Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Адамның  басын  бейнелеу» -

«Адамның басын бейнелеу»

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2760 | Размер: | Автор: гость
. Пәні: Бейнелеу өнері Сынып: 5 «Е» Күні: 14.12.2012ж
Сабақ тақырыбы: «Адамның басын бейнелеу»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға портреттік жанр туралы түсінік беру; портрет жасау техникасымен таныстыру; барлық кезеңдерді ретімен орындауға үйрету; бет әлпет бөліктерінің салыстырмалы көлемдерін жасауға үйрету, шынайы үлгімен ұқсастығына жету.
2. Портретті бейнелеу кезінде зейінін, байқағыштығын, көз қаперін дамыту.
3. Оқушыларды достарын, туған туыстарын сыйлауға үйрету.
Іс – тәжірбиесі: жазықтықта бейнелеу.
Сабақ түрі: адам басын бейнелеу әдістерін меңгеру.
Жабдықтар: фотографиялар, суретшілердің графикалық және көркем шығармалары, бас құрылымының сызбасы – кесте.
Оқушыларға арналған жабдықтар: альбом, қара қарындаш, өшіргіш, акварелді бояу, бояу жаққыш.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3. Адам басының кезеңді құрылымын көрсету
4. Тәжірибелік жұмыс
5. Суреттерді көру
6. Үй жұмысы
Оқушыларға атақты суретшілердің портреттерін қарауға мүмкіндік беру. Бейнелеу өнерінің осы жанрын атаңыз.
Портрет француз тілінен аударғанда - “бейнелеу” дегенді білдіреді. Белгілі нақты бет әлпеті бейнелеуге арналған көркем сурет, мүсіндеу және графика жанрларының бірі портрет болып табылады. Адамды бейнелейтін суретші портретист, ал оның жұмысы портрет деп аталады. Портреттің негізгі мақсаты – адаммен ұқсастығын, сонымен қатар мінезін, көңіл күйін, денсаулығының ұқсастығын беру болып табылады. Портрет жанры бірнеше мың жылдар бұрын пайда болған. Ежелгі Египетте египеттік фараондардың алып тас мүсіндері пайда болды. Өлімнен кейін жаны оңай орнау үшін портреттік ұқсастық берілген. Портрет жанры Римде Қайта өркендеу дәуірінде көп тараған. Өткен ғасырлардың суретшілері және біздің замандастарымыз портретте тек сырттай бет әлпетін ғана емес, сонымен қатар адам мінезін, жекелігін, бай жан дүниесін беруге тырысады.
Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: сұңғат (живопись), мүсін, графика, мозаика, т.б. жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. Портрет жасалу ерекшелігіне қарай қондырғылы (сұңғат-кескіндеме, бюст, графика, монументті, мозайка, т.б.), салтанатты, миниатюралы, т.б. болып бөлінеді. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді.
Қазақстандағы портрет жанры
Қазақ тарихында мүсіндік портреттің дені ежелгі түркі қағандығы (5 — 8 ғ-лар) мен қыпшақ заманы (8 — 13 ғ-лар) кезеңіндегі балбалдар мен тас мүсіндер. Қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Уәлиханов портрет ағымында көп еңбек етті (“Сұлтан Мамырхан Рүстемов”, “Тезек төре”, қарындаш, 1856 ж., “Алатау қырғызы” түрлі-түсті қарындаш, 1856 ж.). 20 ғ-дың басынан қазақ суретшілері Ә.Қастеев, І.Телжанов, Н.Нұрмұхамедов, А.М. Черкасский, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев, Ү.Әжиев, т.б. Портрет жанрын ұлттық үрдісте дамыта білді. Кейінгі толқын суретшілері С.Айтбаев, А.Аканаев, С.Досмағанбетов, Е.Сергебаев, М.Аманжолов, А.Дүзелханов, Ж.Сыдықов, Д.Қасымов, Б.Мырзахметов, Ә.Жұмабай, Н.Далай, т.б. Портрет өнерін жаңа қырынан дамытты.
Оқушылармен бірге портретті қарастырып, келесі сұрақтарға жауап берулерінеталап қою:
• Портретте кім бейнеленген?
• Оның жас мөлшері нешеде?
• Оның көңіл күйі қандай?
• Оны сендер қалай анықтайсыңдар?
Тәжірибелік жұмыс Портретін бейнелеу қажет адамға мұқият қарап алу керек. Ең алдымен, өзің үшін бас пішіні қандай, шашы қандай екенін белгілеп алу керек, көз, мұрын, ерін пішіндеріне назар аудару керек.
Бет әлпеттерінің пропорциясы: жоғары қарай ұлғаятын және төмен иегіне дейін тарылатын, басы сопақ пішінді. Бет әлпетінің жалпақтығы жақ сүйектерімен анықталады, төменгі жақ сүйегі сопақ пішінді.
Бас жалпақтығының биіктікке арақатынасы шамамен үштен екі бөлігі. Бет әлпетін бейнелеу үшін басы көлденең сызықтармен үш бөлікке бөлінеді: ұшынан қабақ үсті доғаға дейін, қабақ үсті доғадан мұрын ұшына дейін және мұрын ұшынан иекке дейін. Көзінің ұзындығы бет әлпеті жалпақтығының төрттен бір бөлігіне тең; көз арасындағы қашықтық – төрттен бір бөлігі, көзден бет әлпетінің сопақтығына дейін – сегізден бір бөлігіне тең.
Мұрын ұштарының ені шамамен көз арасындағы қашықтыққа тең, оны көздің ішкі бұрыштарынан мұрын ұшын белгілейтін сызыққа дейін тік сызықтар жүргізе отырып, анықтауға болады.
Еріннің орналасуын анықтау үшін мұрыннан иекке дейінгі қашықтық үш бөлікке бөлінеді: біреуі мұрыннан ерін қиығына дейін, екеуі – ерін қиығынан иек ұшына дейін. Ауыз мұрын ұштарынан бірқатар жалпағырақ келеді. Құлақтар қабақ үсті доғадан мұрын ұшына дейінгі орта қиықта орналасқан.
Сабақтың соңында шолу және талдауға оқушылардың өздерін тарта отырып, композициялық және түстік шешімге назар аудара отырып, талдау жұмысын жүргіземіз.
Үй жұмысы: Мүмкіншілік бойынша бас құрылымының сызбасын қолдана отырып, адам бет әлпетінің ерекшеліктерін беру керек.
Пайдаланған әдебиет
Власов Г.В., Иллюстрированный художественный словарь, СПб., 1993
“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
№ 35 мектеп – лицей

Ашық сабақ
тақырыбы:


Пәні: Бейнелеу өнері
Пән мұғалімі: Қазымбек А.Қ.
Сынып: 5 «Е»
Күні: 14.12.2012ж

Астана – 2012 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.