Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қиып пішілертін жұмыстар. Белдемшені дайындау реттілігі -

Қиып пішілертін жұмыстар. Белдемшені дайындау реттілігі

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3241 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қиып пішілертін жұмыстар. Белдемшені дайындау реттілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Белдемше тігу үшін қажетті қиып пішілетін жұмыстар туралы, белдемшені дайындау реттілігі туралы түүсіндіру, үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету, жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылаққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақта қолданатын көрнекіліктер: суреттер, ине – жіп, қайшы, тігін машинасы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қатысуды бақылау. Түгендеу
ІІ. Өткен сабақты қайталау
1 топқа сұрақ: белдемшені үлгіле, модель, фасон, белдемше түрлері
2-топқа сұрақ: Белдемшеге қажетті өлшемдер. Өлшемдердің белгілері

. ІІІ. Жаңа тақырып
Сарамандық жұмыс кезінде, яғни киім тігудің алдында киім пішу үшін мыналарды еске сақтау қажет:

Матаны үнемдеп жұмсау

Санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау

Техника қауіпсіздігін, жұмыс орнын ұйымдастыру ережесін
сақтау
Қол және машина жұмыстарын сақтау, ЫЖӨ жүргізу

Белдемшені дайындаудың реттілігі. Қандай да болмасын бұйымды тігуді бастамас бұрын жұмыс жоспарын құру керек.
Орындау жоспары
1. Пішу

Матаны пішуге дайындау

Пішім бөлшектерін матаға орналастыру
Пішім бөлшектерін тігіске арналған шеттік қалдыра отыра,
контуры бойынша тігіп шығу

Пішім бөлшектерін қиып шығу

2. Бұйым бөлшектерін
өңдеу және біріктіру

Пішім бөлшектерін өңдеуге
дайындау /контурлық және
бақылау сызықтарын белгілеу/
Бүйымның төменгі қиығын өңдеу
/жабық қиықты ішке бүгіп тігу/

Бұйым бөліктерін біріктіру
3. Бұйымды соңғы өңдеу


Үтіктеу, сапасын тексеру, қаттап жинау

ПІШУ КЕЗІНДЕ МЫНА МӘСЕЛЕЛЕРГЕ КӨҢІЛ АУДАРУ КЕРЕК:

Матаны төсемдеудің екі түрі бар: бүктеп және жайып.
Әдетте пішу үшін матаны бүктеп төсейді.Егерде пішілген бөлшектердің көлемі өте үлкен болса, бұйымның ортасында тігіс, ілгек болуы керек болса мата жайылып төселеді.

ІҮ. Техника қауіпсіздігінің ережесі
Ү. Сарамандық жұмыс
1 топ , 2 топ Белдемшенің үлгісін қағаздан қиып, соны мата бетіне түсіреді
ҮІ. Қорытындылау.
1.Қиып пішілетін жұмыстар кезінде нені ескеру қажет?
2. Белдемшені дайындау жоспарын айту
Пішу
Бұйым бөлшектерін өңдеу және біріктіру
Бұйымды соңғы өңдеу

Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру. Баға қою. Үйге тапсырма беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.