Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қаңылтырмен көркем безендіру. -

Қаңылтырмен көркем безендіру.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2931 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 9-сынып Технология

Сабақтың тақырыбы: Қаңылтырмен көркем безендіру.
Сабақтың мақсаты: Қаңылтыр бетіне әртүрлі ою-өрнектер салу әдістерін үйрету. Шекіме технологиясын меңгерту.
Білімділік: Металдардың түрлерін, қасиеттерін еске түсіру, жасалатын бұйымның эскизін сызып, нұсқау карта бойынша жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттырып, ой-қиялдарын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әсемдікке , төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу, кез-келген ісін аяқтауға үйрету.
Көрнекілігі: Қаңылтыр түрлері, сызғыш, қайшы, шекіме құралдары, ою-өрнек түрлері, т.б.
Пәнаралық байланыс: химия, тарих, физика.
Көрнекі құрал-жабдықтар: әртүрлі диаметрлі қаңылтырлар, қайшы, балға.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.
Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.
1. Негізгі металл өңдеу жайлы не білесіңдер?
2. Металл, қаңылтыр түрлері қандай?
3. Қаңылтырмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.
ІІ. Жаңа сабақ: сандық, жүкаяқ және басқа да жихаздардың бетін әрлеу.
Бірінші керек материалдарды таңдап алу.
Металл түрлері:
а) жез
ә) темір
б) алюминий
в) қалайы
Екінші
а) Қаңылтырды қию әдістері
ә)Қайшымен қию технологиясы
б) Әрлеу жұмыстары.
Үшінші: Өлшенген қаңылтыр бетіне өрнек салу жолдары:
а) қағаз бетіне өрнек суреттерін салу технологиясы
ә) Ойылып алынған ою түрлерін қаңылтыр бетіне бастыру жолдары
б) Шекімелеу технологиясын үйрету
Сарамандық жұмыс:
1. Қаңылтырға өздері таңдаған ою-өрнектерін салу технологиясын дұрыс меңгеріп жұмыстану.
2. Әр оқушының жанына жеке-жеке тоқтап іс жүзінде жұмыстың орындалу ретіне көмек көрсету
3. Дайын бұйымдарды қабылдау
Қорытынды:
1. Әр оқушының жасаған бұйымын қабылдап, баға беріп, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.
2. Қаңылтырмен салынған ою-өрнектің үйде өздеріне керек екенін түсіндіру.
Үйге тапсырма:
Қаңылтыр және металл түрлерінің қасиеттерін оқып келу.

Төлеуғалиев Бауыржан Сақыпкерейұлы
Бейнелеу өнері, сызу, технология пәні мұғалімі, Қараөзен мектеп-лицейі, Қараөзен ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.