Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
1836-38 жылдардағы Ішкі (Бөкей) ордасындағы Исатай, Махамбет бастаған қозғалыс. -

1836-38 жылдардағы Ішкі (Бөкей) ордасындағы Исатай, Махамбет бастаған қозғалыс.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1550 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: 1836-38 жылдардағы Ішкі (Бөкей) ордасындағы Исатай, Махамбет бастаған қозғалыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : «Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің»-демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы, Махамбет бастаған көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы, Махамбеттің тағдыры туралы түсінік беру.
Тәрбиелік :»Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз»-дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, «Бабалар ерлігі-ұрпаққа үлгі»,-деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке,Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі:Жаңа білім негізін қалыптастыру.
Қолданылатын әдістер:Тірек-схема,таблица, тест, баяндау, сұрақ-жауап, «Баскетбол ойыны».
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет,сызу, бейнелеу, ән, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, плакаттар, кадоскоп, тест, схема, радио,ТСО, карта.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Б) Оқушыларды түгендеу.
В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Махамбет туралы жан-жақты ізденіп келу.
3.Жаңа тақырып:
1836-38 жылдардағы Ішкі (Бөкей) ордасындағы Исатай, Махамбет бастаған қозғалыс.

Ер туып жоқ елді бар қыла алмайды,
Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды. Б.Момышұлы.

.

Бейнетаспа көрсетілеледі «Жәңгір хан» «Егеулі найза қолға алып»

«Ел қорғаған –ер бабаң»




Махамбет, Исатай қорлықта жүрген халқына бостандық алып берем деп, кескілескен шайқасқа түсіп,халық жағдайы үшін қандай қиыншылық болса да төзе білді. Олар өздерінің мақсаты үшін өлімнен де тайсалмады .
Сондықтан да Махамбет-ұлы тұлға. Ол суыт жүрістің, жорықтың, қан майданның ақыны, жыршысы болған деп айтуға болады.
«Жігітке жеті өнер де аз»,-деп айтқандай,Махамбеттің тұла бойы тұнған өнер.

Махамбеттің күйін тыңдаттым.
4.Жаңа тақырыпты бекіту.

2 топ (5 адамнан) бір-біріне сұрақ қояды, жауап бергенге ұпай жиналады

1 1
Доп (бірінші бет)
2 2
1. Махамбеттің жастық шағы.
2. Махамбеттің өлендерінің тақырыбы.
3. Бөкей ордасы жайлы әңгімеле.
4. 1836-38 жылдары көтеріліс болған жерлер.
5. Көтерілістің қозғаушы күші.
6. Көтерілістің жеңілу себебі неде?
7. Махамбеттің ерлік туралы өлеңдерін ата.
8. «Жәңгірге» деген өлеңін айт.
9. Махамбет туралы зерттеулер.


Б) «Тапқыр болсаң тауып көр»
(таңдамалы тестпен жұмыс)

Р/ Сұрақтар
Жауаптар
А В С
1 Махамбет қай жылы дүниеге келді? 1805 1804 1801
2 Бөкей ордасының негізін қалаған? Бөкей Жәңгір Айшуақ
3 Көтеріліс қашан басталды? 1835 1836 1838
4 Көтерілісті басқарған кімдер? Айшуақ Кенесары Исататай, Махамбет
5 Көтеріліс кімге қарсы бағытталды? Ханға қарсы Шаруаға Старшынға

«Махамбет»

1.1806 жылы Бөкей хандығы құрылды.
2.Оның негізін қалаған Жәңгір.
3.Махамбет Өтемісұлы 1805 жылы дүниеге келді.
4 Бөкей ордасындағы көтерілісті Кенесары басқарды.
5 Көтерілістің нәтижесінде Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтары жеңіске жетті.
В)
Р/С Сұрақтар

1 Махамбет кім?
2 1836-38 жылғы көтерілістің басталу себебі?
3 Махамбеттің өлеңдерінің тақырыбы
4 Махамбеттің күйлерін ата
5 Көтерілістің нәтижесі
6 Махамбет туралы зерттеу жұмыстары

6 .Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма.
«1836-38 жылдарға саяхат» тақырыбында ой-толғау (әңгіме жазу).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.