Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланысы. -

Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланысы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2485 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланысы

Сабақтың мақсаты: Оқушының таным мүмкіндігін, оқу мақсатын, оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Білімділік: XІХ ғасырда Қазақстанның экономикалық дамуы туралы алған білімдерін ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және шығармашылық зерттеу жұмыстары арқылы тереңдетіп қорытындылау.
Тәрбиелік: Тарихи сананы қалыптастыра отырып өз елінің тарихын, мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалану дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Интегральды сабақ
Сабақтың тәсілі: Компьютерде жұмыс жасау, ауызша баяндау, шығармашылық ізденіс.
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы ( ХІХғ), қысқаша тест, тірек қималар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру. Сыныпты екі топқа бөліп, 1 топ компьютерде топтастырылған «Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы» тақырыбында тест сұрақтарына жауап береді. Жауаптардың дұрыстығын компьютер тексеріп бағалайды.

Тест
1.Орыс, украйын шаруаларын Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай облыстарына қоныстандыру қай жылдары жаппай етек алды?

а) ХІХғ. 70жыл; ә) ХVІІІ ғ. 70жыл; б) ХІХғ. 40жыл; в) ХІХғ. 50жыл

2.ХІХ ғасырдың 90 жылдары темір жолдың ұзындығы қанша шақырым құрады?

а) 513; ә) 482; б) 181; в) 818.

3.Қандай мыс өндіру кеніші шет елдердің өнеркәсіп иелеріне сатылады?

а) Екібастұз; ә) Риддер; б) Спасск кеніші; в) Қарағанды.

4.1832 жылы қай жерде жәрмеңке ашылды?

а) Семей қаласы; ә) Орал қаласы; б) Ақмола қаласы; в) Бөкей ордасы.

5. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда қанша жаңа қала пайда болды?

а) 10; ә) 20; б) 14; в) 19.

Осы уақытта 2-ші топ үй тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап береді: Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру барысына сипаттама жасаңыз.Екінші топ жауабы тыңдалған соң топтар орындарын ауыстырып, 2-ші топ компьютерге отырып Microsoft Word программаcына еніп «Қазақстанда капитализмнің дамуы» деген тақырыпта кесінділермен жұмыс жасайды. Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын тауып мониторға шығарып , мұғалімге көрсетеді.

Өндіріс орындарын орналастыр


Семей Балық аулау кәсібі
Балқаш көлі Тұз өндіру
Каспий Арал теңіздері ХІХғ. Соңында белгілі болған көмір алабы
Басқұншақ 1848ж. Қарқаралы уезіндегі жәрмеңке
Талдықорған 1887ж. Ашылған банк бөлімшесі

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тақтаға сөздер жазылады. Қазақстан, Қытай жәрмеңкелері. Тақтадағы сөздерге түсінік беріле отырып, оқушылардан тақырып не туралы екенін болжаулары сұралады.
Жоспар:
1.1851жылғы Құлжа, 1881жылғы Петербург келісімдері;
2.Қазақстан мен Қытай сауда байланысының дамуы;
Осы жоспар бойынша тақырып ауызша түсіндіріліп, екі келісімнің сипаттамасы ілінеді. Оқушылар қайсысы қай келісім екенін белгілейді.

? ?
1.Батыс Қытайда Ресейдің елшілік орталығы, орыс көпестеріне сауда орындары ашылды 1. Шекаралық аудандарда сауда жүргізу құқығы бекітілді
2. Троицк, Орынбор, Семей, Өскемен кедендерінің сауда құқықтары кеңейді 2. Шекарадан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта шайға баж салығын алмау
3. Қазақтардың күнделікті тұрмысқа пайдалануына қажет тауарлар көлемі артты. 3. Су жолымен экономикалық қатынастарды реттеу.

