Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қатынас», «Денсаулық», «Таным». -

«Қатынас», «Денсаулық», «Таным».

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2281 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Семей қаласы
№25 орта мектеп
Сәбилер тобы «Бота»
Закирова Бахытгүл Райыпқызы
.
Білім аймақтары: «Қатынас», «Денсаулық», «Таным».
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Көлік түрлері».
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан-жақты білімдерін кеңейту.Өзін-өзі көпшілік ортада мәдениетті ұстауға, әдепті, әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көлік түрлерінің суреттері, үн таспа, ойын элементтері (машина рулі, гараж), жол макеті.
Сөздік жұмысы: Достық – дружба, көлік – транспорт, көлік түрлері – виды транспорта, жүргізуші – водитель, бағдаршам – светофор.
Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Дәлелі-себеп
кезеңі Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу рәсімі:


- Балалар сендер күннен күнге әдемі ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендерді қоршаған барлық жақсылықты бойларына сіңіріп үлгілі Қазақстанның азаматы болып өсулерін керек.Солай ма? Балалар хорымен, қимыл іс-әрекет арқылы көрсетеді
- Сәлем саған алтын күн!
- Сәлем саған көк аспан!
- Сәлем саған жер ана!
- Сәлем саған достарым!
- Сәлеметсіздерме қонақтар!

- Иә.
- Жақсылықты үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі - Балалар қазір сендермен көлік деген сөздің төнірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп жұмбақтар шешеміз.
- Көлік дегеніміз не? Ол адам үшін неге қажет?

- Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?

- Енді мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа – сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған.

- Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер.Сендер оларды атап көріндер.
Жұмбақ:
1. Арқасында ауыл жур, ала тайым шауып жүр.
Автобуспен қайда баруға болады? ол қайда тоқтайды ?
және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?

2. Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер.
Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды?

Логикалық ойын.(кім қай вагонға отырады?)
Сергіту сәт: «Пойыз»

Көліктің көбейуіне байланысты адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Оның үш көзі бар.
- Көшенің қандай жеріне өту керек?
- Автобустан түскенде қандай ереженің ұмытпау керек?

Дидактикалық ойын:
«Дұрыстап орналастыр»

- «Көлік» деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Сендер «К» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіндер?

- Мен сендерді қазір шұғыл оқиғаларға байланысты асығып жүретіндігіне ерекшелемейті, басқа көліктер оларды күттірмей өткізіп жібереді. Солардың бірі (көрсетемін)

Оның ішінде кімдер отырады, терезесінен не көрінеді? Неге бұл машинаны бәрі өткізеді?

- Міне тағы бір машина бәрін озып қатты дыбыс шығарып жатыр, сыртында жазуы жоқ болсада түсінен тануға болады от сияқты қызыл. Онда кімдер отырады және нелері бар?
- Неге бұл машиналар тез кезексіз жүреді?


- Балалардың жауабы (машина, адамдарды жүктерді тасиды)

- Автобус, жеңіл машина.

- Балалар тындайды.

Автобус.
Автобус алға зулайды
Бағытына еш аумайды
Зыр айналар дөңгелек
Көлік ол бізге ен керек
- Балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа т.б.
- Үлкендерге орын береді, билет алады, жылауға, қатты сөйлеуге, күлуге, тамақ жеуге болмайды.
- Пойыз.
- Үлкен қалалрға, алыс жерлерге баруға болады.
- Тепловозға қарашы
Түтіні көк бүркиген
Жалғыз өзі санашы
Неше вагон тіркеген?
1,2,3,4,5.

Балалар ойнайды.

Сапқа тізбектеліп тұрады.
- Пойыз кетіп барады
Жан жағына қарады
Бағдаршамда қызыл жанғанда
Пойыз тоқтап қалады. (2 рет)

- Қызыл – тоқта
Сары – дайындал
Жасыл – жүресін
- Жаяу жүрушінің өткелінен өту керек (пешеходный переход).
- Автобустың арты жағынан өту қажет.

Жер беті, су және ауа көліктерін ретімен орналастырып қалташаларға салады.

«К» дыбысынан басталады.

- Кілем, кілт, кітап, кірпі, компьютер т.б.

- «Жедел-жәрдем».

- Дәрігер, медбике, зембілді көруге болады.
(жедел жәрдем тақпағы)
- Себебі жаны қиналған науқас адамды ауруханаға жеткізуі керек.
- «Өрт сөндіргіш машина»
Жылтыр каска киген өрт сөндірушілер отырады, ұзын басқыштары, үлкен шлангы оралған катушкалары болады.

Себебі үй жанып кетпес үшін, өртті тездетіп сөндіру керек.
Рефлесия-түзету
Кезеңі Қимыл - қозғалыс ойыны:
«Өз гаражынды тап».
(Әуен қосылады)

Балалар үйде ата-аналарын, туыстарын алыс жолға шықса бір-біріне не деп айтатының білісіндер ме? Машинаның рулін ұстап балалар жүреді, әуен тоқтағанда рулінің түсіне сай гаражын табу керек.

«Жолың болсын!» - дейді.
- Атам шықса сапарға
«Жолың болсын!» - дейді апам.
Апам шықса сапарға
«Жолың болсын!» - дейді атам.
«Жолың болсын!» - дейді олар
Үлкенге де кішіге.
«Жолың болсын!» - дейді олар
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзде байқадым
Қуат барын, күш барын
«Жолың болсын!» - айтамын,
Алыс жолға шықса кім.
Сау болыңыздар!
- Жолдарыныз болсын!

Күтетін нәтиже:
Білу: көлік және көлік түрлерін ажыратуды, негізгі жолда жүру ережелерін білуі керек.
Болу: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.
Істей білу: жолда жүру ережелерін ұстанып, көпшілік ортада мәдениетті болуы керек. Топпен жұмыс істей білу керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.