Меню
Назад » » »
Өнерлі болсаң, озып көр Г. Р. ҚҰДАБАЕВА
загрузка...

загрузка...
Өнерлі болсаң, озып көр
Г. Р. ҚҰДАБАЕВА
Құрық орта мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 6 сынып оқушылары арасындағы «Өнерлі болсаң, озып көр» атты сайысына қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, – деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:
1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.
2. «Өлең – сурет». (өлең мазмұнына байланысты сурет салу)
3. Жұмбақ шешу және сурет салу.
4. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік болса сол алда
ері қайту
Білікті жықса біреуді Білімді мыңды жығады. Инемен құдық қазғандай, Білімнің шыңына шығады-дей отырып кезекті білім сайысына берейік. Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.
І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру
1.Бейнелеу өнерінің түрлерін ата.
2.Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма.
3.Перспектива дегеніміз не?
4.Бояу араластыратын тақтайша қалай аталады?
5. Қазақтан шыққан тұңғыш әйел суретші кім?
6.Суға тез еритін бояу.
7.Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз?
8.Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады?
9.Түстер неше түрге бөлінеді және қандай?
10.Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма.
11.Бір түсті бояу арқылы орындалған сурет қалай аталады?
12.Натюрморт деген не?
13.Автопортрет дегеніміз не?
14.Әшекей бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?
15.Қазақстың тұңғыш кәсіби суретшісі кім?
16.Египеттегі зәулім құрылыс қалай аталады?
17.Бояумен сурет салуға арналған құрал.
18.Металға жасалған гравюраның бір түрі.
19. «Дастарқан» атты картина кімнің шығармасы?
20.Қазақстандағы қандай мұражайларды білесіңдер?

ІІ-кезең. Әр топқа Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты суреттер салғызу.(топтық жұмыс)
Салған суреттері бойынша әңгімелей отырып, постер қорғау.

ІІІ-кезең. Жұмбақ шешу. Жұмбақтың жауабын үш тілде айту және суреттерін салып көрсету.

1.Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян, заяц,rabbit,hare)

2.Күні-түні сөйлеймін,
Өлең айтам, билеймін.
Бәрін-бәрін көрсетем,
Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар, телевизор,TV)

3.Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш, дерево, tree)

4.Сан ойлантады, сан мұңайтады,
Үндемей-ақ әңгіме айтады. (кітап, книга,a book )

5.Үйір-үйір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (түйе, верблюд, camel)

6.Жүз мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (киіз үй, юрта,yurt )

7.Тағамдардың асылы
Қуат берер күші бар. (нан, хлеб,bread )

8.Ерте тұрдым да, Қос жолға түстім. (Шалбар, брюки,pants)

ІҮ-кезең. Мақал-мәтелдер жарысы. Әр топ мақалдың жалғасын табу.
 Өнегелі елден ... бала туар.
 Ойсыздан ... шықпайды.
 Өнерліге ... жоқ.
 ... бала – елдің көркі,
... қамыс – көлдің көркі.
 ... бала сүйкімді .
 … - ағып жатқан бұлақ,
… - жанып тұрған шырақ.
 … өнері кілемде.
… өнері өлеңде.
 … көзі халықта.
 …таппай мақтанба,
... таппай баптанба.
 ... көпке жеткізер,
... көкке жеткізер.

Ү. Сайысты қорытындылау.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.Кері қайту
ҮІ.Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы,
Құрық ауылы. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Өнерлі болсаң, озып көр Г. Р. ҚҰДАБАЕВА можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 395 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar