Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көріністер.  Көріністерді  салу -

Көріністер. Көріністерді салу

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5387 | Размер: | Автор: нартай
. Бабатай орта мектебі



Тқырыбы: « Көріністер. Көріністерді салу »

Сыныбы: 9.

Өткізген: Мәмбетқұлова Жанат Талғатқызы.

2010-11 оқу жылы.

Мақсаты:
1). Сызу пәні бойынша қайталау, білімдерін тексеру,ойларын тереңдету, сызу пәнін меңгертудегі сауаттылықтарын байқау.
2). Сұрақтар арқылы қйялын дамыту,сызу заңдылықтарын меңгерту, ізденістер қалыптастыру.
3)Сызбаларды сауатты сызып, сауатты жұмыстануға үйрету,өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ жауап.
Пәнаралық байланыс: Сурет, кескіндеме.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу,сабаққа көңілдерін аудару.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
ІҮ. Сызудағы логика
Ү. Сызудағы проекция.
ҮІ. Сызудағы тапсырма.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ежелгі гіректер «техника» деп шеберлікті, адамдардың тапқырлығын, ақыл ойын атаған екен. Осы техниканы меңгеру және оны дамыту табысты еібек еті, өндіріс шебері, инженер болу үшін сызудағы сызбалардыпроекцияларды, сызықтың түріне, белгісімен өлшеміне қарап нақты, түсінікті ой қалыптастырукерек. Сызу техникада емес, біздің заманымызға сай кез келген мамандық иелерінің үнемі серігі болып табылады.Шытырман сызықтарды көргенде бұл не?, неге мұндай?, неге қисық?, т.б. сұрақтармен ойланамыз. Демек бұл – сызу. Қарай берсек таң қалатын жайттар бар.Біздің бүгінгі сабағымыз осы қарапайым құбылыстарғаарналады.Осы уақытқа дейінгі жинақталған сызудағы білімдеріңді ортаға салып өздеріңді сынайтын сабақ. Іске сәт!
Қайталауға арналған сұрақтар:

Сызудағы логика:

2. Сызу сабағында мұғалім бір бұйым әкеліп, көрінетін жерге
қойды. Бұл бұйымның пішіні барлық оқушыларға бірдей
көрінді. Мұғалім қандай бұйым әкелді?
Жаңа тақырыпты түсіндіру: Сызбалардағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алынады.Нәрсе текшенің ішінде орналасқан деп қарастымады . Сондықтан текшенің жақтары үлкен болуы керек. Текшенің алты жағы бар, оны 1,2,3.т.б. етіп белгілейік.Н
Әрсе текшенің жағы мен бақылаушының аралығында орналасқан деп есептеледі.Текшенің 1 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын оның алдынан қарағандағы көрінісі немесе алдыңғы көрінісі деп атайды.
Текшенің 2 жағы – үстіңгі көрінісі.
3- сло жақ көрінісі,
4- оң жақ көрінісі,
5 –астыңғы көрініс,
6 – артқы көрініс деп аталады.
Сызба алу үшін текшені жайып, оларды бір жазықтықпен беттестіреді. Сонда 1,2,3және 6 жақтардағы көріністер бір деңгейде орналасады, олар өз ара горизонталь байланыста болады. Ал сызбада берілген 1,2 және 5 жақтарындағы көріністер вертикаль байланыста орналасады.
Ол үшін сызудағы проекцияға назар аударайық.
Проекция жазықтығы дегеніміз не, Олар қалай аталады? Берілген проекциядан қандай геометриялық денені байқауымызға болады? Сызбада үш жақты берілген проекция үлгісі. Яғни айтқанда фронталь, горизонталь, профиль
.Бүгінгі тақырыпта берілген 6 көріністің кей кездері қажеті де болмай қалады. Мысалы берілген нәрсе оқуға жеңіл болса, оны екі жақты проекциялау үлгісімен сызуға болады.
Алдыңғы көрініс деп отырғанымыз өткен тақырыптағы фронталь проекция, үстіңгі көрініс – горизонталь проекция, сол жақ көрініс – профиль проекция екені бізге мәлім.Берілген сызбада нәрсенің алдыңғы көрінісі басты көрініс деп атайды. Қай уақытта да нәрсенің басты көрінісін анықтай білуіміз керек. 100- суретке назар аударыңдар. Сызбадағы көріністер саны мүмкіндігінше аз болғаны жақсы, бірақ олар нәрсенің барлық бөліктерінің геометриялық пішіні мен өлшемдерін толық айқындауға жеткілікті болуы керек. Сызбадағы көріністердің санын азайту үшін нәрсенің көрінбейтін бөліктерін көріністерде үзілме сызықтармен көрсетуге болады. Мысалы берілген тетік бөлшектің екі көрінісі бойынша оның үшінші көрінісін салу оңай.

Сызудағы тапсырма:

Сабақты қорытындылау: « ТЕСТ »

Үйге тапсырма: 104 – суреттің ә).
№ 3. Тест тапсырмасы.
Аты-жөні:---------------------------------------------------
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.