Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары -

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6238 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Сабақтың тақырыбы:        Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:                        Оқушыларға тақырып бойынша төменгі сыныптарда алған білімдерін қосымша мәліметтермен толықтыру; білімдерін арттыру..

Дамытушылығы:        практикалық сабақ барысында бейнелеу өнерінің түрлеріне эскиздер жасау, сурет салуларын ұйымдастыру.

Тәрбиелілігі:                     Оқушылардың  сабақ барысында ұқыпты әрі таза отырып, сабаққа белсенді атсалысуларын ұйымдастыру.

Көрнекілігі:                       кітап, иллюстрациялық материалдар.

Сабақтың түрі:                дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:               Сұрақ –жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

А) оқушыларды түгелделдеу

Б) оқу құралдарын тексеру

В) өткен материалдарды қортындылау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

 

Жаңа сабақ    Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көрністеріне, жазықты әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі. Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет өнері.

Бейнелеу өнерінің түрлері:

  1. Живопись – жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма. Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді.
  2. Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тущь арқылы орындалатын сурет.
  3. Мүсін - әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
  4. Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын түрі-түрі көп өнер. Әрбір халықтық шығармашылық өнерімен байланысты өнер.
  5. Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.

Бейнелеу өнерінің жанрлары.

1. Натюрморт;   2. Портрет;  3. Пейзаж;  4. Тарихи жанр; 5. Ботальды жанр; 6. Анималистік жанр; 7. Маринистік жанр.  Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының сурет салу өнерінің қалыптасуына тигізетін әсері мол.

ҮІ. Қортындылау

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдеріне ауызша сұрақ беру арқылы әрі алғашқы нобайларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма:  Тақырып бойынша эскиздер жасап келу.

 

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.