Картадан сауда аймақтарын көрсету арқылы бекіту:
Жәрмеңкелер: Қазақстанда Кедендік бөлімшелер:
1.Жетісу Қарқара 1. Қатын Қарағай
2. Қонды 2. Зайсан
Қытайда 3. Бақты
1. Құлжа
2. Шәуешек
3. Қашғар
Қорытындылау. Тақырып ХІХғ тарихын зерттеген тарихшы Е.Бекмахановтың пікірімен аяқталады. «ХІХ ғасыр орта тұсында Қазақстанның экономикалық өмірде жаңа әлеуметтік топ байлар көрнекті рөл атқара бастады. Байлар жаңадан болып келе жатқан ұлттық сауда буржуазиясының өкілдері болып табылады». Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан шет елдермен сауда байланыстарын орнатуда. Ендеше ұлттық сауда буржуазиясы ХХІ ғасырда әлі қалыптасуда.
4. Оқушыларды бағалау
5. Үйге тапсырма беру §22 . Оқушыларға таспырма беру. Қазіргі күнгі Қазақстан мен Қытай сауда байланыстары туралы деректер жинақтау.

Маңғыстау облысы. Қарақия ауданы.
Құрық ауылы, № 1 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі: Алиева Ғалия Жақуқызы

Интеллектуальды ойын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тарих сабағынан алған білімдері бойынша қайталау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру;
Тәрбиелігі: Достарын таңдай білуге, өзін дұрыс ұстап мәдениетті түрде ойын, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету;
Дамытушылығы: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге қосымша іздену.

Көрнекілігі: Карта, карточкілер, портреттер, сөзжұмбақ.
Түрі: Дәстүрлі емес.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жоспар:
1. «Бәйге» ( сұраққа тез жауап қайтару).
2. «Кім тапқыр» ( цифрлы диктанттың күндерін анықтау)
3. «Көкпар» ( топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап қайтару)
а) «Портреттер сөйлейді» ( көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу).
ә) Әрбір топ қарсылас топқа қазіргі Қазақстандағы жаңалықтарға байланысты 5 сұрақ дайындайды.
4. Деректік қатемен жұмыс ( карточкіде берілген тарихи деректерді мәтінмен салыстыра отырып қажетін табу).
5. «Мені түсін» ( карточкіге жазылған көрнекті қайраткерлердің сөздері кімге арналғанын табу) .
6. 2-топқа сөзжұмбақ шешу.
7. Қорытындылау, бағалау.

1. «Бәйге»

І топ сұрақтары:
1) Қай болльшевик Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін күресті?
2) 1917ж Қосөкіметке қандай үкімет органдары кірді?
3) 1916ж ұлт-азаттық көтерліс Торғайда ең күшті, табанды және ұзақ болды, көтерліске шыққан адамдар саны қанша?
4)Черкасск қорғаушылары кімнің әскерімен шайқасты?
5) Ш.Уәлихановты әлемге әйгілі еткен қандай еңбегі?
6) Қазақ АҚСР-ін құрған құрылтай съезі қайда және қашан шақырылды?
7) 1916ж ұлт-азаттық көтерліс кезінде Верный уезінің ханы болып сайланған кім?
8) «Алаш» партиясы қашан құрылды?
9) 1921ж жер-су реформасының негізгі мақсаты қандай болды?
10) Патша өкіметінің 1916ж жарлығы бойынша қара жұмысқа кімдерді алу көзделді?
ІІ топ сұрақтары:
1)ЖЭС жылдары Ембі мұнайын өндіруден түскен пайданың қанша пайызы қазақ өлкелік бюджетіне түсті?
2) Орал майданы қашан жойылды?
3) Азамат соғысы жылдарында Атбасар уезіндегі партизан қозғалысының ірі орталығын атаңыз? 4) Жангелдиннің экспедициясы Қазақстандағы қай майданға қару-жарақ әкелді?
5) Азамат соғысы жылдарында қаза тапқан адамдар саны қанша?
6) Семей қаласында 1927ж шілдеде ашық сот процесінде қай атаман жазаға тартылды?
7) Черкасск қорғанысының Қазақстандағы азамат соғысында қандай рөлі болды?

8)1916ж ұлт-азаттық көтерлісінде Торғайдағы сардарбек болып кім сайланды?
9) Жаңа экономикалық саясат неге рұқсат берді?
10) Атамандар Анненков пен Дутовтың казактарының ерекше қатігездігі мен жауыздығы туралы қандай газетке жазылды?

