Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дәстүрлі қазақ мәдениеті . -

Дәстүрлі қазақ мәдениеті .

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2865 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Cабақтың тақырыбы:
Дәстүрлі қазақ мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ХІҮ-ХҮғ мәдениеті
жөнінде мағлұмат беру әлемдік өркениеттегі еліміздің
сәулет өнерінің тамаша туындыларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру
мәдениеттің даму барысы мен сәулет өнері жайлы өз
беттерінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: .Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге,тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауға баулу,мәдениетті жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Интерактивті (топтық жұмыс) оқыту

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақ типі: Біріктірілген

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

Техникалық құрылғылар: Компьютерлер, интерактивті тақта

Сабақ барысы:
1. Сабақты ұйымдастыру:
- студенттермен сәлемдесу;
- Сабаққа келгендерін және аудитория әзірлігін тексеру. 2 мин.
2. – Үй тапсырмасына берілген материалды баяндау және бекіту( баяндау процесінде студенттердің өз беттерімен жұмысын ұйымдастыру) 35 мин
3 Тақырыпты және жоспарды хабарлау 4 мин.
3. Әңгімелесу әдісімен тірек білімін өзектендіру. 3 мин.
4. Студенттердің оқу қызметін негіздеу. 2 мин.
5. Материалды баяндау ( мазмұндау) және бекіту (баяндау процесінде студенттердің өз беттерімен жұмысын ұйымдастыру) 35мин.
6. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту. 6 мин.
7. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмаларын беру. 3 мин.

І. Сабақты ұйымдастыру.
Сәлеметсіздерме оқушылар! Біз өткен сабақта «Қазақ мәдениетінің бастаулары»тақырыбын өткен болатынбыз.
Қане, үй тапсырмасын еске түсірейік.

Кім жылдам ойыны.
Шарты:Оқушылар алдарына парақшалар таратылады.Парақшаларға оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жазып қарсы топқа кезекпен беріледі.Әрбір дұрыс жауапқа 5 балдан беріледі

1. Номадизм түсінігінің мәнін ашып көрсетіңіз?
2. Номадтар мәдениетінің белгілерін атап беріңдер?
3. Б.з.д ҮІІ-ҮІғғ,Орта Азия,Қазақстан ,Сібір тайпаларының қолданбалы өнерінде «аңдық стиль» пайда болды.Неліктен осылай аталды ? ол суретттердің семантикасы қандай ?
4. Түрік өркениетінің ерекшелігі қандай?
5. Сіздің ойыңызша, неліктен ежелгі көшпенділерде діни нанымдардың басымы аруақтарға табыну болып табылды? Қазіргі заманда бұл діни-наным сақталған ба? Өз ойларыңызды дәлелдеңіздер.
6. Тәңіршіліктің философиялық мағынасын ашып көрсетіңіздер.

Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
Сабағымызды бастамас бұрын оқушылардан «Мәдениет» сөзін топтастыру арқылы
мағынасын ашып алу
ІІ. Мағынаны тану
Сабақтың жоспарымен таныстыру:
Жаңа сабақ жоспары.
1. Қазақ қоғамының этникалық құрамы.
2. Қазақ хандығының құрылуы –ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі.
3. Қазақ тұрмысының эстетикасы: киіз үй,әшекейлер,киім.
4. ХҮІ-ХҮІІғғ жазба мәдениетінің дамуы.(М.Х.Дулати және оның еңбегі «Тарих-и-Рашиди», Қадырғали Жалайри «Жамих-ат Тауарих» )
5. Халық ауыз әдебиеті.Ақындар мен жыраулар. (Асан Қайғы,Шалкиіз,Қазтуған,Доспанбет,Жиембет,Марқасқа,Ақтамберді,Бұқар жырау ж.т.б).Олардың мұраларының негізгі идеялары.Шешендік өнер.
6. Қазақ халқының ғылыми даналығы-астрономия (күнтізбе) ,метерология,медицина.
7. Әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, ырымдар.
8. Мейрамдар мен ойындар.
9. ХҮІ-ХҮІІғғ қазақ халқының материалдық мәдениеті(қалалық мәдениет,еңбек құралдары,қару-жарақ ,қолөнер)
Жоспар бойынша оқушыларға кітаптан және қосымша мәліметтерді беру арқылы түсіндіру.



ІІІ. Ой толғаныс
Кубизм (сұрақ - жауап) (оқушыларға кубик беріледі кубикті ортаға тастап түскен саны бойынша сұраққа жауап беруі тиіс)
1. (жасыл түс жағы) Қазақ мемлекеті қандай жағдайда қалыптасты?
2. (Қызыл түс жағы) Қазақтардың ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерін атап көрсетіңдер.
3. (Көк түс жағы) Ақындар шығармашылығын сипаттаңдар.
4. (сары түс жағы) Қазақтың космологиялық көзқарасының негіздерін ашып көрсетіңдер.
5. ( қара түс жағы) Осы кезеңдегі қазақтардың материалдық мәдениетін айтып беріңдер.
6. (қоңыр түс жағы) Осы кезеңдегі қазақтардың рухани мәдениетін айтып беріңдер.


ІІІ. Әңгімелесу әдісімен тірек білімін өзектендіру.
Сұрақ:
1. Студенттер сіздер күнделікті өмірде қолданып жүрген қаңдай салт-дәстүрлеріміз туралы өз ойларыңызды айтсаңыздар.
2. Үйлену тойына байланысты салт-дәстүрлеріміз «Бет ашар », «Жар-жар»,
3. «Той бастар»,ал сәби дүниеге келген соң «Бесікке салу», «Тұсау кесу» т.б
салт-дәстүріміз туралы өз ойларыңызды айтсаңыздар.

IV. Студенттердің оқу қызметін негіздеу.
Оқушы білуі керек:
- Ежелгі көшпелілер тарихындағы мәдениеттің алатын орнын ,маңыздылығын білуі керек
- Салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды ,тілімізді ділімізді дәріптей білуі керек.

V. Материалды баяндау және бекіту
Бекіту сұрақтары:

VI. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту және жүйелеу
ІХ. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмаларын беру.
Үйге тапсырма: Дәстүрлі қазақ мәдениеті
.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.