Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы -

Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2361 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы
Сабақтың мақсаты:
 Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттіңк құрылымы туралы оқушыларға баяндау. Франктер мемлекетіндегі биліктің жаңа түрі-феодалдық монархияның қалыптасып, империяға айналып, кейін қайтадан ыдырау себептерін түсіндіру.
 Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
 Өткен жылға материалдарды қайталау.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі.
2. ІҮ-Ү ғасырлардағы ғұндар
 Б.з.б. 50 жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударған. Ал ІҮ ғасырдың 70-жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.
3. Франк мемлекетінің құрылуы.
 Мемлекеттің негізін салушы салий франктерінің мереовей руынан шыққан көсемі Хлодвиг.«Сали ақиқаты»
4. Мемлекетті басқару.
 Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.
5. Жер иелену
6. Франктердің христиан дініне енуі.
7. Майордом билігі
 «Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді.
 Карл мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс-феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.
 Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі.
Ұлы Карл және оның империясы
Империяның ыдырауы.
 Ұлы Карл өлгеннен кейін оның империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.
Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті.
 Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.

Сабақты бекіту:
 Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?
 Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?
 «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?
 Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?
 Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?
 Құл иеленуші қоғам қашан жойылды?
 Қортық Пипин король атағына қалай қол жеткізді?
 Ұлы Карл империясы қай жылдары өмір сүрді?
 Ұлы Карл империясы неліктен ыдырай бастады?
 Ұлы Карл мәдениетті дамытуға қандай үлес қосты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1-2.
http://history.ucoz.co.uk/ сайтынан алынған
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.