2. «Кім тапқыр» І топ.
1) Азамат соғысының басалуы
2) І-ші дүние жүзілік соғыстың басталуы
3) Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы
4) Патша өкіметі Сібір мен Орал казак әскерлеріне берген жерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет қашан шығарылды?
5) Нешінші жылы республиканың едәуір бөлігінде, әсіресе, Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар саны 82 % дейін жетті.?
6) Қай жылы азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім қабылданды? 7)Ғани Мұратбаевтың өмір сүрген жылдары?
8)Ә. Жангелдиннің «Қызыл керуен» экспедициясы ұйымдастырылған жыл?
9) 1917 ж мамырда Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде әйелдерге еркектермен тең құқық беруге қанша молда қарсы болды?
10) С.Датұлы бастаған көтерліс неше жылға созылды?

ІІ топ.
1)І дүние жүзілік соғыстың аяқталуы?
2) Азамат соғысының аяқталуы?
3) Ғ. Мұратбаев неше жасқа аяқ басқанда жалынды өмірі үзілді?
4) Қазақстандағы индустрияландыру кезеңі?
5)Патша өкіметінің 1916ж жарлығы бойынша қара жұмысқа кімдерді алу көзделді?
6)Қазіргі Қазақстанда неше облыс бар?
7) ІІ-ші дүние жүзілік соғыстың басталуы?
8)Қазақ АКСР-де «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы ұйымдастырылды?
9) ІІ-ші дүние жүзілік соғыс аяқталды?
10) Семей қаласында атаман Б.Анненковқа ашық сот процесі қай жылы жүргізілді?

3.«Көкпар».
І топ.
а) Әліби Жангелдин Тоғжанұлы
ә) Қазіргі Қазақстанның оқиғаларына байланысты 5 сұрақ:
1) ҚР- мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қашан Қабылданды?
2) Желтоқсан оқиғасы болған жылды атаңдар?
3) Қай жылы Ресей елі Қазақстан еліне арнады?
4) ҚР «Ата Заңы» қашан қабылданды?
5) О. Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы қашан жарық көрді?

ІІ топ
а) Мендншов Сейтқалидың туған жылы?
ә) ҚР –на байланысты 5 сұрақ:
1)Қазір дүние жүзінде қанша қазақ бар?
2)Қазақ халқы қай нәсілге жатады?
3)Қазақстанда қанша қазақ тұрады?
4) «Невада- Семей»антиядролық қозғалысы қай жылы құрылды және оның көшбасшысы кім?
5) 1992ж 2 наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды?


4.«Деректі қатемен жұмыс».
Ітоп. 10 сынып. «Қазақстан тарихы»59 бет (деректі материал)
ІІ топ. 10 сынып. «Қазақстан тарихы». 100 бет(деректі материал). ( карточкі қатемен беріледі, соны оқушы мәтіндегі материалмен салыстырып қатесін табады)

5. «Мені түсін».
І топ. а) «Күйзеліс, қайыршылану» деп кімнің, қай жағдайда айтылған сөзі?
ә) «Қазақ елін билеудің екі жолы бар, бірі күшпен билеу үшін генерал губернаторлар сияқты диктатураларды тағайындау, екіншісі қазақ елін өзін-өзі билеу жролы бар» екенін ашық айтқан кімдер?
ІІ топ. а) «Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес.. Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен қарияларға бөліңіздер»- деген сөздерді кім айтқан?
ә) «Торғай облысында ескі .үкіметтің жазалау отрядтары өздерінің зорлық-зомбылық жасап,ойран салған арам істерін осы кезге дейін жалғастырып отыр» деп кеңестік өкіметтің назарын аударған кім?

6. Сөзжұмбақ:
Жасырын сөзі- Жаңа Экономикалық саясат.
1.1921ж 20-31 қаңтарда әлеуметтік қазақ және қырғыз кедейлерге қандай реформа жүргізілді?
2. 1921ж істан шыққан зауыттардың бірі ?
3.Қазақстанда жэс жүргізушілер кімдер?
4. 1921ж қаңтар-ақпан айында жер-су реформасы көптеген уездерде жүргізілді, сол уездердің бірі? 5. Қазақ АКСР-де одақтық маңызы бар трестердің бірі қалай аталады?
6. «Қосшы» одағы, кейін( 1930ж) қандай атауға ие болды?
7. 1921ж құрылған кедейлер одағы қалай аталады?
8. «Күйзеліс, жоқшылық, қайыршылану» деген сөздің иесі кім еді?
9. 1921ж маусым айында облыстық І-ші құрылтай партия конференция өткен еді, бұл конференция қай жерде өтті?
10. Алтайда 1925ж қандай трест құрылды?
11. Азық –түлік салғыртының жанама аты?
12. «Қосшы» одағының ұйымдастырушыларының бірі кім?
13. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру ісін ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылық қоғамы құрылды, ол қандай қоғам?
14. «Қосшы» одағының мүшесі кім?
15. 1921ж жазында Қазақстан жері қандай өзгеріске ұшырады?
16.1921ж наурыз айында Орал губерниясның аумағында қаруланған отряд бүлікшілері әрекет етті, оның бастаушысы кім?
17. 1921ж мамырдың 24-де шыққан декрет не туралы еді?
18. Қазақ жерінде капитализм кезінде тап ретінде қалыптасуы аяқталмаған тап?
19. Бокиннің есімін жаз?
20. 1921ж қай қалада 17 мыңнан астам мүшесі бар «Қосшы» одағының 99 ұясы жұмыс істеді?

