Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ерте орта ғасырлардағы славяндар -

Ерте орта ғасырлардағы славяндар

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3539 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы славяндар
Сабақтың мақсаты:
 Батыс, оңтүстік, шығыс болып бөлініп, ерте орта ғасырларда өмір сүрген славяндардыңқоғамдық құрылысы туралы толық түснік беру; Ежелгі орыс мемлекеті «Киев Русі» мемлекетінің құрылуы, Игорьдің өлімі, Святославтың сыртқы саясаты туралы балаларға түсіндіру;
 Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
 Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
 Эфталиттер мемлекеті қашан құрылды?
 Эфталит тайпаларының шаруашылығы қандай болды?
 Эфталит мемлекетінің ежелгі мәдениетінен қандай белгілер сақталған?
 Түріктер мен ирандықтар Эфталит мемлекетін қай жылдары неліктен жаулап алды?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Батыс және оңтүстік славяндар
 Шығыс славяндар туыстас орыс, украин, белорус халықтарының арғы тегі болып табылады.
2. Шаруашылығы
3. Қоғамдық құрылысы
4. Киев Русі мемлекеті құрылуының алғышарты
5. Ярослав Мудрый тұсындағы Русь (1019-1054)
6. Ежелгі орыс мемлекетінің мәдениеті
7. Жазу, жылнама
8. Мемлекет және оқу
9. Ежелгі орыс әдебиеті
 ҮІІ-ІХ ғасырлар аралығында Батыс және Оңтүстік слаян тайпаларында таптық қоғам жіктеліп, мемлекеттер құрылды.
«Ерте орта ғасырлардағы славяндар» кестесін толтырыңдар
Тайпа аттары Шығу тегі Орналасқан жері Қай халықтардың арғы атасы саналады

Киев Русі кінәзд-нің шығу тегі туралы көзқарас Киев Русі мемлекетінің күшеюі


Сабақты бекіту:
 Славян тайпалары қанша топқа бөлінді? Әр топтағы славяндардың аттарын атап беріңдер? Ұлы Морав мемлекеті Еуропаның қай жерінде орналасқан?
 Шығыс славян тайпаларының жерін картадан көрсетіңдер.
 Ежелгі Орысмемлекеті құрылуының алғышарттары
 Киев Русінде феодалдық қатынастар қалай дамыды?
 Святослав қандай сыртқы саясат жүргізді?

Бағалау:
Үйге тапсырма: §7-8. Оқып келу. Кестені аяқтау.
http://history.ucoz.co.uk/ сайтынан алынған
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.