Меню
Назад » » »
Ұжымдағы микроклимат
загрузка...

загрузка...
Мұғалімдерге жүргізілетін тренинг
Ұжымдағы микроклимат

Мақсаты: топ ішінде байланыс орнату, мәселелермен жұмыс барысында пайдалынылатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік беруін айқындау.

Тренинг сабақ құрылымы
1. Танысу
2. Дайындық кезеңі
3. Күлдіргі жұмбақтар, сұрақтар
4. Тренингтер
А) «Жаңғақтар»
Ә) «Сіз» қандай жұмысшысыз?
Б) «Теңізге саяхат»
5. Реаликциялық жаттығу «Теңізге саяхат»
6.Қорытынды

1. Танысу

2. Дайындық кезеңі
-Құрметті әріптестер! Бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбын «Ұжымдағы микроклимат» деп алған себебім «микроклимат» деген ұғымды біз, мұғалімдер, ұжымдағы психологиялық хал-ахуал деп түсінеміз. Климат жағымды, жағымсыз түрде адамның өзіндік сезіміне әсер етеді. Демек климат туралы айтқан кезде ұжымның экалогиялық мінез психологиясын назарға аламыз.
Климат сөзінің ауқымы кең. Ол тек ұжымның психалогиясын ғана қамтымайды, сонымен қатар адамның жағдайына әсер ететін жағдайларды, ең негізгі-еңбекті ұйымдастыруды сипаттайды.
Психологиялық климат ұғымымен қатар шығармашылық климат сөзін де жиі естиміз. Шығармашылық климат-мектептің ішіндегі жағдайларға, мұғалімдердің кәсіптік –шығармашылық хал-ахуалына және оның кәсіптік өсуіне ықпал жасайды. соның ішінде ең негізгісі-адамдардың көңіл-күйі, бір-бірімен қарым-қатынасы. Жалпы осының бәрі бірігіп, «психологиялық климат» ұғымын құрайды. Психологиялық климаттың ең маңызды құндылығы-қызметкерлерді ұжымдағы өмірінің қанағаттандыруы.

3. Күлдіргі жұмбақтар, ситуациялық және қызықты сұрақтар

1. Кім барлық тілде сөйлейді /Жаңғырық/
2. Ата-анамен мұғалімнің арасындағы қақтығыс, шығу жолдары. Ата-ана мұғалімге келіп, «Менің балам өте ақылды, ұқыпты, ол күнде сабағына дайындалады. Ал сіз неге оған 3-тен басқа баға қоймайсыз? Сіз осылай істегендіктен, үйде жанжал көбейіп жүр. Бәріне сіз кінәлісіз» деп жылап қоя берді. Сіздің іс-әрекетіңіз.
3. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады /Мысық/
4. Баланың тәртібіне ата-ананың селқос қарауына байланысты. Баласының тәртібіне байланысты ата-анаға бірнеше рет хат жолдаған, үйіне барып жолығуға келген мұғалім ата-анамен аулада кездесіп қалды. Келе жатқан шаруасын айта бастағанда, «Менің одан да басқа маңызды шаруам болып тұр» деп ата-ана кетіп қалды. Сіздің іс-әрекетіңіз.
5. Дүниедегі ең шапшаң нәрсе /Ой-қиял/
6. "Балдәурен" байқауында Сіз төрешісіз делік. Екі өте талантты, бірінен бірі асып түсетін Әлия және Қуаныш атты әнші балалар ақтық сында. Соңғы сөз бен таңдау Сіздікі. Не істейсіз? Бір-ақ әнші жеңіске жетпек. 1 талантты таңдау үшін қандай амал қолданасыз?
7. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады. /Аспан суреті судан төмен көрінген кезде/
8. Сіз әншісіз. Концертте міндетті түрде ән айтуыңыз керек. Соңғы демде шығар уақытта "даусыңыз айтпастай жоғалды"...Не істейсіз ?
9. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы жағдай. Тұрақты мекен-жайы жоқ оқушы сабаққа күнде кешігіп келеді, өзінің киімдеріне де ұқыптылық көрсетпейді. Мән-жайды анықтамақ болғанда оқушы «Менің анам бізді әкеме тастап, кетіп қалды, әкем күнде ішеді, мені ұрады, кей кезде үйде тамақ та болмай қалады. Анама кетіп қалайын десем ақшам жоқ» деп жылап жіберді. Қарындасын шақырып «осы айтқандары рас па» дегенде «Аға бұныңыз не, әкем бізге қолының ұшын да тигізген жоқ қой, ауырса да біз үшін жұмыс істеп жүр емес пе, сізге күнде ақша беріп отырады. Анам үйде ғой» деп көзінің жасын сүртті. Ал, Данияр берген ақшаға компьютер клубында ойнайды екен. Сіздің іс-әрекетіңіз.
10. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? /іші толы бөшкеге/

