Меню
Назад » » »
Шығыс Еуропа елдері
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: §25. Шығыс Еуропа елдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Шығыс Еуропа елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, тарихи географиялық аймақтарға топтасу ерекшеліктерін көрсету. Осы аймақтарда орналасқан елдер, табиғаты мен халықтары, олардың шаруашылық қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімі мен ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Еңбекке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың оқу жабдығы: Дүние жүзінің саяси картасы, Еуразияның физикалық картасы.
Өткенге шолу: §24. Солтүстік және Батыс Еуропа елдері 10 минут

№ Тірек сөздер № Тірек сөздер
1 Солтүстік Еуропа 11 Сүт өнімдері
2 Скандинавия елдері 12 Солтүстік теңіз
3 Фенноскандия 13 Батыс Еуропа
4 Орны 14 Ла-Манш
5 Фьордтар 15 Марш
6 Лапландия 16 Польдер
7 «От пен мұз» 17 Альпі
8 Жанартау 18 Климаты
9 Гейзерлер 19 Халқы
10 Зерттеушілері 20 Жоғары дамыған
21. Туристер

Қиылыс сұрақтар
1.Солтүстік Еуропа елдеріне қай елдер жатады? Норвегия, Швеция, Финляндия, Исландия, Дания
2.Скандинавия елдеріне қай елдер кіреді? Норвегия, Швеция,Финляндия
3.Скандинавия түбегін Финляндиямен қоса қалай атайды? Фенноскандия
4.Фенноскандия елдері қай жерде орналасқан? Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауында
5.Фьордтар деген не? Мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар
6.Лапландия деп қай жерді айтамыз?Скандинавия түбегінің солтүстік бөлігін
7.Неліктен Лапландияны «Аяз атаның мекені» деп атайды? Қысы қатты болғандықтан
8.Исландия аралының өзіне ғана тән ерекше белгісі не? Сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуы
9.Исландияда қанша сөнбеген жанартау бар? 26
10.Исландия жанартауларының ең қуаттысы қалай аталады? Гекла жанартауы
11.«От пен мұз» елі қай ел? Исландия
12.Фенноскандия мен Исландияны қандай халықтар мекендейді? Исландиялықтар, норвегтер, шведтер, финдер
13.Норвегиядан шыққан зерттеушілерден кімдерді білесің? Руаль Амундсен, Ф.Нансен, Тур Хейердал
14.Неліктен Солтүстік Еуропаның теңіз жағалауы мен Дания жерінде халық тығыз қоныстанған? Климаты қолайлы болғандықтан
15.Солтүстік теңіз қайраңынан не өндіріледі? Мұнай
16.«Вольво», «Скания» машина жасау орындары қай елдікі? Швеция
17.«Эриксон» байланыс құралдарын жасайтын кәсіпорын қай елдікі? Швеция
18. «Нокия» кәсіпорны қай елдікі? Финляндия
19.Солтүстік Еуропаның қай елі сүт өнімдерін көп өндіреді? Дания
20.Батыс Еуропа елдеріне қай елдер жатады? Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланд, Австрия (48 – сурет)
21.Ұлыбритания мен Ирландияны материктегі елдерден қай бұғаз бөліп жатыр? Ла-Манш бұғазы
22.Марш деген не? Солтүстік теңіз жағалауындағы құнарлы жерлерді су басып кетпеу үшін тастан, құмнан және бетоннан жасалған бөгеттер
Мысалы: 1953 жылы су тасқыны шаруашылыққа үлкен зиянын келтірген
23.Польдер деген не? Нидерланд жеріндегі құнарлы жерлерді су басып кетпеу үшін тастан, құмнан және бетоннан жасалған бөгеттердің атауы
24.Еуропаның ең биік тау жүйесі қалай аталады? Альпі
25.Швейцария несімен әйгілі? Өте дәл, сапалы сағаттар жасаумен.
26.Батыс Еуропаның машина жасау кәсіпорындарын ата. „Мерседес”, „Рено”, „Ауди”, „Пежо”
27.Дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы қай жер? Батыс Еуропа
28.Батыс Еуропа халқының басым бөлігі қай жерлерде тұрады? Қалаларда
29.Батыс Еуропа елдерінде ауыл шаруашылығының өте жоғары дамуына себеп болып отырған қандай жағдай? Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын қолдану
30.Батыс Еуропаға саяхатшылар мен демалушылардың көп бару себебі неде? Табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерінің көп болуы, табиғатының жанға жайлы болуы

