Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Л.ҚҰТТЫБАЕВА, №50 орта мектебінің мұғалімі
Білімділік мақсаты: Кітап графикасына түсінік беру. Кітаптың көлемін, сыртқы пішінін, ішкі мазмұнына байланыстырып көркемдеу.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткен сабаққа тоқталып өту.
1. Оттиск дегеніміз не?
2. Көркемдеп оймыш тәсілмен сурет салу, көркемдеп жазу, заттардың бетіне ойып, батырып, сызып өрнек түсіру әдісі қалай аталады?
ІІІ. Жаңа сабақ. Кітап графикасы
Кітап графикасымен суретші-графиктер айналысады. Суретшілер тек сурет салып қоймайды, олар біздің күнделікті қолданып жүрген бұйымдарымызға да жобалар жасайды. Мысалы: білім алып жүрген оқулықтарымызға да суретші-графиктердің қосқан үлесі мол.
Кітаптың көлемін, сыртқы пішінін, ішкі безендіру жұмыстарын оның мазмұнына байланыстырып көркемдейді. Кітапты безендіру жұмыстары эскизін жасаудан басталады. Оның форматы, пішімі айқындалады. Кітаптың ішкі мазмұнына сай оның мұқабасына сурет салынады немесе көркем жазумен әшекейленеді.
Қай кітапты алып қарасаң да, сурет композициясы, кітаптың аты, авторлардың аты-жөні, баспаның аты, жарық көрген жылы жазылады.
Ертегіні тыңдатамыз.
Тапсырма: Кітап графикасы
1. Кітаптың суретін салу.
2. Мазмұнына байланысты сыртқы мұқабасын көркемдеу.
ІҮ. Қорытынды бөлім. Жасаған жұмыстары бойынша көрме ұйымдастыру, бағалау жұмыстары жүреді.
1. Кітап графикасы дегеніміз не?
2. Кітаптың сыртқы мұқабасын кімдер көркемдейді?
Ү. Бағалау. Оқушылардың белсенділігі бағаланады.
КӨРМЕ. Кітаптың үлгілері көрсетіледі.
Ақтөбе қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.