Меню
Назад » » »
Қазақстандағы қоғамдық- саяси қозғалыстар
загрузка...

загрузка...
Күні: 02.03.15ж. КЛ: 9а,ә Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қоғамдық- саяси қозғалыстар
Сабақтың мақсаты: XX ғасырдағы Қазақстанда болған Азат қозғалысының, «Невада- Семей» қозғалыстарының мақсат- міндеттері мен жеткен жетістіктерімен таныстыру
Білімділігі: Азат қозғалысы саяси күрес екендігін, Невада- Семей қозғалысының антиядролық, экологиялық қозғалыс екендігі түсіндіріледі.
Тәрбиелігі: Тақырыптың тәрбиелік мазмұнына тоқталып оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, бойына патриоттық сезім ұялату.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба, кестелер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша


Жаңа сабақтың жоспары: Мұғалімнің сөзі:
"Азат" азаматтық қозғалысы - қоғамдық-саяси ұйым.
• Мерзімі: Құрылтай мәжілісі Алматыда 1990 ж. 1 шілдеде өтті. Басты мақсаты: "Халықаралық Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу".
• Қозғалыстың 14 облыстық ұйымы бар. 1990-1993 жж. аралығында "Азат" газеті шығып тұрды.
Атқаратын қызметтері:
• Қазақстанды қазақ халқын отаршылық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту ушін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке ұсыныстар жасады
• сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға тойтарыс беру
• адам құқықтарын қорғау және т.б. ұлт мүддесін көздеген мәселелерді батыл көтере білді.
«Невада- Семей» қозғалысы
Мерзімі: 1989 ж 28 ақпан. Алматы
Жетекшісі: Олжас Сүлейменов сол кездері Семей облысының атынан КСРО депутаттарының I съезіне қатысқалы отырған О.Сүлейменов 1989 жылы 28 ақпанда ядролық сынаққа қарсы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құру туралы үндеу тастады
Міндеті: Семей ядролық полигонын жабу
Сипаты: Митингілер, шерулер, республикалық- халықаралық шеңберде ғылыми мәслихаттар құрылды.
Нәтижесі: 1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қаулысымен полигон толықтай жабылды. Кейіннен 29 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты.
Қорытындылау: Кестені толтыр.
Қозғалыстар аты Мерзімі ерекшелігі пайдасы


Бағалау
Үйге тапсырма: 1. «Ядролық қарусыз әлем – біздің ортақ мақсатымыз» тақырыбында эссе жазу.
2. Тақырыпты түсініп оқу Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақстандағы қоғамдық- саяси қозғалыстар можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 397 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar