Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету -

Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1823 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы Б.Майлин атындағы орта мектетің технология пәні мұғалімі
Увалиев Мұрат Рахымұлы

Сабақ жоспары /25-26 сабақ/

Технология пәні. 2010-2011 оқу жылы.

Мұғалімі: Уалиев Мұрат Рахымұлы

Мерзімі: 6 желтоқсан

Сыныбы: 6 «А»

І. Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс
« Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»
ІІ. Сабақтың мақсаты:жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс
істеудің сарамандық дағдысын игеру.

ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.

V. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

VI.Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

1. Ұйымдастырылуы оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу - 3 мин

2. Жұмысты орындау реті:

1. Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу.
2. Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;
3. Ағашты талшық бойымен тігінен кесу;
4. Қол арамен кесу.

Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.
Кесу – ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.
Кесінді – дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.
Аралап кесу – әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.
Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.
Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына – жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына – қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.
Жақ тәрізді ара дегеніміз – жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады.
Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті - дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті – бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті – қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.
Қол ара – жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.



VII. Сабақты қорытындылау:Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,
талқылап бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма: §6.2. оқулықтың 47-48 беттері

ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Мектептегі технология» әдістемелік журнал
2. 5 сынып Технология оқулығы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.