Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ хандығының сыртқы - ішкі жағдайы. -

Қазақ хандығының сыртқы - ішкі жағдайы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2336 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақ жоспары

Сынып: 7 Қазақстан тарихы
Күні:
Сабақтың тақырыбы: § 37 Қазақ хандығының сыртқы - ішкі жағдайы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы қазақ хандығына
көршілес мемлекеттердің қауіп төндіруі қазақ хандығының
құрылуының тарихи маңызы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар орындау тірек- сызбалар арқылы
оқушылардың білік- дағдыларын дамыту .
Тәрбиелік: Елін сүюге тарихын құрметтеуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, тапсырмалар орындау.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: Топқа бөлу.
«Атом молекула» ойыны бойынша 3 топқа бөлу. (6
молекула) Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
«Мен саған,сен маған» әдісі бойынша үй
тапсырмасы бойынша 5 сұрақ дайындау.
I - II ; II- III; III- І топқа сұрақ қояды.
Сәйкестендіру
М.Х.Дулатидің дерегі бойынша
қазақ хандығы құрылды.
Қазақтың бірінші ханы Жетісудағы Қозыбасы
Қазақтар моғол ханынан көмек сұрады. Ойраттардың шабуылы
Керей хан сайланған жыл 1465-1466
Әбілқайыр хандығын әлсіретті Керей
Қазақ хандығының құрылған жері Есенбұға
Жаңа сабақты меңгерту:
Жоспар:




Жаңа тақырып бойынша тапсырмалр беру. Ойлануға 7 минут
І топқа тапсырма:
Мәтінмен жұмыс.
Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы (тірек-сызба )
XV-XVII ғғ қазақ хандығының ең жоғарғы билеушісі хан болды.Хандық билік мұрагерлікпен беріліп, тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отыра алған. Ал сұлтан атағы тек Шыңғыс тұқымдарына берілген. Алшғашқы кезде таққа хан тұқымдарының жасы үлкендері ие болатын.
Хан сайлауға сұлтандар, ұлысбектер, билер, ақсүйектер қатысқан. Билер қоғамның белсенді басқару мүшесі болған.
Қазақ қоғамын басқару жүйесі ұлыстарға бөлініп отырған. Сондықтан да ұлыс Қазақ хандығының басты саяси-экономикалық басқару жүйесі болған.
Әлеуметтік құрамы: Шыңғыс тұқымдарынан шыққан ақсүйектер сұлтандар мен қожалар. Бір саты төмен жергілікті ру – тайпалардан шыққан билер, бай – шонжарлар, батырлар, ақсақалдар,одан кейін қарапайым халық бұқара. Бас бостандығы жоқ ер адамдарды құлдар, ал әйел адамдарды күңдер деп атаған.

ІІ топқа тапсырма: «Суреттер сөйлейді» Қазақ халқының тұрмысы , шаруашылығы туралысуретке қарап сипаттама беріңіз.

ІІІ топқа тапсырма:
XV ғ.соңында қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды? Жоба құрастыру
Бекіту:

Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы туралы Эссе жазу (5 минут.)

Симантикалық карта

Ханның есімі XVғ 70ж Сыр бойы қалаларын басып алды Шайбани хан бірікті XVғ 80ж Сауран, Сығанақты қайтарып алды
Шайбани хан
Моғолстан мемлекетінен
Қазақ хандары
Үйге тапсырма:

§ 36 оқу

Бағалау :
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.