7.Қорытынды шешім: Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына байланысты баға қою.

Үйге тапсырма беру.

Құрық ауылы, № 1 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі: Алиева Ғалия Жақуқызы




Қазақтың тыйым сөздері

Мақсаты: Оқушылардың бойына еліміздің ата-салтын, адамгершілік асыл қасиеттерді бойларына сіңіре отырып, үлгі-өнеге алуға баулу.

Мұғалім: Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып, келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы халықтың күн көрісі, тұрмыс-салты, мінез-құлқы ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр сипаты айқын көрінеді. Ата-бабаларымыз өздері тіршілік етіп отырған орта, табиғат, тұрмыс-тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы қарым-қатынас, жақсы-жаман кезеңдерді ой елегінен өткізіп, әр кез оған деген өз көзқарасын білдіріп отырған. Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүниетанымдық қабілетін дамытуды көздейді. Халқымыздың ғасырлар бойы жасасып, бізге жеткен асыл мұралардың бірі-тыйым сөздер. Олардан халқымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімін ғана біліп қоймай, бойымызға тәлім-тәрбие сіңіреміз. Тыйым сөздер мазмұны мен мақсатына қарай тұрмыстық-шаруашылық, еңбек, мәдени-гигиена, экологиялық тәрбие, әдеп мәдениетіне тәрбиелейді.

1.Тұрмыстық- шаруашылыққа байланысты ырым тыйымдар:
1. Нан үстіне зат қойма.
2. Нанды бір қолыңмен үзбе.
3. Нанды лақтырма.
4. Сүтті төкпе.
5. Сыпырғышты тік қойма.
6. Отқа түкірме.
7. Тұзды баспа.

2. Мәдени-гигиеналық мағынаны қалыптастыратын ырымдар мен тыйымдар:
1.Шелектегі суға аузыңды салма.
2. Саусағыңды аузыңа салма .
3. Бас киіммен ойнама.
4. Таңдайыңды қақпа.
5.Басыңды шайқама.
6. Екі езуіңді керме.
7. Шашыңды аяқ астына тастама.
8. Жағыңды таянба.

3.Экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері:
1.Жалғыз ағашты жұлма
2. Көкті жұлма.
3. Малды теппе.
4.Суға дәрет сындырма.
5.Құстың ұясын бұзба
. 6.Су шашып ойнама.

4.Әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер:
1. Үлкеннің алдын кеспе
2. Адамды айналма
.3. Кемтар адамға күлме.
4. Адамға қарап түкірме.
5. Жаман бұзақы сөзге ерме.

6. Кісіге қару кеземе.
7. Үлкеннің эжолын кеспе.
8. Жақсыдан тәбәрік ал, жақсылығы тиеді.
9. Анаға зекіме, азабын тартасың.
10. Барды жоқ деме, барың жоқ болады.

5.Ырымдар мен тыйымдардың баланы қауіптен сақтандыратын түрлері:
1.Отпен ойнама.
2. Оттан аттама.
3. Пышақты шалқасынан қойма.
4. Пышақтың жүзін жалама.
5. Аяқ-қолыңды жіппен байлама.
6. Түнде суға барма
7. Жүгіріп үйге кірме.

Мұғалім: Қазақ халқы осындай ырымдар мен тыйым сөздер арқылы ұл-қыздарын оғаш та осал қылықтарын сынап, тыйым, тәртіпке салып, тәрбиелеп отырған. Ырымдар мен тыйым сөздер- халқымыздың айнала қоршаған орта, табиғат, өзара қарым-қатынас туралы өмірдің өзінен түйіндеген пайымдаулары мен қағидалары, философиялық тұжырымдары, әлеуметтік және мәдени тұрмысының көрсеткіші.

