Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы. -

Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4264 | Размер: | Автор: Тәрбие
. 11 сынып. Қазақстан тарихы
Ашық сабақтың тақырыбы: Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылыр ХХ ғасырда саяси қуғын-сүргін нәтежесінде Қазақстанға өзге халықтарды күштеп қоныс аудару және оның зардаптары туралы біледі.
Дамытушылық: Ақпараттық технология әдісі арқылы интерактивті тақтамен жұмыс жасау. Дағдысын жетілдіру, біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ – жауап

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын жаңа сабақпен бірге қорытындылау.
Жаңа сабақ
Ж О С П А Р:
1. Жаңа сөздермен таныстыру
2. Көші қон түрлері
3.Қазақстанға депортацияланған халықтар
4.Сабақты бекіту а).Сәйкестендіру тест
. ә). «Ішіне –сыртына» кестесі
б). «Қас-қағым сәт»
1,Депортация-биліктің нұсқауымен жеке адамдардың.халықтардың еріксіз күшпен жер аударылуы.
Шетел тілінен енген сөздер сөздігінде депортация-қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу,көшіру,жер аудару.
1920-1949 жылдары депортацияға ұшырағандардың саны -3,2 млн адам
1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы-сталиндік қуғын-сүргіннің құрамдас бір бөлігі
2.Көші қон түрлері
1.Этникалық белгілері бойынша («жазаланған халықтар», «сенімсіз халықтар», «шекараларды тазалау»)
2.Әлеуметтік таптық белгілері бойынша (1934 жылға дейін кулактарды жер аудару-арнайы көшірілгендер)
3.Саяси көзқарастарына байланысты (1934-1944 жылдар- «еңбек қоныстарындағылар», 1944 жылдан бастап- «арнайы қоныс аударылғандар»)
Әлеуметтік таптық белгілері бойынша Казақстанан 5500 отбасы көшірілсе, Казақстанға көшірілген кулактардың 100-ге тарта қоныстары болды.Олар арнайы коментатуралық есепте тұрды.
3.Саяси көзқарастарына байланысты- арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы болды.Қоныстанған ауданда жүруге рұқсат етілді. НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) қарауында болды. Соғыс жылдарында 0,5 миллионнан астам адам,312 өнеркәсіп өндірісі Қазақстанға көшірілді. Майданға шақырылмағандар ұлтына қарамастан еңбек армиясын құрады. Еңбек армиясында тек арнай қоныстандырылғандар ғана емес 200 мың қазақтар шақырылса, 700 мың қазақ еңбек колонналарына шақырылды.
Еңбек колонналары екі категорияға бөлінді:
1.Азаматтық тұрғындардан тұратын еңбек армиясы.
2.Тұтқын жағдайындағы арнайы қоныстандырылғандар

жылы қайдан ұлт адам саны ( мың)
1937-1938 Қиыр Шығыстан корейлер (1) 20141 отбасы
(95,4 мың-98,4мың)
1939-1940, 1940-1941 Батыс Украина,Белоруссиядан поляктар(1) 105 мың,
200 мың (поляк армиясы)
28.08.1941
1941-1942,
1945 «Поволжье аудандарын мекендейтін немістерді жер аудару»ХКК,БК(б)П ОК,Еділ жағалауынан немістер (1,3) 361 мың
420 мың ,
9000 отбасы
12.10.1941 Қарашай автономиясы таратылуынан Қарашайлар (1) 11711 отбасы
(45,5 мың)
07.03.1944 Шешен-Ингуш АКСР-інен (Грозный облысы) шешен-ингуштар(1) 89901 отбасы
(406,4 мың)
1944 Кабарадин-Балқар АКСР-Кабарадин АКСР-і.Солтүстік Кавказдан балқарлар(1) 4660 отбасы
(21,2 мың)
1938 Түркменстан,Грузия,Әзербайжан,Армениядан ирандықтар(1) 1710 отбасы (6 мың)
28.10.1943 Қалмақ АКСР-інен қалмақтар(1) 2,2 мың
1937,1944,
1948-1950 Армения,Әзірбайжаннан күрдтер(1) 5,5мың
1944 Қырым АКСР-інен Тататарлар(3) 4,5 мың
1944 Грузияның оңтүстік батысынан түріктер(1) 13,3 мың

1939 жыл Қазақстанда 6,9 млн адам (қазақтар 38%)
1959 жыл Қазақстанда 7,5 млн адам (қазақтар 30%)
2013 жыл Қазақстанда 16,9 млн адам (қазақтар 65,2%) 11,058 мың
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ССРО-да 1954 жылы басталды, бірақ 1960- жылдары бұл жұмыс тежеліп, тек қана қайта құрудың нағыз қызған кезінде 1980-жылдардың соңында қайта басталды. 1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданды 1996 жыл- Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы. Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні етіп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды.
Сабақты бекіту: а).Сәйкестендіру тест
1.1937-1938 1. Немістер
2.1944 2. Корейлер
3.12.10.1941 3. Шешен-ингуштар 4. 07.03.1944 4. татарлар
5. 28.08.1941 5. Қарашайлар

1. Еңбек колоннасы 1. Этникалық белгілері бойынша
2. Көші қон түрі 2.Тұтқын жағдайындағы арнайы қоныстандырылғандар
3.1939 жыл 3. 98,4мың адам
4.2013 жыл 4. қазақтар 38%
5.Қиыр Шығыстан корейлер 5. қазақтар 65,2%

ә).«Ішіне –сыртына» кестесі халықтар депортациясы кезінде Қазақстанға қоныстанғандар: неміс, ағылшын, татар, еврей, ингуш, балқарлар. қарашай , ирандықтар, қырғыз, француз, өзбек, армян, поляк т.б
б). «Қас-қағым сәт» оқушылар топқа бөлініп бір-біріне сұрақ кояды

Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы қосымша материалдар қарауға ұсыныс

Тарих және құқық пәні мұғалімі О.Отеулиева
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.