Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы. -

Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2259 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімдері: Базарбаева Айман Тұңғышбайқызы
Сергебаева Гүлзана Отарбекқызы
Махмет Кенжекул
Қазақстан тарихы, 6-сынып
Тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
(аралас сабақ – 45 минут)
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атаған ?
Ж: Массагет деп атаған.
2. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атаған?
Ж: Турлар
3.Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?
Ж: Абыздар
4. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды қалай атаған?
Ж. Парадарайя
5. Шошақ бөрік киетін сақтарды қалай атаған?
Ж. Триграхауда сақтары деп атаған
Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымызда сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы туралы айтылады.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) 1.Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Сақтар тұтас ру болып көшіп-қонған, малдарын қоныстарға
айдаған.
2. Сақтардың шаруашылығында жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды.
3. Археологтар қазіргі Қызылорда облысы жеріндегі Шірік-Рабат қаласы мен малшылардың қоныстарының маңынан суару каналдарының іздерін тапты.
4. Шөл және шөлейт аймақтарда өмір сүрген сақ малшылары өркешті
түйе өсірген.
5. Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан.
6. Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер
тұрғызылған.
7. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.
8.Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі үшке бөлінеді.
+Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады) 2. Себебін анықта
1. Сақтардың өмірінде жылқы мен қой өсіру неліктен маңызды болды?
Ж: Жылқы мініс көлігі ретінде тиімді болса, ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі.
2. Неліктен тас, қола, темір дәуірі деп аталды?
Ж: Адамзат тарихын бұлай бөлу осы аталған кезеңдердегі құрал-саймандардың қандай заттан жасалғандығына байланысты.
3. Адамзат тарихында темір дәуірі неліктен ерекше маңызды орын
алады?
Ж. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлде
қайда өткір, төзімді болып келеді.
4. Не үшін Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді.
Ж. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
5. Грек-македон әскерлерінің жеңілу себебі неде?
Ж. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасының мықтылығында

Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. 1-3) Сақ жауынгерлері Шырақ пен Спитаменнің ерлігін Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
Шырақтың ерлігі Ұқсастығы Спитаменнің ерлігі


Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)

Тақырыптың басты идеясы бойынша «Сәйкесін тап» тірек-сызбаны толтырып, боя.
Кир 1 Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен бақташы 3
Томирис 2 Ежелгі грек тарихшысы 7
Шырақ 3 «Тарихтың атасы»10
Спаргапис 4 Сақ тайпаларының патшайымы 2
Скунха 5 Рим тарихшысы 8
Александр Македонский 6 Сақ көсемі 5
Арриан 7 Сақ патшайымы Томиристің ұлы 4
Полиэн 8 Парсы патшасы 1
Спитамен 9 Македония патшасы 6
Геродот 10 Грек-македон басқыншыларына қарсы күрес жүргізген 9

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады ) Оқулықпен жұмыс:
1. Қалып қойған даталарды көрсет және оқиғалардың ретін анықта.
Марафон шайқасы б.з.б 490 жылы
Кир патша бастаған парсы әскерінің сақ жеріне басып кіруі б.з.б 530 жылы
Александрдың Македония патшасы ретінде жариялануы б.з.б. 4 ғ
Дарий патша бастаған парсы әскерінің Қазақстан жеріне басып кіруі б.з.б 519 жылы

Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сен қалай ойлайсың?
Сен Шырақ сияқты ерлік жасар ма едің?
Ж:
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
Теориясы: «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады) 1.Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Сақтар тұтас ру болып көшіп-қонған, малдарын қоныстарға
айдаған.
2. Сақтардың шаруашылығында жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды.
3. Археологтар қазіргі Қызылорда облысы жеріндегі Шірік-Рабат қаласы мен малшылардың қоныстарының маңынан суару каналдарының іздерін тапты.
4. Шөл және шөлейт аймақтарда өмір сүрген сақ малшылары өркешті
түйе өсірген.
5. Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан.
6. Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер
тұрғызылған.
7. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.
8.Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі үшке бөлінеді.

Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Графикалық диктант. (иә, жоқ)
1.Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан жоқ
2. Көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйлерді түйелер мен жылқыларға артқан иә
3.Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер тұрғызған иә
4. Темір еңбек құралдарын жасау және қолдану кезеңі қола дәуірі деген атау алды жоқ
5. Темір табиғатта үнемі таза күйінде кездеседі иә
6. Қарапайым аң терілерімен пештің температурасын 1300 градусқа жеткізуге болады иә
7. Балқыған темір алу үшін температурасы 1530 градусқа дейін жеткізу қажет иә
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Себебін анықта:
1. Сақтардың өмірінде жылқы мен қой өсіру неліктен маңызды болды?
Ж: Жылқы мініс көлігі ретінде тиімді болса, ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі.
2. Неліктен тас, қола, темір дәуірі деп аталды?
Ж: Адамзат тарихын бұлай бөлу осы аталған кезеңдердегі құрал-саймандардың қандай заттан жасалғандығына байланысты.
3. Адамзат тарихында темір дәуірі неліктен ерекше маңызды орын
алады?
Ж. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлде
қайда өткір, төзімді болып келеді.
4. Не үшін Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді.
Ж. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
5. Грек-македон әскерлерінің жеңілу себебі неде?
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

Парсылармен Грек -македондармен
Ұқсастығы Ұқсастығы екеуіде қарсыластарын алдайды, жеңіске жетуге себепші болады
Ұқсастығы екеуіде қарсыластарын алдайды, жеңіске жетуге себепші болады

Ерекшілігі Парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып, сусыз шөлге апарады. Парсының әскерлері шөлден қырылады.

Грек -македон басшыларына қарсы күресте, Спитамен артқа шегінген сынай танытады, гректер қорқып қашқанда, Спитамен кері бұрылып шабуылға шығады.

Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Дұрыс жауаптарды белгіле:
1.Сақтардың А.Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған тарихшы
А.Геродот В. Страбон С.Арриан
2. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін кім басқарды?
А. Спаргапис В.Спитамен С. Шырақ
3.Гректер қай ғасырда сақ жеріне қауіп тексерді?
А. Б.з.б. 4ғ В.б.з.б 5ғ С. б.з.б. 6ғ
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек). Сөзжұмбақты шеш.
1. Сақ патшайымдарының бірі.
2.Өз отанының тәуелсіздігі үшін жанын пида еткен сақ бақташысы.
3. Сақ жеріне б.з.б.530 жылы басып кірген парсы патшасы.
4.Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақтың есімі.
5. Ежелгі грек тарихшысы, «Тарихтың атасы »
6. Сақ патшайымы туралы жазған рим тарихшысы.
7. Македонскийдің сақтарға жасаған рим тарихшысы.
8. Томиристің ұлы. 9. Дарий патшаға қарсы шабуылды басқарған сақ көсемі. 10. Дарийдың сақтарға жасаған жорығы туралы айтылған ежелгі жазба. 11.Сақ жеріне б.з.б. 519 жылы басып кірген парсы патша.

С
П А
И Г Р Д
Ш Т Е Р Б А
Т Ы А Р Т И Е Р
О Р М О Р А С Х И
М А К Е Д О Н С К И Й
И Қ И Н О Г П У С
Р Р Т А Н Т
И Р Х У
С Г А Н
А
П
И
С

Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
Сен қалай ойлайсың?
1. Сақ патшайымы туралы рим тарихшылары жаздыма?
Ж. иә
2. Геродотты тарихтың атасы деп есептейсің бе?
Ж. иә
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.