6.Ырымдар мен тыйымдар және экология.
Ежелгі халықтардың туған топырақ, атамекен, табиғат, жан-жануарлар туралы ұғым-түсініктері, таным-талғамдары ырымдар мен тыйым сөздерден ерекше орын алған. Қазіргі мекен тұрағымыз, жеріміз экологиялық апат аймағына айналып, экологиялық сырқатымыз асқынып, дағдарып отырған кезеңде де ата-бабаларымыздың мың жылдық тәжрибесінен үйренеріміз көп. Қазақ халқының ұрпағына экологиялық білім мен тәрбие беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән-мағынасына ой жүгіртіп көрейік. Олар негізінен жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рақымшылық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тәрбиелейді.

7.Халқымыз «Көкті жұлма» деген, «Көкті жұлсаң көктей соларсың» деп жаман ырымға жорып, жұлғызбаған. «Нанды бір қолыңмен үзбе», «Нанның үгіндісін аяққа баспа» деген сөздерде дәмге, оны дастарханға келтіретін еңбекке деген құрмет сезімінің ізі бар. Сондай-ақ ата- бабамыз «Тал кескенше, қолыңды кес», «Қарағай кессең, қаңғырып қал» деп өсіп тұрған ағашқа тигізбейді. От жағуға тек қарағай мен шыршаның кеуіп кеткенін, малдың қиы мен тезегін пайдалануда күнкөріс қамынан да басқа себеп болса керек.

8. Халқымыздың тобылғылы сайға қой түсіртпей, ши атаулыны қорық қылып, күзет қоюының өзі күнкөріс қамы ғана емес, табиғатты қорғау, аялау әрекетінен туындаса керек. Қазіргі кездегі орындалып жүрген халық әндерінің бірі «Тобылғы сай» аталуы тегін емес.

9. Қазақ халқының жер,су туралы ұғым-түсініктеріне назар аударалық «Обал болады» деп егінді, шалғынды жерді бет алды бастырмаған, «Ағын судың арамы жоқ» деп суға дәрет сындырмаған, «Судың да сұрауы бар» деп ағынды суды бұрғызбаған.

10. Құстар мен аңдарға жасаған рақымшылығын мынадай ұғымдардан білеміз: «Құстың қарғысына ұшырайсың» деп құстардың ұясын бұздырмаған, «Бетіңе шұбар түседі» деп жұмыртқасын жарғызбаған.Халқымыз қыран құсты атқызбаған, «Аққу құс киелі» деп оған құс салуға, оны атуға тиым салған. Сондай-ақ қарлығашты киелі деп ұққан. Егер қарлығаш киіз үйдің шаңырағының шандуында ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған.

11. Ата-бабаларымыз малды тепкізбеген.. «Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбайды» деген, «Құты қашады» деп малды басқа ұрғызбаған, балағаттамаған. «Сиыр мен қойдың желіні ісіп кетеді» деп төгілген сүтті аяққа басқызбаған.

12. Біздің халқымыз аңдарға да рақымшыл болған. Аң аулаудың жөні осы екен деп оларды бейберекет өлтіре бермеген. Қажетіне қарай үнемдеп аулап, қалғандарының өніп- өсуіне жағдай жасаған.
Мұғалім: Сол сияқты жәндіктерге де рақымшылық жасағанын мынадай ұғымдар арқылы сезінеміз. «Бақаны өлтірсең жаңбыр жауады» деп өлтіртпеген, абайсызда жылан үйге кіріп кетсе оны өлтірмей, басына ақ құйып, ептеп шығарған. Халықтың педагогикалық тәрбие құралдары мен тыйымдарын жүйелі түрде пайдаланып, сөзіміздің қадірін арттыру өз қадірімізді арттырумен бірдей. Ертеде дүниеден өткен көнекөз аталарымыз бен әжелеріміз айтып керкен ескертпелерін әр кезде есімізде сақтап жүрейік.
Соңында: Назарларыңызға рахмет. Қош аман болыңыздар.

Маңғыстау облысы. Қарақия ауданы.
Құрық ауылы, № 1 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі: Алиева Ғалия Жақуқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.