Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ғылым мен білімнің дамуы. -

Ғылым мен білімнің дамуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1751 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Х-ХII ғасырларда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерімен таныстыру арқылы ҰБТ- ға бағыт –бағдар беру.
Дамытушылық: осындай сабақ арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын,шығармашылық қабілеттерін, жігерін,тілін,ынтасы, қиялы мен қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, имандылыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес, конференциялық сабақ.
Сабақтың әдісі: ойын білдіру, саралау
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, тіл, геграфия
Сабақтың көрнекілігі: карта, ғалымдар портреті, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

сұрақ- жауап әдісі
1.Өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып,қорғаушы ретінде оған табынатын болған тайпа: оғыздар
2.Белгілі бір діни нанымдардың шығу тегін аңмен байланыстыратын табыну белгісі: тотем
3.Орта Азия мен қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастаған дін: ислам
4.Исламды Боғра хан Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп қашан жариялады? 960 ж
5.Оңтүстік Қазақстан мен жетісудың X ғ қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазды: Әл- Максиди
6.Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленген.Мұндай жерлеу салты кімдерге тән: Мұсылмандарға
7.X ғ басында қай әулетінің негізін қалаушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады? Қарахандар
8.Арабтар көрші елдерді қандай ұранмен жаулап ала бастады? Дін үшін соғыс
-Өткен сабақты қорыту
-Жаңа сабақ: 1.Қызығушылықты ояту.
Мақал- мәтелдердің жалғасын тап: Сабақтың эпигрофын таңда.
Мақал- мәтелдің жалғасын тап:
Ғылым- теңіз,..... (білім- қайық)
Ақыл азбайды,......(білім тозбайды)
Оқу- білім азығы,.....(білім- ырыс қазығы)
Ілім- бұлақ,...(білім шырақ)
Байлықтың кілті-...(ғылым)
2.Оқулықпен жұмыс: оқу
3.семантикалық карта (қорытынды жаса)Дұрыс жауапқа + белгісін қояды
А) ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар
4.Сәйкестендіру тесті
А. Әл- Бируни Данышпандықтың інжу маржаны
М. Қашғари Ақиқат сыйы
Ж. Баласағұн Асыл тастар
А.Иүгнеки Даналық кітабы
Қ.А.Йассауи Түрік тілдерінің сөздігі
Әл- Фараби Құт негізгі-білік
Б.Әл-Бируни Отырар
М.Қашғари Сайрам
Ж.Баласағұн Түркістанға қарасты қыстақ
А.Иүгнеки Белгісіз
Қ.А.Йассауи Баласағұн
Әл-Фараби Қашқари
5.Тірек- сызба
Ғылымның дамуы

Тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар



Әдебиеттің көрнекті өкілдері

6.Қорытынды: тест беру
7.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.