Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Натюрморт түстік шешімін табу -

Натюрморт түстік шешімін табу

Сабақ жоспары | Предметы | Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1767 | Размер: | Автор: нартай
. Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Ашық сабақ
тақырыбы:
Натюрморт түстік шешімін табу
/6 сынып/

Пәні мұғалімі: Исмагулова Э.Г.

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт түстік шешімін табу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Нәрселердің әр түрлі көлемін салыстырмалы түрде елестете отырып , әр жазықтықта бөліп, геометриялық бөліктерге дағдыландыру. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету.
Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен шеберліктерін дамыту. Натюрморт жаныры туралы білімін тереңдетуКөркем бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құра білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік: Шеберліктерін шыңдау,төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Бейнелеу өнерінің эстетикалық мазмұнын оқушылардың бойына сіңіру.Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ашық сабақ (білім іскерлік дағдыны қалыптастыру)
Жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу
Сабақтың әдісі:Практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс, оқушы ізденуі.
Пән аралық байланыс: геометрия, тарих, сызу.
Сабақ барысында игеруге тиісті проблемалар: пішін сұлулығы пропорциясы, түстік үйлесімділік.
Көрнекі құралдар: Арнайы қойылым заттары, бояулар түсінің реттік тәртібін көрсететін суретшілер шығармаларының иллюстрациялары т.б.
Оқушылар үшін: ақ қағаз, акварель бояу, қыл қалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті ақ түсті пластикалық тақтайша. (15х15см) (палитра)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тізім бойынша үй тапсырмасын тексеру.
1. «Натюрморт» дегеніміз не?
2. «Натюрморт» қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді?
3. «Натрюморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды?
4. Қағаз бетін қалай таңдап аламыз?
5. Компоновка дегеніміз не?
Сұрақтардың жауабы:
1. «Натюрморт» дегеніміз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген көркем шығарма.
2. «Натюрморт» – француз сөзі дәлме-дәл мағынасы. «Өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.
3. «Натюрморт» алғаш рет ХУІІ ғасыр басында Голландияда пайда болды.
4. Қағаз бетін заттар мен бұйымдардың көлеміне байланысты таңдап аламыз. (тігінен немесе көлденеңінен)
5. Компоновка дегеніміз – орындалатын жұмыста жоспарлау. Яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
1. Заттың суретін бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеу.
2. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу.
3. Жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.
4. Жұмыс барысында (бояу барысында) заттың көлемін көрсете білу.
Практикалық жұмыс:
Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.
- пішіні қандай заттар?
- Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру.
ІҮ. Бекіті.
Сабақты «Кім жылдам?» натюрморт сөзжұмбағымен қорытындылау.
1.Негізгі түстер.(фон)
2.Суға жақсы еритін бояу (акварель)
3. Сұйық қара бояу (тущь)
4. Кеуделік мүсін (бюст)
5. Бір түсті бояу арқылы орындалған сурет.(графика)
6.Кеңістікте сомдалған көркем шығарма (мүсін)
7.Әр түрлі материалды жапсыру арқылы орындалатын көркемдік жұмыс (коллаж)
8. Әшекейлі бұйымдар жасайтын адам (зергер)
9.Алғашқы негіз (түпнұсқа)



Ү. Бағалау
Оқушылардың жұмысына таңдау жасап, бағалау.
1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі.
2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.
3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері.т.б.
4. Оқушылардың жұмысын бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма:
Натюрморт тақырыбына реферат дайындап келу.

Аты-жөні: ______________________________________________________________

Р\с Сұрақтар Жауабы
1 Бейнелеу өнерінің жанырын ата а)оюөрнек
ә)нарюрморт
б)сәулет өнері
2 Егер салынатын зат, уақытша болса да қозғалмайтын ,асықпай салынатын сурет. а)рефлекс
ә)пейзаж
б)ұзақ салынатын сурет
3 Жылдам салынатын сурет а)ұзақ салынатын сурет
ә)нобай (наброска)
б) портрет
4 Астар түс а)фон
ә)рефлекс
б)ақ түс
5 Жазықтық бетіне бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма а)натюрморт
ә)живопись
б)пейзаж

Аты-жөні: ______________________________________________________________

Р\с Сұрақтар Жауабы
1 Негізгі түстер а)ақ ,қара
ә)күлгін сары,көк
б)тоқсары,жасыл
2 Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма а) пейзаж
ә)графика
б)натюрморт
3 Жан- жануарларды бейнелейтін көркем шығарма а)тұрмыстық жанр
ә)анималистік жанр
б)моринистік жанр
4 Соғыс оқиғалары бейнеленген көркем шығарма а)батальды жанр
ә)анималистік жанр
б)моринистік жанр
5 Адамның бет пішінін бейнелейтін көркем шығарма а)автопортрет
ә)карикатура
б)портрет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.