Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көшпелілер мәдениеті. -

Көшпелілер мәдениеті.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2898 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қазалы ауданы №91 Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп
І-санатты тарих пәнінің мұғалімі: Жалимбетова Базар Қаршығақызы
10 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §14. Көшпелілер мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
• Көшпелі тайпалар-сақ, сармат, скифтердің материалдық және рухани мәдениеті, діни наным сенімдері туралы білімдерін тереңдету. Олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.
• Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
1. карта
2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Үй тапсырмасын сұрау:
• Көшпелі өркениет қай кезден басталады?
• Мал шаруашылығы дамуынының қандай кезеңдерін білесіңдер?
• Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?
• Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?
Сабақтың жоспары:
1. Материалдық мәдениет
2. Рухани мәдениет
3. Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері


Материалдық мәдениет
• Обалар, күмбездер
• Тастан, шикі кірпіштер тұрғызылған үйлер
• Киім-кешектер
• Шеберлердің, әр түрлі материалдардан (алтын, күміс, қола, мыс, қыш, ағаш) жасаған бұйымдары
• Жазба деректер
Рухани мәдениетті құраушы салалар
• Әдеп –ғұрыптар
• Салт-дәстүр
• Зергерлік бұйымдар /аң стилі, бейнелеу өнері/
Дін
 Ислам діні
 Табыну
 Несториан діні
 Құрбандық
 Христиан діні
 Наным-сенім
 Будда діні
 Рух
Наным-сенімдер
 Ұмай анаға табыну
 Ата-баба аруағына табыну
 Күнге табыну
 Отқа табыну
 Жер-суға табыну
Қазақстанда тараған діндер
 Будда
 Несториан
 Ислам
 Христиан
 Зороастризм
 Манихей

Сабақты бекіту:
• Материалдық мәдениет деген не?
• Көшпелілердің материалдық мәдениетінің түрлерін атаңдар.
• Рухани мәдениеті дегеніміз қандай мәдениет?
• «Аң стилі» үлгісінде зергерлер нені көрсетуге тырысқан?
• Көшпелі тайпалардың қандай наным-сенімдерін білесіңдер?
• Әлемдік діндер көшпелілер арасына қалай ене бастады? Ислам діні көшпелілер арасына тез орныға бастауының себебі неде?
Бағалау:
Үйге тапсырма:§14.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.