Меню
Назад » » »
Ағаштан немесе қолда бар бұйымдардан кәдесый жасау
загрузка...

загрузка...
Пәні Технология 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағаштан немесе қолда бар бұйымдардан кәдесый жасау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: қолда бар бұйымдарды іске асыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытуш Дамытушылық: домбыра жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.

Күтілетін нәтиже Сын тұрғысынан ойлай отырып, қолда бар бұйымдармен жұмыс жасайды, білімдері қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар Ой ұшқырлығы артады, эстетикалық білімдері дамиды.

Тапсырмалар Сабақтың мақсаты мен мазмұнымен таныстыру.

Сілтеме Оқулық 9-сынып

Оқыту әдістері Топтық жұмыс

Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (ноутбук арқылы)

Кәдесый туралы теориялық білімдерін тексеру. 1. Болат шабатын кескіш жүзінің үшкірлену бұрышы неше градусқа тең болуы керек?
а) 90 б) 45 с) 30 д) 60
2.Табиғи құрамдастарды қолдана отырып, жасанды орта жасаумен айналысатын дизайн саласы
а) графикалық дизайн б) орта дизайн
с) ландшафты дизайн д) өндірістік дизайн
3. Өсімдіктің өсуін тежеу үшін, оның жоғарғы ұшын алып тастау қалай аталады?
а) шырпу б) көшіру с) сұрыптау д) транспирация
4. Орман шаруашылығы немен айналысады?
а) орман қорғаумен және өсірумен б) ағаш материалын дайындаумен с) ағаш шабумен д) ағаш кесу жұмыстарымен
5. Өсімдіктердің өрмелеп өсуіне арналған байланатын қалқан немесе тор қалай аталады?
а) топырақ б) жүйек с) жылы жай д) шпалер
6. Ағаш материалын табиғи жағдайда кебу үшін қандай тәртіппен жинап қояды?
а) тігінен б) штабельдеп (қатарлап)
с) ұзынынан д) қалай боса солай
7. Ағаштарды шырпу жылдың қай мезгілінде жүзеге асады?
а) күзде б) қыста с) көктемде д) жазда
8. Көкөністі жемістерді күннің қай мезгілінде суарған тиімді?
а) таңертең б) түсте с) кешке д) бәрібір
9. Сүректің физикалық қасиетіне жататыны қайсысы?
а) тығыздылығы, қаттылығы б) серпімділігі, исі
с) ылғалдылығы, түсі д) қаттылығы, жұмсақтылығы
10. Қазақ шеберлерінің қолынан шығатын барлық оюлардың алғашқы негізгі қандай элемент болып табылады?
а) «Қошқармүйізді» оюы б) өсімдіктектес оюы
с) геометриялық оюы д) жапырақ оюы
11. Химиялық құрамына байланысты болат қалай бөлінеді?
а) Көміртекті б) көміртекті және конструкциялық
с) көміртекті және қоспаланған д) қызуға төзімді және конструкциялық
12. Ағаш жону токарь білдегінде үлкен диаметрлі қысқа дайындаманы қайда бекітеді?
а) патронға б) үшашаға
с) планшайбаға д) шпиндельге
13. Шағын диаметрлі және ұзындығы 150мм - ге дейінгі дайындаманы бекітеді:
а) планшайбаға б) шпиндельге
с) станинаға д) патронға
14. Жұмсақ металды, сүйекті, ағашты өңдеуге арналған ірі, өткіртісті егеу:
а) кронциркуль б) түрпі с) кескіш д) рейсмус
15. Бөлшектің ішкі, сыртқы көлемін, тесіктердің тереңдігін, ішкі көлемін немен өлшейді?
а) сызғыш б) кернер с) рейсмус д) штангенциркуль
16. Транспортирмен нені өлшейді?
а) ұзындықты б) диаметрді с) бұрышты д) көлемін

Оқушылар қысқаша мағлұмат беріп кетеді.
ІІІ. Жаңа сабақ Кәдесыйлық кіші көлемдегі эстетикалық талғаммен жасалған бұйым. Кәдесыйлық нақты кішірейтілген макет түрінде, немесе тұспалдап та әр түрлі дизайнде көркемделіп жасала береді. Олай болса біз кәдесый туралы мәліметтерді тыңдадық, бүгін практикалық жұмыспен айналысамыз.
1. Видео. Қатты қағаздан жасалған кружканың видеосын көрсету. Сәндеу, әрлеу
2. Видео. Үй жасау қағаздан. Әрлеп, бояу
ІҮ. Қорытынды Оқушылардан кәдесый жасаудың маңызын, ерекшеліктерін сұрау

Ү. Үй тапсырмасы
Қолда бар бұйымдардан кәдесый бұйымдарын жасап келу.
ҮІІ. Бағалау

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі



Ағаштан немесе қолда бар бұйымдардан кәдесый жасау.
(9-сынып)

Өткізген: Колбай Б

Жаңақима, 2015 Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ағаштан немесе қолда бар бұйымдардан кәдесый жасау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 374 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar