Меню
Назад » » »
Бастауыш
загрузка...

загрузка...
Солтүстік Қазақстан обл
Ақжар ауданы
Ақсары негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Шаймерденова Асемгуль Ризабековна

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты: Сөйлемде ойдың кім, не туралы айтылғаның білдіретін бастауыш сөздерді сөйлем ішінен даралап көрсетуге дағдыланады, бастауыш – сөйлемдегі ойдың негізі екенін түсінеді.
Күтілетің нәтиже: Тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс істеуді үйренеді
Қолданылатың модульдер: АКТ, оқыту үшін бағалау, СТО, диалогтік оқыту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, саяхат сабағы
Қолданылатын әдістер: топпен жұмыс, жеке жұмыс, «Дөңгелек үстел»
Ақпараттық және көрнекі құралдар: АКТ, суреттер, кесте, карточка, бағалау парағы

№ Сабақтың
кезеңдері Тәсілі мұғалімнің іс-әрекеті оқушының іс-әрекеті
Күтілетін нәтиже
1 Мотивациялық
қозғаушы шаттық
шеңбер Шеңбер жасап бір-біріне тілек айту. Жылы
атмосфера орнату
2 Ұйымдастыру
кезеңі Топқа бөлу.
Бағалау парағын тарату. Оқушылар топқа кала аттары жазылған қағаздар арқылы топқа бөлінеді
3 Өткен
тақырыптарды
қайталау Сұрақ жауап Топпен жұмыс
- Балалар өткен сабақтарда біз қандай тақырыппен таныстық?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем неден тұрады?
- Қандай түрлері болады?
Оқушылардың жұмыстарын
бақылау
І-топ: Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді оқып шығады.
Өркеннің өссін, балам Данияр онға толды ма тоғайда қайын, емен, терек өседі тоғай іші сондай керемет
ІІ-топ: Сөздерден сөйлем құрастыр. Тиісті тыныс белгілерін қой.
Жатыр, ауыл, ағып, өзен, маңында, үлкен, Алақай, басталды, ойыны, футбол.
Суық, құстар, көректенеді, түскенде, немен.
ІІІ-топ: Хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.
Айбек Астанаға барды. Сабаққа белсене қатысады. Қызығушылық-тарын көрсетеді. Өткен материалды қаншалықты меңгергенің айқандау.
4 Жаңа сабақ
топпен жұмыс - Балалар біз қай Республикада тұрамыз?
- Президентіміз кім?
- Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай қала?
- Астана қандай қала?
- Елордамыз Астана күннен-күнге дейін көркейіп келе жатыр. Бүгін сабақта біз Астана қаласындағы ең әсем, ең биік ғимарат «Бәйтерекке» саяхат жасап, сөйлемнің негізі мүшесі бастауышпен танысамыз. «Бәйтерек» - Тәуелсіздіктің символы. Оның биіктігі 97 м. Бүгін сабақта біз «Бәйтеректің ең төбесіне шығып өз арман тілектерімізді айтамыз.
Саяхаттайтың «Бәйтерегіміз» үш бөліктен тұрады.
1 Төменгі бөлік.
2 Негізгі бөлік.
3 Ғажайып шар.
- Ал енді төменгі бөлікке кірейік Төменгі бөлікте бізді екі күзетші қарсы алды. Күзетші ағайларға амандасып, өлең айтып берейік.
Отанымның төрінде
Сарыарқанын өрінде
Ту ұстаған Астанам –
Әсем қалам бас қалам
Оқушылардың жұмыстарын бақылау

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Суретте кім, не туралы айтылғанын айтады. Оқушылардың деңгейлеріне деңгей қосу.
5 Түсіну жеке жұмыс Сөйлемдерді тақтаға жазады.

Мұғалімнің көмегімен қорытынды шығарылады.

Енді «Бәйтерек» монументінің төменгі бөлігіне кіреміз. Төменгі бөлікті аралап қызықтайм. Мынау не?
- Аквариум.
- Аквариумда нелер өмір сүреді? Сөйлемдерді ауызша талдайды. Онда кім, не туралы айтылғанын көрсетіп тұрған сөздердің астың сызады, үстіне сұрақтар жазады.
Сөйлемдегі ойдың негізі болып тұрған сөйлем мүшелерінің бірі бастауыш деп аталатыны, ол кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Жаңа материалды толық меңгеріп қабылдайды. Білім дәрежелері толығады.
6 Қолдану Оқулықпен
жұмыс
жеке жұмыс - Балалар «Бәтеректін» негізгі бөлігіне кіру үшін бізге не қажет? (билет)
- Ендеше билет алу үшін осындай тапсырма орындауымыз керек.
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығуны орындау
Оқушылардың жұмыстарын бақылау Сыныппен тақтаның алдында орындау
1-жаттығу: Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемде бастауыштардың астын сыз оларға сұрақ қой.