Сыни тұрғыдан сұрақтар
1.Солтүстік Еуропа елдеріне Норвегия, Швеция, Финляндия, Исландия және Дания елдері жатады. +
2.Скандинавия елдеріне Дания, Норвегия, Швеция кіреді. – Норвегия, Швеция,Финляндия
3.Скандинавия түбегін Финляндиямен қоса Лапландия деп атайды. – Фенноскандия
4.Фенноскандия елдері Атлант мұхиты мен теңіз жағалауларында орналасқан.+
5.Фьордтар дегеніміз – мұз басу әрекетінен қалыптасқан тік жағалы, тар шығанақтар. +
6.Скандинавия түбегінің шығыс бөлігі Лапландия деп аталады. – Скандинавия түбегінің солтүстік бөлігін
7.Қысы жылы болғандықтан Лапландияны «Аяз атаның мекені» деп атайды. – Қысы қатты болғандықтан
8.Исландия аралының өзіне ғана тән ерекше белгісі – сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуы. +
9.Исландияда 36 сөнбеген жанартау бар. – 26
10.Ключи Шоқысы – Исландия жанартауларының ең қуаттысы. – Гекла жанартауы
11.«От пен мұз» елі – Испания. – Исландия
12.Фенноскандия мен Исландияны исландиялықтар, норвегтер мен шведтер, финндер мекендейді. +
13.Норвегиядан шыққан зерттеушілер Р.Амундсен, Р.Скотт, Ф.Нансен, Т.Хейердал. – Руаль Амундсен, Ф.Нансен, Тур Хейердал
14.Климаты қолайлы болғандықтан Солтүстік Еуропаның теңіз жағалауы мен Дания жерінде халық тығыз қоныстанған. +
15.Солтүстік теңіз қайраңынан балық өндіріледі. – мұнай
16.«Вольво», «Скания» машина жасау орындары Финляндия елінікі. – Швеция
17.«Эриксон» байланыс құралдарын жасайтын кәсіпорын Швеция елінікі. +
18. «Нокия» – Швеция еліндегі кәсіпорын. – Финляндия
19.Солтүстік Еуропаның Дания елі сүт өнімдерін көп өндіреді. +
20.Батыс Еуропа елдеріне Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланд, Австрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. +
21.Ұлыбритания мен Ирландияны материктегі елдерден Гибралтар бұғазы бөліп жатыр. –
22.Марш деген тастан, құмнан және бетоннан салынған бөгеттердің Нидерланд жеріндегі атауы. – Солтүстік теңіз жағалауындағы құнарлы жерлерді су басып кетпеу үшін тастан, құмнан және бетоннан жасалған бөгеттер
Мысалы: 1953 жылы су тасқыны шаруашылыққа үлкен зиянын келтірген
23.Польдер – Солтүстік теңіз жағалауындағы тастан, құмнан және бетоннан салынған бөгеттер. – Нидерланд жеріндегі құнарлы жерлерді су басып кетпеу үшін тастан, құмнан және бетоннан жасалған бөгеттердің атауы
24.Карпат – Еуропаның ең биік тау жүйесі. – Альпі
25.Швейцария сүт өнімдерімен әйгілі. – Дания
26.«Мерседес», «Рено», «Ауди» – Батыс Еуропаның машина жасау кәсіпорындары. +
27.Дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы – Шығыс Еуропа. – Батыс Еуропа
28.Батыс Еуропа халқының басым бөлігі ауылдарда тұрады. –
29.Батыс Еуропа елдерінде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын қолданғандықтан ауыл шаруашылығы өте жоғары деңгейде дамыған. +
30.Жоғары дамыған елдер болғандықтан Батыс Еуропаға саяхатшылар мен демалушылар көп барады. – Табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерінің көп болуы, табиғатының жанға жайлы болуы

Жаңа сабақты түсіндіру: §25. Шығыс Еуропа елдері 10 минут

№ Тірек сөздер № Тірек сөздер
1 Елдері 11 Беловеж нуы
2 Балқан түбегі 12 ТМД елдері
3 Кеңес Одағы 13 Туризм
4 Мадиярлар 14 Табиғат жағдайы
5 Балтық бойы 15 Платформа
6 Карпат таулары 16 Жазықтар
7 Жерорта теңіздік 17 Жүзім жинау
8 Шыны 18 Жеміс-жидек
9 Полонина 19 Пайдалы қазбалары
10 Үй жиhаздары 20 Даму дәрежесі
21. Пушта

