Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан—менің Отаным -

Қазақстан—менің Отаным

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1590 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қазақстан—менің Отаным
Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге төрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың әдісі: баяндама, әдеби-сазды монтаж.

1 - бастаушы.
Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көк байрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, түмардай сақтау—бәріміздің абыройлы міндетіміз. Әсіресе, еліміздің ертеңгі болашағы сендер үшін бұдан асқан мақтаныш пен міндет болмаса керек. Сондықтан да сүйікті Отанымыздың осынау рәміздерін мақтаныш тұтып, қастерлеп қана қоймай, ондағы бейнеленген өрнектердің мән-маңызын, түс-реңін жақсы біліп жүрген жөн. 1992 жылдың 6-маусымы Тәуелсіз ел атанып, аяғын тәй-төй басқан Республикамыз бен оның халқы үшін ерекше күн. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.
2-бастаушы.
Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран— тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі, ал ою-өрнек қай еддікі екенін аңғартады.
Республикамыздың Көк байрағы әкелінсін.
Ту әкелінеді. 1-бастаушы.
Ортасында шүғылалы күн, оның астында қалықтап үшқан қыран бейнеленген тік бұрышгы көгілдір мата. Күн-шұғыла және қыран бейнесі алтын түсті. Матаның сол жағында қызыл түсті ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан.
Оқушы. Аспан түстес көгілдір,
Тік бүрышты матаның
Ортасында төніп тұр,
Күн жаяды шапағын.
Оқушы. Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесін.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білесің.
Оқушы. Ескі белгі—ұрандар,
Сары алтындай сақталған.
Күн, шұғыла, қыран да,
Алтын түспен апталған.
Сол жағында матаның,
Қызыл түсті жолақ тік.
Мұратындай атаның,
Әсем өрнек ол ұлттық.


2-бастаушы.
Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сөулесінен тарап уықтар шашылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бүрышты жұлдыз, ал төменгі жағында "Қазақстан" деген сөз бар. Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасының рендік белгісі екі түсті: алтын және көгілдір түсті.
Окушы. Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жәй бейне емес, үғып ал.
Көгілдір түс аясы—
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ-жұрт панасы,
Уықтар— күн сөулесі.
Окушы.
Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Пырақ—халық арқасы
Жоғарыда түсер көз,
Бес тармақты жұлдызға.
"Қазақстан" деген сөз,
Таныс барлық ұл-қызға.

Оқушы. Мағынасы сымбатты,
Бар осындай бейнеміз.
Маған, саған қымбатты,
Елтаңбалы елденбіз.
1-бастаушы.
Әнұраннан халқымыздың ұлттық мінезі, асыл аңсары тәңірлік тілмен төгіліп жатқанын көреміз. Әнұран тек әуеннен тұрмайды. Оның өлеңі де қасиетті, Әнұранда халқымыздың еркіндік жолында ерлікпен күресіп, тәуелсіздігін сақтап қалғаны, халқының дархандығы, татулық пен достықты ұран еткені айтылған.
Әнұран орындалады.
Хормен: Қазақстан!
Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
2-бастаушы.
1991 жылғы желтоқсанның бірінде Қазақстанда Президенттік сайлау болған. Оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланды. Бүл Қазақстан тарихыңда бүкіл халық қатысқан, жасырын дауыс беру арқылы сайланған түңғыш Президент еді.

Оқушы. Шұғылалы ширақ ойлап түрінде,
Биіктерден естіледі үнім де.
Тұңғыш рет Президент сайланып,
Мойындады барлық әлем бүгінде.
Оқушы.
Отан - әр адамның жүрегіне тиер жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз—адамның туын өскен жері, туған-туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Соңдықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті де киелі ұғым—Отан.
Оқушы. Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Оқушы.
Мақтанамын мемлекетім барына,
Терезем тең басқалармен неменеге тарылам.
Өз елінің жырын жырлап, мұның мұңдап әрқашан,
Өз елінің қорғаушысы болу керек әр ұлан.

Мен жас ұланмын,
Мемлекеттің қорғанышымын ертеңгі.
Нұрға, гүлге толтырамын,
Өзім туған өлкемді.
Оқушы.
Республика! Ерікті ел—Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатын,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен иемін бүгінге, ертеңіме,
Елдік күйін, ел күйін шертем мен де.
Оқушы.
Мен қазақпын жаныммен, жүрегіммен,
Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен.
Алабөтен болмаймын өзгелерден,
Өзгемен бір өзім боп жүремін мен.
Оқушы.
Қандай дүние жетеді бодауыңа!
Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып
Қазақстан гербі де, жалауы да.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.