Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Франция. Француз жерлерінің бірігуі -

Франция. Француз жерлерінің бірігуі

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1453 | Размер: | Автор: гость
. №9. Сабақтың тақырыбы: Франция. Француз жерлерінің бірігуі
Сабақтың мақсаты:
 Францияның бірігуі, Жакерия,француз халқының батыр қызы Жанна д Арк-тың өз елін қорғаудағы ерлігі туралы түсіндіру.
 Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
 Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бетпе-бет» әдісі бойынша
 Бір орталықтандырылған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды?
 Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян келтіріп отырды?
 Корольдер неге қала тұрғындарымен одақтасты?
 Монархия деген не?
 Еуропа елдеріндегі өкілетті билік түрлері қалай аталды?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Француз жерлерінің бірігуі
2. Жүз жылдық соғыс. Жакерия
3. Француз халқының басқыншыларға қарсы күресуі. Жанна д Арк.
4. Елді саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттарыХІ Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі
Француз жерлерінің бірігуі мен король өкіметінің нағаюы.
 Король
 Нормандия, Анжу, Аквитания, Тулуза т.б. иеліктері қосып алынды
 Бас штаттар шақырылды. Жүз жылдық соғыста жеңіп шықты
 Тұрақты әскер құрылды.Бургундия басып алынды, ХҮ ғасырдың аяғында Францияны біріктіру аяқталды.
Сабақты бекіту:
 Жүз жылдық соғыстың себебі неді?Жакерия деген не? Ол қай жылдары болды? Жанна д Арк Жүз жылдық соғыста қандай рөл атқарды?
 ХІ Людовик пен Батыр Карл арасындағы соғыс не үшін болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §13.
http://history.ucoz.co.uk/ сайтынан алынған
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.