Әр аймаққа сипаттама берудің жоспары:
1. Шекаралары мен құрамы.
2. Аймаққа кіретін мемлекеттер.
3. Табиғат жағдайлары.
4. Халқы, олардың тұрмыс жағдайлары.
5. Шаруашылығы.
Қиылыс сұрақтар
1.Шығыс Еуропа елдеріне қай елдер жатады? Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния және Балқан түбегінің солтүстігіндегі елдер:Болгария, Сербия, Черногория, Хорватия, Словения, Босния мен Герцоговина, Македония, Албания, бұрын Кеңестер Одағы құрамында болған елдер: Эстония, Латвия, Литва, ТМД елдері:Белорусь, Украина, Молдова, Ресейдің батыс бөлігі (48 - сурет)
2.Балқан түбегінің солтүстігіне кіретін Шығыс Еуропа елдерін ата. Болгария, Сербия, Словения, Черногория, Хорватия, Босния мен Герцоговина, Македония, Албания
3.Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған Шығыс Еуропа елдерін ата. Эстония, Латвия, Литва, Белорусь, Украина, Молдова, Ресей
4.Шығыс Еуропаға кіретін ТМД елдерін ата. Белорусь, Украина, Молдова, Ресей
5.Пушта деген не? Венгрия жазықтарындағы қара топырақты өңір
6.Әйгілі Беловеж нуы орманы қай елдің аумағында? Польшаның солтүстік-шығысында
7.Беловеж нуында қандай жануарлар қорғауға алынған? Зубр және басқа да орман жануарлары
8.Мадиярлар деген кімдер? Венгрияға 1000 жылдай бұрын Азиядан қоныс аударғандар
9.Мадиярлар қай елде тұрады? Венгрияда
10.Балтық бойы елдеріне қай елдер жатады? Латвия, Литва, Эстония
11.Доға тәрізді болып иілген Карпат таулары қай елдің аумағында жатыр? Румыния
12.Карпат тауларында жер сілкіну процесінің жиі болуы немен түсіндіріледі? Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуі аймағында жатқан тау болғандықтан
13.Дунай өзені бойында жер бедерінің қандай пішіні басым? Ойпаттар мен төбелі жазықтар
14.Субтропиктік жерорта теңіздік климат қай жерлерде таралған? Жерорта теңізі жағалауында
15.Қоңыржай континенттік климат қай жерлерді қамтиды? Жерорта теңізінен таулар арқылы оқшауланған ішкі бөліктерді
16.Табиғи өсімдіктері мүлдем жойылған Жерорта теңізі жағалауында қандай өсімдіктер өседі? Цитрустар мен зәйтүн ағаштары, жүзімдіктер
17.Биік тауларда қандай ормандар сақталып қалған? Емен араласқан шамшат ағаштары
18.Әлем бойынша қай елдерде жасалған үй жиhаздары жоғары бағаланады? Сербия мен Черногория, Румыния елдерінде
19.Полонина деген не? Карпат тауларындағы тау шалғындары
20.Шүйгін шөпті полонина шалғындары не үшін пайдаланылады? Жайылым ретінде
21.Аймақтағы халықтың ұлттық және діни құрамы қандай? Өте күрделі
22.Халықтың басым көпшілігі қайда тұрады? Селолық елді мекендерде
23.Аймақтың жер қойнауы қандай пайдалы қазбаларға бай? Мұнай мен табиғи газ, қоңыр көмір, темір, хромит, никель, мыс, алюминий
24.Ауыл шаруашылығында немен айналысады? Бидай, жүгері, жеміс ағаштары мен көкөністер, жүзім, күріш, мақта өсірумен
25.Неліктен бұл елдерде туризм мен курорт ісі шаруашылықтың маңызды салалары болып табылады? Табиғаты әсем, минералды бұлақтары мен қолайлы климаты, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай болғандықтан
26.ТМД құрамына кіретін Шығыс Еуропа елдері қай платформаның үстінде орналасқан? Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының
27.ТМД құрамына кіретін Шығыс Еуропа жерінің жартысынан көп бөлігін не алып жатыр? Ұлан-байтақ жазықтар
28.Шығыс Еуропаға кіретін ТМД елдерінде қандай кен орындары кездеседі? Темір, тас көмір, қоңыр көмір, апатит, тас тұзы, калий тұзы, ас тұзы, мұнай, табиғи газ
29.ТМД құрамына кіретін Шығыс Еуропа елдерінің қайсысында ауыр өнеркәсіп күшті дамыған? Украина мен Ресейде
30.Украина және Ресей жерлері неліктен ең астықты аймақ саналады? Бұл аймақтан дүние жүзіндегі аса ірі қара топырақты белдеу өтетіндіктен

