Меню
Назад » » »
Инновациялық технология элементтерін тарих сабағында пайдалану арқылы оқушының ынтасын арттыру
загрузка...

загрузка...
Инновациялық технология элементтерін тарих сабағында пайдалану арқылы оқушының ынтасын арттыру
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып келеді.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман талабына сай оқыту үшін инновациялық технологиялардың ролі өте зор.
«Технология»- грек сөзі,бізше «өнер,шеберлік» дегенге келеді. «Педогогикалық технология дегеніміз-оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып,оқыту үрдісін жобалау,ұйымдастырудың,өткізудің ақырына дейін ойластырылған,әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педогогикалық қызметтің моделі»(В.Монохов)
Педогогикалық технологиялар-білімнің мақсаты мен әдістемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттері мен формалары. Жоспарланған нәтижеге жетудің басты шарты-оқылатын материалдың мақсатын дәл әрі нақты анықтау. Сондай-ақ оқыту әдіс-тәсілдерін техникалық құралдарды барынша тиімді іріктеу өте қажет. Бүгінгі таңда В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Шаталовтың тірек сызба арқылы оқыту технологиясы, И.А.Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, Г.К.Селевко мен В.П.Беспальконың сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Я.А.Каменскийдің сыныптық-сабақтық жүйесі, ақпараттық технологиялар,мультимедиялық оқыту,электронды оқытулар кеңінен танымал болып отыр.
Қазақстанда М.Жанпейісованың модульдік технологиясы, Оразақынованың сатылай кешенді талдау,Қараевтың үш өлшемді оқыту технологиялары мектептерде кеңінен қолданылуда.
Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап-дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны,ол жасаған құндылықтардан хабардар,жан-жақты жетілген,өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін,қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын,белсенді,ұлтжанды,патриот азаматты қалыптастыру. Тарих пәнін оқыту,ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар тәрбиелеу,ашық қоғам орнатуға ат салысатын патриот болуға ықпал ету үшін қаншама шығармашылық ізденіс қажет.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп,жаңарып отырса,болашақ ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше болады. Шәкірттерімнің танымдық қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін, төменгі сыныптарда ойын сабақтарын,жоғарғы сыныптарда дебат,конференция сабақтарын өткізіп тұрамын. Осы инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіне тоқтала отырып,бірнеше сабақ үлгілерін ұсынамын.
Мысалы: 5-сыныпта «Тың игеру» тақырыбын оқытқанда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту үшін төмендегі кестені толтыртамын. Сыни ойлау технологиясы -алған білімін өмірде қолдана алатын,өзін дамыта,таныта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушы проблеманы ойлау,пайымдау,дәлелдеу,еркін,ашық пікір білдіру мүмкіндігіне ие болады.

Тың игерудің нәтижелері
Пайдалы жағы Зиянды жағы



Венн диаграммасын қолдану да оқушының сын тұрғысынан ойлауына мүмкіндік береді.

Жаңа сабақты түсіндіргенде ауызша лекциядан гөрі тірек сызба арқылы түсіндірсе оқушы жақсы қабылдайды деп ойлаймын. 6-сыныпта Үйсіндер тақырыбын оқытқанда мына тірек сызбаны пайдаланамын.

Үйсіндер б.з.б.3-б.з.4ғас. өмір сүрді

Басшысы гуньмо деп аталды.Оған бек аталатын жеке тайпа көсемдері мен әскербасылары көмектесті

Мал шаруашылығымен,егіншілікпен,түрлі кәсіпшілікпен айналысты

Немесе топтау арқылы түсіндіру, мысалы: 8-сыныптағы Ш.Уалиханов тақырыбын оқытқанда, осылайша Шоқанның әр қырынан танытуға болады.

саяхатшы
ғалым
зерттеуші
Шоқан
этнограф Уалиханов географ

әдебиетші полиглот
барлаушы

Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында, өз сабақтарымда түрлі ойын элементтерін пайдаланғанды ұнатамын.
Мысалы: «Ойлан тап» ойыны .Сынып оқушылары бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа алдын-ала дайындалған сұрақтар беріледі. «Сандар сөйлейді» тақтаға хронологиялық тізбек жазылады,оқушылар қол көтеріп жауап береді. «Тұлғаны танып біл» оқушыларға тарихи тұлғалардың (хандар,батырлар,жазушылар,қайраткерлер т.б) портреттері беріледі,оқушылар портреттегі тұлғаның аты-жөнін,тарихтағы ролін,атына байланысты оқиғаларды есіне түсіріп айтып беруі қажет. «Сиқырлы сандықша» ойыны-үлестірмелі материалдар даярланып алдын-ала сандықшаға салынады.Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып,дауыстап оқып, жауап береді де ,берілген ақпараттың мәнділігіне қарай тиісті бағасын алады. Ойын аяқталғанда әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес 1,2,3-ші орындар анықталады. «Даналық ағашы» ойыны. Тақтаға ілінген ағаштың суреті,оның әрбір жапырағының немесе жемісінің астында сұрақтар жасырылған.Оқушы осы жемісті,жапырақты сұраққа дұрыс жауап бергенде ғана алады. Қай оқушы көп жапырақ,жеміс жинаса,жеңімпаз атанады. «Бас қатырғы» ойыны-оқушылар үйден сөзжұмбақтар,ребустар ,құпиясөздер дайындап келеді,сабақта оны шешеді. Жеке де,топпен де жұмыс ісреуге болады. Сабақ соңында белсенді,тапқырлар анықталады.
Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер теориялық тұрғыдан дәлелденіп,іс жүзінде жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.
Жаңа технологиялардың мақсаты мен тиімділігі: -шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қалыптастыру; -демократиялық білім беру; -білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру; -білім сапасын көтеру; -өзін бағалай білу және өзгелердің ой пікірімен санасуға,құрметтеуге басқаны баулу; -әр оқушы өз мүмкіндігінше дамиды; -жауапкершілігі,қызығушылығы артады; -пікір айтуға,жаңаша ойлауға жағдай туғызады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Инновациялық технология элементтерін тарих сабағында пайдалану арқылы оқушының ынтасын арттыру можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 360 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar