Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жергілікті жерді бағдарлау -

Жергілікті жерді бағдарлау

Сабақ жоспары | Предметы | Открытие уроки по русскому языку Загрузок: 0 | Просмотров: 3950 | Размер: | Автор: Публикатор
. Түлкібас ауданы, А.Пушкин атындағы жом тарих, география пәні мұғалімі Лесбекова Эльмира Жолдасовна
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жерді бағдарлау.
Сабақтың мақсаты:
1.Жергілікті жерді бағдарлау туралы білім беру.
2.Оқушылардың логикалық ойлау,шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру.
3. табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс
ІСабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Жаңа сабақты меңгертуге арналған тапсырмалар:
1. «Сұрақ-жауап» ойыны
1. «Көкжиек» дегеніміз не?
Ж: Аспан мен жер бедерінің арасындағы көзге көрінетінжиек.
2.Тұсбағдардың циферблатындағы 00 көкжиектің қай бағытын көрсетеді?
Ж: Тұсбағдардың циферблатындағы 00 көкжиектің солтүстік бағытына сәйкес келеді.
3.Көкжиек тұстарын қандай табиғат белгілеріне қарап анықтауға болады?
Ж: Күнге, Темірқазық жұлдызына, ағаш бұтағына, құмырсқаның илеуіне қарап анықтауға болады.

2. «Себебін анықта» ойыны:
1.Неліктен жергілікті жердің планы қажет?
Ж. Себебі жергілікті жерді бағдарлауқажеттігі туындайды.
2.Физикалық карта бойынша жергілікті жерді бағдарлауға бола ма?
Ж. Жоқ,себебі ол ұсақ масштабта түсірілген.
3. Жергілікті жерді бағдарлау үшін негетұсбағдарды қолданады?
Ж: Тұсбағдарды берілген нүктенің азимутын табу үшін қолданады.

3.Венн диаграммасы арқылы жергілікті жердің планы мен физикалық картаны салыстыр.

Жергілікті жердің планы Ұқсастығы Физикалық карта

4.Географиялық диктант.
1-тапсырма.Бейтаныс жерді үшін ең алдымен көкжиектұстарын табу керек.
2-тапсырма.Бейтаныс жерде өзіңе қажетті тауып жүру үшін жергілікті планын немесе картаны пайдалану арқылы бағдарлап алуға тура келеді.
3-тапсырма.Азимут тұсбағдардың магнит тілінің басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0-тан 0 -қа дейін есептелінеді
4-тапсырма.Жүретін жолды анықтау үшін тұсбағдармен азимутты.

Үйге тапсырма: Оқу. Жергілікті жер планы мен физикалық карта ерекшелігін анықтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.