып, бір-бірінің мінездемесін оқуға кіріседі. Барлық жазулар оқылған соң, барлығы дөңгелене отырады. Сосын пікірталас басталады: әрбіреуіндегі нендей нәрсе ерекше есте қалды, таңқалдырған нәрсе бар ма?, күлкілі нәрсе ше? т.б
V бөлім. «Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
VІ бөлім. «Менің алған әсерім».
Құрметті, Жас Ұстаздар! Сіздердің алғашқы Ұстаздық қадамдарыңызға нұр жаусын! Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық – білім мен тәрбие. Ал, сол құндылық мұғалімнің уысында. Сондықтан да, осы Ұлы мамандықтың иесі болған сіздер бақыттысыздар! Биік мақсаттарыңыздың шыңына шығыңыздар!
Жұмыста әр күндеріңіз сәтті өтсін!
Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жас маманға бағытталған оқу-тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеу можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы: Саламатова Гулдана

БҚО. Бөкей Ордасы ауданы, Мұратсай ауылы, А.Құсайынов атындағы ОЖББМБ

Бөлімі: Психологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 994 | Жүктеулер: 11 | Рейтинг: 2.0/2
Барлық пікірлер: 0
avatar