Сыни тұрғыдан сұрақтар
1.Шығыс Еуропа елдеріне Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Сербия, Черногория, Хорватия, Словения, Босния және Герцоговина, Македония, Албания, Латвия, Литва, Эстония, Белорусь, Украина, Ресейдің еуропалық бөлігі жатады. +
2.Балқан түбегінің солтүстігіндегі Шығыс Еуропа елдеріне Латвия, Литва, Эстония жатады. –
Болгария, Сербия, Словения, Черногория, Хорватия, Босния мен Герцоговина, Македония, Албания
3.Белорусь, Украина, Эстония, Хорватия, Болгария – Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған Шығыс Еуропа елдері. –
Эстония, Латвия, Литва, Белорусь, Украина, Молдова, Ресей
4.Шығыс Еуропаға кіретін ТМД елдері – Белорусь, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Ресей. –
Белорусь, Украина, Молдова, Ресей
5.Пушта деген Венгрия жазықтарындағы құнарлы қара топырақты өңір. +
6.Әйгілі Беловеж нуы орманы Украина мен Польша елдерінің аумағында. –
Польшаның солтүстік-шығысында
7.Беловеж нуында зубр, басқа да орман жануарлары қорғауға алынған. +
8.Осыдан мың жылдай бұрын Азиядан қоныс аударғандар – мадиярлар. +
9.Мадиярлар Польшада тұрады. –
Венгрияда
10.Балтық бойы елдеріне Белорусь, Украина, Латвия, Литва елдері жатады. –
Латвия, Литва, Эстония
11.Доға тәрізді болып иілген Карпат таулары Венгрияның аумағында жатыр. –
Румыния
12.Карпат таулары Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіне жататын жас тау болғандықтан, онда жер сілкіну процесі жиі болып тұрады. +
13.Дунай өзені бойын үстірттер мен қыраттар алып жатыр. –
Ойпаттар мен төбелі жазықтар
14.Жерорта теңізі жағалауына субтропиктік жерорта теңіздік климат тән. +
15.Қоңыржай континенттік климат таулар арқылы оқшауланған сыртқы бөліктерді қамтиды. –
Жерорта теңізінен таулар арқылы оқшауланған ішкі бөліктерді
16.Табиғи өсімдіктері мүлдем жойылған Жерорта теңізі жағалауында цитрустар, зәйтүн ағаштары, жүзімдіктер өседі. +
17.Биік тауларда қарағай, қайың ормандары сақталып қалған. –
Емен араласқан шамшат ағаштары
18.Македония, Албания, Болгария елдерінде шығарылған үй жиhаздары әлемде жоғары бағаланады. –
Сербия мен Черногория, Румыния елдерінде
19.Полонина деген Альпі тауларындағы тау шалғындары. –
Карпат тауларындағы тау шалғындары
20.Шүйгін шөпті полонина шалғындары жайылым ретінде кеңінен қолданылады. +
21.Аймақтағы халықтың ұлттық және діни құрамы аса күрделі емес. –
Өте күрделі
22.Халықтың басым көпшілігі қалаларда тұрады. –
Селолық елді мекендерде
23.Аймақтың жер қойнауында мұнай, табиғи газ, қоңыр көмір, темір, хромит, никель, мыс пен алюминийдің ірі кен орындары бар. +
24.Ауыл шаруашылығында шай, кофе, бидай, жүгері өсірумен шұғылданады. –
Бидай, жүгері, жеміс ағаштары мен көкөністер, жүзім, күріш, мақта өсірумен
25.Туризм арзан болғандықтан бұл елдерде туризм мен курорт ісі шаруашылықтың маңызды салалары болып табылады. –
Табиғаты әсем, минералды бұлақтары мен қолайлы климаты, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай болғандықтан
26.ТМД құрамына кіретін Шығыс Еуропа елдері Батыс Сібір платформасына сәйкес келеді. –
Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының
27.ТМД құрамына кіретін Шығыс Еуропа жерінің жартысынан көп бөлігін орманды дала және дала зоналары алып жатыр. –
Ұлан-байтақ жазықтар
28.Шығыс Еуропаға кіретін ТМД елдерінде темір, көмір, апатит, тұз, мұнай, газ кен орындары кездеседі. +
29.ТМД құрамына кіретін Шығыс Еуропа елдерінің ішінде Украина мен Белорусь жерінде ауыр өнеркәсіп күшті дамыған. –
Украина мен Ресейде
30.Украина және Ресей аумағы арқылы дүние жүзіндегі аса ірі қара топырақты белдеу өтетіндіктен ол жерлер ең астықты аймақ саналады. +