7 Қосымша білім Мұғалімнің түсіндіруі оқушылардың сөз таптары жайындағы осы білім дағдыларына сүйене отырып, бастауыштың көбіне зат есімнен және зат есімнің орнына жұмсалатын сөздерден (мен, сен, ол, біз, т.б.) болатынын айту.
Кесте арқылы түсіндіру:

Сұрақтары Сөйлемдер

Кімдер? Оқушылар сурет көрмесіне барды. Олар суреттерді ұзақ тамашалады.
Нелер? Құстар зиянды жәндіктерді жейді. Олар адамдарға пайда келтіреді.
Кім? Марат сабағын оқып болды. Ол енді анасына
көмектеседі.
Не? Қоян қаша жөнелді. Ол түлкіден қорқады.
түлкіден қорқады.түлкіден қорқады.

8 Сергіту сәті Тапсырманы орындадық енді билет алып лифтке кірейік. Яғни, негізгі бөлікке барайық.
- Лифт туралы не білеміз?
Лифт ішіндегі тапсырма. Лифт ішінде бізге бейнеклип көрсетеді біз сол жаттығуларды қайталаймыз. Бейнеклип жаттығулар орындайды оқушылар сергіп қалады
9 «Дөңгелек үстел» стратегиясы.
топпен жұмыс - Негізгі бөлікке келдік оған кіру үшін осындай тапсырманы орындауымыз керек.

- Негізгі бөліктін тапсырмасын орындадық. Әр топқа тек қана бастауыш беріледі. Осы сөздерге топ мүшелерінің әрқайсысы бір сөзден қосып отырады. Қосылған сөздердің бір-бірімен байланысуын қадағалайды. Сосын жұмыс топтары өздері құраған сөйлемдерді оқиды.
І-топ: Құстар
ІІ-топ: Қар
ІІІ-топ: Өсімдік Жаңа тақырып бойынша ұғым қалыптасады

10 Деңгейлік
тапсырмалар жеке жұмыс - Енді ғажайп шарға кірдік. Ғажайып шардың тапсырмасы. Тапсырма жазылған карточкаларды таратып береді.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау

Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
І деңгей: Адасқан бастауыштарды орнына қойып жаз:
... жылынды. Бақта ... сайрайды. ... аспанға ұшты. ... қыстай апанында ұйықтайды.
ІІ деңгей: Сөйлемдерді оқып көшіріп жаз. Басауыш сөздердің астың сыз, оларға сұрақ қой.
Ауыл маңында үлкен өзен ағып жатыр. Орманда саңырауқұлақтар, ағаштар, құстар, аңдар көп болады.
Апам маған қызық кітап сыйлады. Жаңбырдан кейін ауа. тазарады.
ІІІ деңгей: Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз, мәтінге ат қой. Бастауыштардың астын сыз.
Оқулықта 4-жаттығу
Оқушының ойлау қабілеті арттырады. Өз бетімен жұмыс жасайды.
11 Қорытынды Топпен жұмыс
СТО - Монументінің 97 м. биіктігінде Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың оң қолының табы тиген «Аялы алақан» композициясы бар. Бұл жерде әлемнің 17 діни конфессия басшыларының алғашқы сьезіне қатысқандар Қазақстан халқы мен жеріне тілек -
батасын берген тағы бір «Бата» композициясы орын алды. Біз де мында өз тілектерімізді жазу үшін осындай тапсырманы орындайық.
Оқушыларға суреттер, желім ватман береді.
«Қазақстанның болашағын неге теңейсін» тақырыбына суреттерді қиып коллаж жасайды. Әр топтан екі оқушы шығып қорғайды. Оқушының ойлау қабілеті арттырады.

12 Рефлексия

СТО

Оқушылар тілектер жазып іледі.
Бір-екі оқушы өз тілектерін оқып шығады.

13 Үйге тапсырма беру Үй тапсырмасын береді Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. Үй тапсырмасын орындау арқылы өз бетімен жұмыс атқарады.
14 Бағалау

оқыту үшін бағалау Бағалау парақтарын жинап алады. Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді. Өз деңгейлерінің қаншалықты екендіктеріне көз жеткізеді.

Ақсары негізгі мектебі

пән: қазақ тілі (3 сынып)
Тақырыбы: «Бастауыш»




Бастауыш сынып мұғалімі: Шаймерденова А. Р. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бастауыш можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Технологиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 299 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar