Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Күзгі пейзаж,акварель,гуашь -

Күзгі пейзаж,акварель,гуашь

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2155 | Размер: | Автор: гость
. Бейнелеу өнері
Сыныптар 5 –сыныптар
Сабақтың тақырыбы: Күзгі пейзаж,акварель,гуашь
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбиелік : әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық : оқушылардың ой өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру
Құрал жабдық,көрнекіліктер: сурет дәптер, түрлі түсті қарындаштар,қылқаламдар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс тәсілдері : түсіндіру,сурет салу
Сабақтың барысы: ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру
в) үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырып : түрлі- түсті бояумен сурет салу кескіндемеге жатады.
Кескіндеме – бұл жазықтық бетіне ( кенеп, ағашғ үй қабырғасының беті) жағылған әртүсті бояу қабаттарының көмегімен жасалған өнер шығармасы. Кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі – түстің реңіне байланысты айқындалады.
Табиғатта кездесетін түстер негізінен үш түске бөлінеді.Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары , қызыл сары түстер жатады.
Ал суық түстерге көк, көгілдір,жасыл түстер кіреді.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан.Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары.
Реңк бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі.Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады.Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылы түске жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады.
Мысалы алтын күз мезгілін алсақ , жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әдемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.
Тақырыпты бекіту : 1. Негізгі түстерді ата.
2. Күз мезгілінде қандай түстер көп кездеседі?
Бағалау : оқушыларды бағалау
Үйге тапсырмасы: «Күзгі жаңбыр» тақырыбында сурет салу.

Қаралды ____________
_____________ 2015 ж
Бейнелеу өнері
6 – сыныптар 28. 09. 2015 ж
Сабақтың тақырыбы : «Күзгі натюрморт»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбиелік :эстетикалық тәрбие беру, ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық : натюрморт жанры туралы түсініктерін тереңдету
Құрал – жабдық, көрнекіліктер: сурет дәптер, түрлі - түсті бояулар
Сабақ түрі : аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру , сурет салу
Сабақтың барысы : ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру
в) үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырып :Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт жанрлары бар.
Натюрморт өлі заттардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.
Натюрморт жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құрылымымен орындалған көркем шығарма болып табылады.
Натюрморт қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді.
Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын,күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.
Ал күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.
Натюрморт алғаш рет XVIII ғасырдың басында Голландияда пайда болған.
Қазақстан суретшілері арасында А. Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын мың құбылта бояулармен салған жұмыстарын тамашалауға болады. Сондайақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанаеваның натюрморттарын атап айтуға болады.
Қандайда бір сурет салмайық , оның барлығына ортақ белгілі бір жолы, кезеңі болады. Натюрмортты салу төрт кезеңмен орындалады.
1. Зат бейнесінің орналасуын анықтау
2. Құрылымын табу
3. Пішінін айқындау
4. Суреттің аяқталуы
Күзгі натюрмортты салу барысында күзде пісетін жеміс жидектерді, көкөністерді пайдалануға болады. Мысалы қауын, қарбыз, алма, алмұрт, асқабақтарды пайдалануға болады.
Тақырыпты бекіту : 1. Натюрморт салу неше кезеңнен тұрады?
2. Натюрморт нешеге бөлінеді?
Бағалау : оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасы: «Күзгі натюрморт » тақырыбында сурет салу

Қаралды ____________
_____________ 2015 ж
Бейнелеу өнері 5 - сыныптар
24. 11. 2015 ж
Сабақтың тақырыбы : «Натюрморт» , Акварель , Гуашь
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбиелік : эстетикалық тәрбие беру, ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық : натюрморт жанры туралы түсініктерін тереңдету
Құрал – жабдық, көрнекіліктер: сурет дәптер, түрлі - түсті бояулар
Сабақ түрі : аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру , сурет салу
Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып : Натюрморт – француз сөзі дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.Қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі – тұрмыстық заттар мен жеміс – жидектерді , өсімдіктерді , тағамдарды бейнелеу.
Натюрморт – жансыз заттармен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады.Натюрморт – қарпайым және күрделі болып екіге бөлінеді.
Қарапайым натюрморт екі , үш заттан аспайтын күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан , бұйымдардан тұрады.Ал , күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.
Натюрморт алғаш рет 17ғасырда Голландияда пайда болды.
Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда батыста дамыды.Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар.Натюрморт С.Шарден , П.Сезанн , М.Сарлен , А.Матисс ,И.Машков ,К.Коровин ,А.Герасимов т.б көркем шығармаларында көрінім тапқан.
Қазіргі Қазақстан суретшілерінің көркем шығармаларында натюрморт жанрын кездестіруге болады.Атап айтқанда А.Ғалымбаева , Г.Ысмайлова , Т.Тоғысбаев , С.Айтбаев , Ш.Сариев , Н.Нұрлыбаев т.б еңбектерін айтуға болады.
Тақырыпты бекіту :Натюрморт алғаш рет қайда болды?
Үйге тапсырма : Үй тапсырмасына натюрморт салып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.