Үйге тапсырма: §25. Шығыс Еуропа елдері
Кестені аяқтап келу.
Аймақ Осы аймаққа кіретін елдер Мекендейтін халықтар Шаруашылығы
Шығыс Еуропа Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Сербия, Черногория, Хорватия, Словения, Босния және Герцоговина, Македония, Албания, Латвия, Литва, Эстония, Белорусь, Украина, Ресейдің еуропалық бөлігі жатады. + Поляктар, чехтер, словактар, румындар, болгарлар, сербтер, албандар, белорустер, украиндер, эстондар, латыштар, литвалықтар Бидай, жүгері, жеміс ағаштары мен көкөністер, жүзім, күріш, мақта өсірумен
ауыр өнеркәсіп күшті дамыған. –
Украина мен Ресейде
Жерорта теңізі жағалауында цитрустар, зәйтүн ағаштары, жүзімдіктер өседі.

Дәптермен жұмыс: 5 минут
Берілген терминдер (атаулар) нені білдіретінін анықтап, кестені толтыру:
Шри-Ланка, Жаңа жер, Исландия, Сахалин, Куриль, Ирландия, Хонсю, Хоккайдо, Сикоку, Кюсю, Шри-Ланка, Жаңа жер, Исландия, Сахалин, Куриль, Ирландия, Хонсю, Хоккайдо, Сикоку, Кюсю, Үндіқытай, Арабия, Скандинавия, Камчатка, Пиреней, Малакка, Чукот, Балқан, Жерорта, Баренц, Чукот, Охот, Лаптевтер, Шығыс Сібір, Карс, Ақ, Норвег, Араб, Оңтүстік Қытай, Қызыл теңіз, Жапон, Балтық, Беринг, Ла-Манш, Гибралтар, Босфор, Беринг, Ла-Манш, Гибралтар, Босфор, Пиай, Челюскин, Дежнев, Рока, Бискай, Бенгал, Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Ұлы Қытай

Дұрыс жауап:
арал түбек теңіз бұғаз мүйіс шығанақ жазық
Шри-Ланка, Жаңа жер, Исландия, Сахалин, Куриль, Ирландия, Хонсю, Хоккайдо, Сикоку, Кюсю, Үндіқытай, Арабия, Скандинавия, Камчатка, Пиреней, Малакка, Чукот, Балқан, Жерорта, Баренц, Чукот, Охот, Лаптевтер, Шығыс Сібір, Карс, Ақ, Норвег, Араб, Оңтүстік Қытай, Қызыл теңіз, Жапон, Балтық, Беринг, Ла-Манш, Гибралтар, Босфор, Пиай, Челюскин,
Дежнев, Рока Бискай, Бенгал, Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Ұлы Қытай

Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегияларының бірі - INSERT. Бұл әдіс бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында төмендегідей жұмыс үлгісі ұсынылып, берілген белгілерді қоя отырып оқуға бағдар беріледі.
V _
+ ?
білемін Мен үшін түсініксіз Мен үшін жаңа ақпарат Мені таң қалдырды



Семантикалық карта 5 минут
Атаулар Топырақ Халық Пайдалы қазбалар Елдер Өзендер Таулар Шалғын Климаттық белдеу Орман
Пушта +
Мадиярлар +
Жерорта теңіздік +
Польша +
Латыш +
Эльба +
Одер +
Висла +
Субтропиктік +
Босния +
Беловеж +
Черногория +
Дунай +
Альпі +
Қоңыржай континенттік +
Карпат +
Полонина +
Никель +
Апатит +
Қоңыржай теңіздік +
Батыс Двина +

