Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сабақтың тақырыбы: Қысқы пейзаж
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнеклігі: Интерактивті тақта, Paint net графикалық редакторы
Пәнаралық байланыс: геометрия, информатика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV.Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгелдеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Бекіту сұрақтары:
 Симметрия және асимметрия дегеніміз не?
 Асимметрия не деген ұғымды білдіреді?
 Симметриялық жүктеме дегеніміз не?
 Симметриялық қасиет қандай болады?
 Симметрия мен асимметрияның айырмашылығы қандай?
 Композиция қандай ұғым?
 Композицияның бейнелеу өнеріндегі маңызы қандай?
 Геометриялық денелердің аттары?
 Шар тәріздес денелерді қайдан кездестіруге болады?
 Цилиндр тәріздес денелерді қайдан кездестіруге болады?
 Пирамида тәріздес денелерді қайдан кездестіруге болады?
Симметрия (гр. symmetrіa — мөлшерлес) — Жиі кездесетін математикалық ұғымдардың бірі, центрге немесе өс жазықтығына қатысты алғанда бірдей пішінді фигуралардың орналасуы.
Асимметрия (гр. asymmetria, көне грекше: ασυμμετρία «сәйкес емес», көне грекше: μετρέω — «өлшеу»). Бөліктердің бір-біріне сай болмауы, симметриясыздық. Көбіне бұл ұғым визуалды нысандарға және өнерге қатысты пайдалынаылады.
Симметриялық жүктеме-жақтаудың оң жағына түсірілген барлық сыртқы күштер сол жағына түсірілген күштердің айнадағы кескіні болатын күштерді айтамыз.
Симметриялық қасиет-симметрия жазықтығыңда симметриялық жақтауға күш түсіргенде қиғаш симметриялық күш факторлары нөлге тең болу қасиеті.
Композиция дегеніміз – латынның «Compositio», «ойлап табу», «құрастыру» деген сөзінен шыққан ұғым.
Композиция ұғымы өнердің барлық түрлеріне қатысты қолданылатын бейнелеу мүмкіндігі ретінде танылады. Бұл бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, дизайн түрлерінің барлығымен байланысы бар ұғым.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Суретіміздің тақырыбы «қысқы пейзаж». Қыс мезгілінде табиғатты немесе қала, ауыл, көше көріністерін бейнелеген кезде ақ фон және ақ түстерді көп кездестіреміз. Соның салдарынан суретші пленэр жұмысын жасаған кезде түстерді қанық, өзгертіп түсіріп отырады. Немесе қою түсті фон іздеп картинканы ашатын бағыт іздеп отырады. Мысалы дала көрінісін салатын болсақ бізге айырықша дене ұшырамаса суретті ашатын элементтер азайып кететіні белгілі. Сондықтанда көбіне суретші ақ түсті көкшіл немесе боз т.б түстерге алмастырып отырады.
Біздің салатын суретіміз қысқы дала көрінісі. Ерекше көзге әсер ететін түстердің бірі қара және қою түстер болғандықтан даланың түнгі көрінісін саламыз. Желсіз түнде, жарық ай астында жапалақтап жауған қар мен жалғыз кішкентай шыршаны елестетсек. Жерде күртік ұлпа қар мен тым тырыс ұйқыға батқан далада сол шыршадан басқасының бәрі бір жола көшіп кеткендей болып тұрады.
Paint графикалық редакторын ашамыз.


Сол жағында орналасқан құралдардың ішінен градиентті редакторын алып политрадан көк және қара түсті таңдап ақ беттің төменінен жоғары қарай тышқанның көмегімен тартсақ төмендегідей фон пайда болады.

Құрал панелінен кисть батырмасын және политрадан көк түсті алып томендегідей көкжиек сызығын жүргізіп бояп шығамыз.


Осылайша көк түсті ақшыл көкке айналдыра отырып төмен қарай бояуымыз керек. Сонда келесі төмендегідей сурет пайда болады. Түсті политрадан өзгертіп отырамыз.

Келесі айдың суретін саламыз. Ол үшін қылқаламды үлкен өлшемде алып кішірейте бояй береміз. Түсін политрадан ақшылдата отырамыз. Сонда келесі сурет шығу керек төмендегідей.

Келесі шыршаның суреті. Ол үшін жасыл түс аламыз. Салынған шыршаның көлеңкесін саламыз қою жасылмен. Көлеңке әр жапырақтың астынан боялады. Ақ түспен шыршаға қонған қарды бояп, жапалақтап жауған қарларды түсірсек керемет қыс көрінісі шыға келеді. Тек ақ нүктелерді шамадан тыс асырмау қажет.


Тапсырма: Тақтада салынған суретті көшіріп салу.
Үйге тапсырма: Қысқы көше көрінісі
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.