Тренингтер
А/ Жаңғақтар
Мақсаты: Әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарым-қатынасын жасау процесінде жеке қарым-қатынас жасау стилін сезу.
Мазмұны: Жетекші әрқайсысына қоржыннан бір-бір жаңғақ алуды сұрайды. Бір минут ішінде мұқият қарап өз жаңғағын есте сақтау қажет, бірақ оған белгі салуға болмайды. Бір минуттан кейін жаңғақтар қайта жиналады. Жүргізуші оларды араластырып, шеңбер ортасына төгеді. әрбір қатысушы өз жаңғағын танып тауып алу керек.
Талқылау:Қандай белгілер бойынша өз жаңғағыңды табуға мүмкіндік болды, ол басқалардан қалай ерекшеленді.т.б
Жаттығу орындалғаннан кейін грек жаңғағымен адамдар арасында олардың ұқсастығын тексеруге болады. Жаңғақтың құндылығы, оның ішінде орналасумен байқалады. Жаңғақ өте әдемі болуы мүмкін, немесе толық болуы мүмкін. Бейнелеп айтсақ адамдар да осындай жағдайлар кездесуі мүмкін, сондықтан адам туралы қанда да бір ішкі ерекшеліктер бойынша кінә тағуға немесе шешім шығаруға асығуға болмайды. Жаңғақтың қабығы өте қатты және ол оған ішкі қабатын қорғау үшін қажет. Көптеген адамдар да көбіне өзін қауіпсіз сезінуі үшін жаңғақ сияқты қабық жасап алуы ықтимал, ондайлар басқаларға тез ашылмайды. Қарым-қатынас жасауда осыны есте сақтаған жөн.
Ә/ «Сіз» қандай жұмысшысыз?
Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз-осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды жағдай жасаңыз. Бұл тестте жылқы –бұл өзіңізсіз. Бұл түсінікті де, өйткені көп жұмыс істейтін адамдарды, жұмысшы жылқылар деп атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.
-Егер сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Енді сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын, кекілін т.б салсаңыз) онда сіз жұмысқа романтикалық қатынасыңыз басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.
-Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз!
-Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл жақсы жағдай жасалынған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуекел болғанды қалайсыз.
-Егер жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнайды.
Б/ Релакциялық жаттығу «Теңізге саяхат» (әуен орындалады)
Бұл медитативтік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған. /Музыка орындалады/
-Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жеберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз. өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне, сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайтыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңды айтыңыз. Асықпай бұл орынмен қоштасыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз.
Талдау, пікір алмасу.

Қорытынды
Жұмысқа байланысты кеңестер:
1-кеңес. Көмекшілерді іздеңіз. Барлығын өзіңіз атқармаңыз!
Мектеп жұмысының көп деңгейлі, жан-жақты екендігіне ешкім шүбә келтірмесі мәлім. Мектепте біздің көмекшілеріміз кімдер бола алады? Біріншіден, бұл біздің әріптестеріміз, оқушылар. Бір жағынан әріптестеріңізбен өз жұмысыңызды бөліскеніңіз, жалғыз емес каманда болып жұмыс жасаған ұтымдырақ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл».
2-кеңес. Жұмысты қиындатпай, ақылмен жұмыс істеңіз! Жұмыста жинақы (собранный) болыңыз. Кез келген істің соңын біліп тұруға тырысыңыз. өз еңбегіңізді, өз уақытыңызды есептеңіз! Сіздің еңбегіңіз-сіздің күшіңіз, сіздің алтын уақытыңыз!
Жеке басқа және жеке өмірге арналған кеңестер:
1- кеңес Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз! Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру керек! Иә, бұл түсінікті, қазіргі біздің уақытымызда орындалуы қиын кеңестердің бірі. Біздің жылдамдық темпіміз бен өміріміздің стилі біздің денсаулығымызды бұзады, жүйке жүйемізді әлсіретеді, өмірімізді қысқартады, үнемі жүгіріп, асығып тұру адамды шаршатады да. Біз қайда асығамыз? Бәрібір барлығын бірдей үлгеру мүмкін емес. өз әрекеттерімізді талдап, артығын алып тастап, бір аптаға жоспарлап, қол дәптеріңізге жазып дағдыланыңыз!
2- кеңес Әр күніңізді келесі рецептімен дайындаңыз:
-12 порция ақылдылық
-11 порция шыдамдылық
-10 порция батылдық
-9 порция жұмысқа қабілеттік
-8 порция оптимизм
-7 порция өз ісіне берілушілік
-6 порция ойлануды
-5 порция мейірімділік
-4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды
-3 порция юмор
-2 порция такт
-1 порция әр балаңызға, оқушыңызға үміт артыңыз!
Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. «Астарыңыз» дәмді болсын, қымбатты әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!
-Қазір шеңбер бойынша жанған май шам жіберіледі. әр адам алақанына май шамды алып, екі-үш сөйлеммен бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен және тілектеріңізді айтып, келесі қатысушыға шамды жалғап отырасыздар!
-Бүгінгі психологиялық сабақтан өзіңізге жақсы әсер алды деген сенімдемін! Қатысқандарыңызға рахмет! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ұжымдағы микроклимат можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Психологиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 486 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar