Меню
Назад » » »
Түстердің жарыққа тәуелдігі
загрузка...

загрузка...

Сабақтың тақырыбы:   Түстердің жарыққа тәуелдігі    

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:                        Оқушыларға тақырып бойынша төменгі сыныптарда алған білімдерін қосымша мәліметтермен толықтыру; білімдерін арттыру..

Дамытушылығы:        практикалық сабақ барысында бейнелеу өнерінің түрлеріне эскиздер жасау, сурет салуларын ұйымдастыру.

Тәрбиелілігі:                     Оқушылардың   сабақ барысында ұқыпты әрі таза отырып, сабаққа белсенді атсалысуларын,  қалыптастыру.

Көрнекілігі:                       кітап, иллюстрациялық материалдар.

Сабақтың түрі:                дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:               баяндау, сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

А) оқушыларды түгелделдеу

Б) оқу құралдарын тексеру

В) өткен материалдарды қортындылау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

 

Жаңа сабақ   Импрессионизм бағытының негізін қалаушылардың бірі-Камиль Писсарроның Париждегі Монмартр алаңын бейнелеген, құрылымы бірдей үш туындысын көріп тұрсыңдар. Алайда жұмыстардың әрқайсысы түрлі әсер береді және түстер гаммасы да әр түрлі. Өздерің де байқаған боларсыңдар, суретші бірінші құрылымда қапырық тал түсті, екіншісінде-түнгі Парижді, ал үшіншісінде таң сәріні бейнелеген. Таң сәріде, күн ұясынан әлі шықпаған кезде айнала жарық болғанымен барлық заттар қанықпаған бозғылт көгілдір түске боялады. Күн шыққан соң барлық заттар қаныққан ашық түске айналады. Ал көлеңкеде заттардың түсі қанықпаған қою түске боялады. Кешке қарай күн  батар кезде жарық та азаяды, түстер қанық реңін жоғалтып, анағұрлым кұңгірт тартып, суық реңктерге ауыса бастайды. Ал түнде түстер реңін жоғалтып, пейзажда тек қою, қара реңкті түстер ғана қалады. Демек тәулік мезгілі мен ауа райының әр түрлі жағдайларында заттардың түсі өзгеретініне көзіміз жетті. Ағаштар таңертеңгі ашық жасыл түстен түнге қарай қара түске айналады. Үйлер мен аспан да сондай. Жарық неғұрлым мол түссе, кез келген заттың түсі ашық, айшықты болып көрінеді, бұл құбылысты табиғат аясында бақылауға болады.

 

Қортындылау

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдеріне ауызша сұрақ беру арқылы әрі алғашқы нобайларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма:  Тақырып бойынша басталған жобаны аяқтау, нобайлар жасау.

 

Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Түстердің жарыққа тәуелдігі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 317 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar