Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті7 -

Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті7

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1611 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Мұғалім: Аталықова Құралай Темірбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Қытайда феодалдық қатынастың қалыптасуы мен дамуы туралы түсіндіріле отырып, оқушыларға Қытайдағы феодалдық қатынастың батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық елдеріндегі феодалдық қатынастардан ерекшелігін түсіндіру.
ә) Оққушыларға қызықты қосымша мәліметтер келтіре отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Тарихи деректерге сүйене отырып, тұжырым жасай білуге дағдыландыру.
б) Отансүйгіштікке, өзге елдің тарихын құрметтей отырып, өзіміздің төл тарихымызды толық меңгеруге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: * Қытай жерінің шаруашылық дамуындағы ерекшеліктерімен танысады.
* Қытай орталықтанған монархияның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде толық мағлұмат алады.
* Қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: карта, тірек-сызба

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

Ұйымдастыру кезеңі:
«Қызығушылығын ояту» Үй тапсырмасын сұрау және жаңа сабаққа өту үшін «Ой қозғау» стартегиясы және «Жұмбақ хатты» талқылау.
«Ой қозғау» стратегиясының сұрақтары
1. Орта ғасырларда біз қандай қоғамдық құрылыспен танысып жатырмыз? Феодалдық қоғамдық құрылыс
2. Қай ғасырларда Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды? ХІ-ХІІІ ғғ
3. Жер иеліктері қалай аталынады? Сёэн
4. Ең ірі феодалды қалай аталынады? Даймэ
5. Жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіи, әскери топ? Самурай
6. ҮІІ ғ бастап ең жоғарғы билік және бар жер иелігі кімнің қолында болды? Микадо
7. Микадоның бірінші министрлігіне кімдер тағайындалды? Сегун
8. ХІ-ХІІІ ғ аралығында Жапонияда мұрагерлік биліктің неше түрі болды? 2, императорлық, сегундық
9. 1532 жылы Жапонияның қай қалаларында кедейлер көтерілісі болды? Киото, Харима, Исэ, Тайба
10. ХҮІ ғсырдың соңында Жапонияда қалыптасқан тап? Сауда буржуазиясы
11. Жапония неше аралдан тұрады? Хоккайда, Хонсю, Кюсю, Сикоку
12. Жапоня қай метрикте орналасқан?
Тағы да басқа да сұрақтар қойылады.

«Жұмбақ хатты» талқылау.
(Қытай туралы мәліметтер келтіріледі. Оқушылар бұл мәліметтер Қытай мемлекеті туралы екендігін анықтау қажет)
Оқылатын мәтін.
Шығыс және Орталық Азияда орналасқан бұл ел территориясы жөнінен әлемде үшінші орынға ие. Елде мылтық дәрісімен қағаз жасауды ойлап тапқан, ерте заманнан – ақ күріш өсірумен айналысқан халық тұрады. Бұл жерде адамдар сонау палеолиттен бастап мекендеген. Ерте замандардан қалыптасқан иероглиф жазуы әлі күнге дейін қолданылады. Бір қызығы олар жоғарыдан бастап төменге қарай жазады. Б.з.б ІІ ғасырдың ортасында дамыған Ұлы Жібек жолының шығуында да бұл елдің ерекше маңызы бар. Қазіргі таңда бұл ел дүние жүзі бойынша социалистік бағытта дамып келе жатқан мемлекет болып табылады.
Мәліметтерде қай мемлекет туралы айтылған?
Оқушылар «Қытай» мемлекеті деп жауап бергеннен кейін өздерімен бірге отырып, сабақтың мақсаты мен міндеттері айқындалып алынады.

«Мағынаны тану» «Әлемді шарлау» стратегиясы қолданылады. Оқушылар үш топқа бөлінеді де әр топқа тапсырмалар беріледі. 1 және 2-ші топқа мәтін бөлініп беріледі де, 3-ші топқа алдын ала берілген тапсырма бойынша мәліметтер жинақтау тапсырылады.
1-ші топ: Қытай мемлекетінің саяси жағдайы (А3 форматтағы қағаз)
2-ші топ: Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылымы (А3 форматтағы қағаз)
3-ші топ: Қытай мемлкеті туралы қосымша мәліметтер даярлайды. (1 ватман беріледі) алдын ала берілген тапсырманы қағаз бетіне түсіреді.
1-ші және 2-ші топ оқушыларына мәтін оқып, тірек-сызба дайындайды. Тірек –сызба міндетті түрде қағазға жазылып, тақтаға ілінеді.
Мысалы:
Діннің таралуы

Буддизм Даосизм

Гаутама Чжан Лин

Император (көктің ұлы)

І палата салық жинаушы, дін басшысы

ІІ палата әскербасы, сот ісін жүргізушілер

ІІІ палата сарай қызметкерлері

Шаруалар феодалдық сатыға кірген жоқ.
Әр топтан бір оқушы өзінің алған мәліметін келесі топ өкілдеріне түсіндіреді. 1-ші топ 2 және 3-ші топтан мәлімет жинайды. 2-ші топ және 1 және 3-ші топтан, 3-ші топ 1 және 2-ші топтан мәлімет жинайды.
Жиаған мәліметтер туралы оқушылардан сұралады.

«Толғаныс» Еуропа мен Жапониядағы феодалдық сатыны еске түсіріп, Қытай мемлекетінің феодалдық сатысын (кестесін) жасап шығарылады.

Еуропада Жапонияда

Король Император, микадо

Герцогтар, графтар сегун

Барондар самурайлар

Рыцарлар

Қытайда
Имератор

Салық жинаушы, дін басшысы

Әскербасы, сот ісін жүргізуші

Сарай қызметкерлері

Қорытынды
Бағалау.
Үйге тапсырма: §26 Будда, дао діндері туралы қысқаша мәліметтер жинап келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.