Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Индустрияландыруға  бағыт  алу және оның  барысы. -

Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1944 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Ағатаева Гүлнар №1 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Манғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
Тақырыбы: Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : 1920-1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген индустрияландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, білімділік пен білік дағдыларын қалыптастыру , түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылырдың тарихи танымын кеңейту.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білумен қатар , оны құрметтеуге ,Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа , адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ( топтық оқыту ) жарыс сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру , сұрақ - жауап , оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Б. Нұржекеев « Өзендер өрнектеген өлке »
2. Г.Жүгенбаева « Түркістан - Сібір темір жолының тарихы »
3. Ә.Қастеев « Репродукциялар альбомы»
4. Слайд, тірек сызба, кеспе қағаздар, карта.
І. Сабақтың барысы:
Оқушыларды топқа бөлу.
Топ аттарымен таныстыру
1. « Зиялылар » тобы
2. « Екпінділер » тобы
3. « Озаттар » тобы.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары
« Зиялылар » тобына
1. Қазақ автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызы.
2. Автономияның алғашқы жылдарындағы қоғамдық – саяси өмір.
« Екпінділер » тобына
1. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР- інің құрамына біріктіру қалай жүргізілді
2. Қазақстандағы 1921 -1922 ж. аштықтың себебі және оның зардаптары қандай болды?
« Озаттар » тобына
1. 1921-1922 жж. жер- су реформасының мәні неде?
2. Жаңа экономикалық саясаттың қиыншылықтары мен табыстары.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
1. Елді индустрияландыруға бағыт алу және оны қиыншылықтары.
2. Қазақстан индустриясының жетекші объектерін жүзеге асыру.
3. Қазақстандағы индустрияланырудың ерекшеліктері.
4. Жұмысшы тобының социалистік индустрияланыруды жүзеге асыруда атқарған қызметі.
1925 ж жетекші билеуші партияның ХІV съезі өтіп елді индустрияланыру бағытын жолға қойды. Бұл бағыт бойынша ел аграрлық даму бағыт өнеркәсіптің дамуы елге ой тастады.
Қазақстандағы индустрияланыру ісі уақыты жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығымен ( 1928-1932 ж) тұтас келді және мейілінше қиын жағдайда өтті. Ол кезде халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді. Өнеркәсіп өндірісі тұтас алғанда соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ына ғана жетті .
Қазақстан экономикасында бұрынғышынша ауыл шаруашылығы басым болатын, оның үлесіне бүкіл жалпв өнімнің 84, 4 % тиетін, халықтың 90% - і ауылды жерлерде тұратын.
Сонымен бірге жаңа экономикалық саясат жағдайында өлке экономикасында елеулі өзгерістер болғанын атап көрсеткен жоқ. Иесіз қалдырған шахталар мен кәсіпшіліктер қайтадан қатарға қосылды. 1926 жылы ол Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің үштен бірін берді. Сауда жанжана түсті. Шаруашылық есепті , өзін -өзі өтеуді, өзін -өзі қаржыландыруды енгізу жіне басқа шаралар өнеркәсіптік жаңа экономикалық саясат арнасында дамуына игі әсер етті.




Өлкенің бұрын отарлық жағдайда болуында байлынысты экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да шектеулігі, халық билігінің жеке диктатурамен алмастырылуы әміршілдік төрешілдік басшылық әдістің енгізілуі асқындыра түсті.
Қазақстанда социализмнің былайша бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И.Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты .

Ол капиталистік емес даму жағдайындағы социализмнің тебіретші рөлін атқаруға тырысты. Сталиннің қатаң бағытын жақтап соның идеясын жақтады. Голощекин ауыл « Қазақ лебін сезінген жоқ ». «1925 жылдың кезіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымы болған да жоқ » деп дәлелдеп, сөйтіп « кіші Қазан » төңкерісін өткізу идеясын ұсынды .
Бірақ жергілікті халық қарсылық білдірді сол кезде Голощекин сталинге хат жазды.Сталин Голощекиннің ұсынысын « бірден –бір дұрыс саясат» деп қысқа әрі айқын жауап қайтарады.
« Кіші Қазан » бағытына қарсы жетекшілерінің бірі С. Сәдуақасов өнеркәсіптің шикізат көзіне жақындату идеясын қорғады.
Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы түрлі көзқарастар болды. Бірулер « түйеден социализмге » өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен завоттар салу шамадан тыс нәрсе болып табылды, « Қазақтармен өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсың » және т.с.с. түрлі айтыстар болды. Ірі саяси қайраткерлер С.Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев және т.б бұған қарсы шықты. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерреуден бастауы КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяағы- 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспидициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды.


Елді индустрияландыру туралы жаңа саясатты жүргізу үшін темір жол салу ісін жалғастыру қолға алынды.
220 мың кв.км – аумақты алып жаткан Жетісу өлкесінде бірде-бір темір жо л болмады. Мұның өзі ауыл шаруашылыкты,өнеркәсіпті дамытуға тежеді.
Қазақстан индустриясының жетекші объектілері. 1927 жылы Түркістан – сібір теміржол магистралі саласына бастады. Бұл теміржол құрылысы еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді. Теміржолды салуға басшылық етушілердің арасында белгілі қазақ зиялылары Т. Рысқұлбеков, М. Тынышбаев, т.б. болды. Оның құрылысында 100 мыңдай адам – орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар , татарлар, башқұрттар еңбек етті. Он мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы , құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді.
Түркісіб жоспарда белгіленген бес жылдың орнына үш жылда салынып бітті. 1930 жылғы 28 сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскелері Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды, ал 1931 жылғы қаңтар айында тұрақты пайдалануға берілді.


ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту
« Зиялылар » тобына
Даталар сөйлейді.
1. 1928-1932 жж
2. 1925-1933 жж
3. 1930ж. 20 сәуір

« Екпінділер » тобына
Тарихи сынақхат
1. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті ....... зерттеуден басталады.
2. Түрксіб темір жолы ........ жылдан бастап салына бастады.
3. Оның құрылысында ....... еңбек етті.
« Озаттар » тобына
Төмендегі сөздерді кімдер айтқан?
1. « 1925 жылдың күзіне дейін бізде болған жағдайларды Қазақстан мен оның партия ұймдары тарихының алғышарттары деп атауға болады»
2. « Құрылысшылар зор кедергілерден өтіп отырды. Болат жол ұшы - қиыры жоқ дала , тау жоталары, өзендер мен терең сайлар арқылы салынды. Жазда - ыстық , аптап , қыста – үскірік, аяз, қарлы боран титықтатты. Бірақ кеңес адамын ешқандай қиындық тоқтата алмады.»
3. « Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды...»
ІV. Қорытындылау :
1. « Ең озат топ атағына ие болу»
2. Оқушыларды жеке бағалау.
V.Үйге тапсырма
§ 9 Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.
Түрксіб темір жолының жетекшілері Т Рысқұлов, М.Тынышбаев жөнінде мәлімет жинау, реферат жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.