Бекіту. 5 минут
1. берілген әріптерді пайдаланып, географиялық ұғымдарды жазыңдар.
Я А Л П А Д Н Л И Лапландия
А П Ш Т У Пушта
Т У Р Т С Р Ц И А цитрустар
А Р Д Я Р И А М Л мадиярлар
Я Т С И О Э Н Эстония

2.Географиялық диктант. 5 минут
а)Венгрия жазықтарындағы …деп аталатын құнарлы қара топырақты өңір түгелге жуық жыртылған. (пушта)
ә) Таулардың неғұрлым биік бөліктерінде қылқан жапырақты ағаштар, одан жоғарыда ……..таралған. (альпі шалғындары)
б) Биік тауларда емен араласқан …..ормандары сақталған. (шамшат)
в) Карпат тауларындағы биік тау шалғындары ...... деп аталады. (полонина)
г) Украина мен Ресей жерінде ...... күшті дамыған. (ауыр өнеркәсіп)

3.Тест 5 минут
1 нұсқа
1. Еуразияның Еуропалық бөлігі Африкадан бөлінеді:
а) Атлант мұхиты арқылы
ә) Жерорта теңізімен
б) Гибралтар бұғазы арқылы
в) Суэц каналымен
2. Еуразияның батысынан ұласатын мұхит:
а) Тынық мұхиты
ә) Солтүстік Мұзды мұхиты
б) Үнді мұхиты
в) Атлант мұхиты
3. Еуразия материгінің орташа биіктігі:
а) 500 м
ә) 650 м
б) 840 м
в) 957 м
4. Б.з.б. 2500 жылдары Жерорта теңізінің Крит аралдарын мекендеген халық:
а) гректер
ә) минойлар
б) мадиярлар
в) римдіктер
5. Қысы аязды, жазы өте қысқа, өсімдіктерден мүк, қына балдырлар өсетін табиғат зонасы:
а) тундра
ә) орманды тундра
б) тайга
в) арктикалық шөл
2 нұсқа
1. Еуразияның жер көлемі ірі елдер:
а) Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан
ә) Монғолия, Иран, Ирак, Пәкістан
б) Қытай, КХДР, Түркия
в) Үндістан, Сауд Арабиясы, Польша
2. Еуропаның ауданы:
а) 30 млн км2
ә) 15 млн км2
б) 10 млн км2
в) 14 млн км2
3. Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия
а) Оңтүстік Еуропа елдері
ә) Шығыс Еуропа елдері
б) Солтүстік Еуропа елдері
в) Орта Еуропа елдері
4. Балтық бойында тұратын елдер:
а) орыстар, украиндар, эстондар
ә) чехтар, словактар, латыштар
б) латыштар, ливалықтар, эстондықтар
в) молдовандар, белорустар, литвалықтар
5. Батыс Еуропа елдері
а) Норвегия, Дания, Ұлыбритания
ә) Ұлыбритания, Франция, Германия
б) Нидерланды, Испания, Украина
в) Италия, Грекия, Германия, Франция

жауаптары:
3.Тест 5 минут
1 нұсқа
1. Еуразияның Еуропалық бөлігі Африкадан бөлінеді:
б) Гибралтар бұғазы арқылы
2. Еуразияның батысынан ұласатын мұхит:
в) Атлант мұхиты
3. Еуразия материгінің орташа биіктігі:
б) 840 м
4. Б.з.б. 2500 жылдары Жерорта теңізінің Крит аралдарын мекендеген халық:
ә) минойлар
5. Қысы аязды, жазы өте қысқа, өсімдіктерден мүк, қына балдырлар өсетін табиғат зонасы:
а) тундра

2 нұсқа
1. Еуразияның жер көлемі ірі елдер:
а) Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан
2. Еуропаның ауданы:
б) 10 млн км2
3. Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия
б) Солтүстік Еуропа елдері
4. Балтық бойында тұратын елдер:
б) латыштар, ливалықтар, эстондықтар
5. Батыс Еуропа елдері
ә) Ұлыбритания, Франция, Германия Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Шығыс Еуропа елдері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Открытие уроки по русскому языку | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 534 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar