Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Менің елім - Қазақстан! -

Менің елім - Қазақстан!

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1630 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Менің елім - Қазақстан!
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тарихына шолу жасау, негізгі оқиғалар туралы баяндап өту, "тәуелсіздік" ұғымын оқушыларға түсіндіру.
Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Топта жұмыс істеу арқылы өзгелерді тыңдап, өз ой-пікірін білдіре білетін оқушыны төрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР-ның картасы, шарлар, плакатқа жазылған сөздер.
Жоспары:
I. Ұйымдастыру.
II. Кіріспе сөз.
III. Топтардың өзін-өзі таныстыруы.
IV. Ассоциативтік картамен жұмыс.
V. Поэзия минуты.
VI. Мақал-мәтелдер айту.
VІІ. Тілек айту.
VIII. Қорытындылау.
І. Үйымдастыру.
ІІ. Кіріспе сөз.
Мұғалім: Қайырлы күн, қүрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетінің құрылған, азаттық алған күні — әр елдің айтулы, ең басты мерекесі. Осыдан тура 16 жыл бұрын Қазақстан өзінің тәуелсіз ел екендігін барша әлемге паш етті. "Тәуелсіздік" деген тәтті ұғым, қастерлі сөз. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан әлемдік аренада тәуелсіз мемлекет ретінде орнығып, халықаралық, дүниежүзілік ұйымдар мен қауымдастықтарға толыққанды мүше болды.
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жүлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, Алыбым.
Бүгін сіздердің назарларыңызға "Менің елім — Қазақстан!" атты тәрбие сағатымызды үсынымыз.
Тәрбие сағатымызға екі топ қатысады:
Бірінші топ - " Ұландар"
Екінші топ - "Қырандар".
Бүгінгі сайысымызға баға беретін әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.
Әділқазылар: МАтбеков Қ., Сүлеева А., Сейтжаппаров П.
III. Топтардың өзін-өзі таныстыруы.
Екі топ бірге: Біз жас кыран самғаған білім көгіңде, Мақтанышы боламыз туған елімде, Алғырмыз, оқимыз, Көңілге бәрін-бәрін тоқимыз.
Қайырмасы: Ай-хай, ұландарым-ай, Қырандарым-ай. Шарықтасын ай-хай, Ұрандарың-ай!
IV. Ассоциативтік картамен жүмыс.
Мүғалім: Отан — адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы - анасына балайды.
Балалар, сендер, "Отан", "Тәуелсіздік" сөздерін естігенде көз алдарыңа нені елестетесіндер?
Алдын ала ілінген схемамен окушылар жұмыс атқарады. Өз ойларын ортага салады.
1-окушы: Асыл елім, жан жүректі үғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын бесік — Қазақстан гүлстан.
Жүр барайық, ашайық ән арнасын,
Жырау толғап домбырасын қолға алсын.
Дастархандар көзді тартып жайнасын,
Қыпша белді қыздар биден талмасын.
Би: "Жұлдыздар"
Мұғалім: Қазақтың мандайына біткен ұлы, түңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамыз достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың көк туын берік ұстап, тасқа тұяғын қашаған тұлпар мінген батырларша халқына тыныштық пен жігер беріп келеді.
Топ мушелері бір-бірлеріне Қазақстан Республикасы бойынша сурақтар қояды.
V. Поэзия минуты.
Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын -жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өленді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.

2-оқушы: Арнау
Бар дауыспен жар салдым еркін заман,
Мен қоғамның асқынған дертін жазам.
Тәуелсіздік ту тікті түғырында,

Ай да оңына жарқырап туды білем,
Неше ғасыр тылсымда булығып ең,
Кең жазықта көсілтер кезең келді,
Сан жыл баптап жаратқан жүйрігіңмен.
Ата заңың, өзіндік бағытың бар,
Бұла күшті бойдағы ағытыңдар.
Қазақстан тәуелсіз ел екенін
Төрткүл әлем жүзіне танытындар.

Өмір көшін кері ешкім қайтара алмас,
Ел тағдырын ойлаған жай таба алмас.
Әнүраның, Елтаңбаң, Көкбайрағың —
Бостаңдығың — бақытың қайталанбас!
Т. Сулейменов
3-окушы: Мен — қазақпын
Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мүң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн түтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен — қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Ж. Молдагалиев
VI. Мақал-мәтелдер айту.
Мұғалім: Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту — қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бүл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің ұшан-теңіз ертегі аңыздарымыз, ұзақ дастандарымыз бен жырларымыз, мақал-мәтелдеріміз, ұлы жырауларымыз бен шешендеріміздің нақылдары туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Олардың өзі қандай терең мәңді, көркем сөз маржандары десеңізші!
Келесі сайысымызда топтар Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.
4-оқушы: Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Арың үшін арпалыс, өлмейсің.
5-оқушы: Ер жігіт өзі үшін туады,
Елі үшін өледі.
6-оқушы: Елдің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
7-оқушы: Ел барда ер қор болмас,
Ер барда ел қор болмас.
VII. Тілек айту.
Окушылар бір-біріне тілектер айтып, ҚР-ның картасын іледі.
VIII. Қорытынды.
8-оқушы: Он алты жыл тәуелсіз еліміз!
Бүл көп асу,
Өзің үшін болашакқа жол ашу.
Өзге елдермен терезең тең болмаса,
Тар кезеңде бекер болар,
Тәуекел деп таласу.
9-оқушы: Он алты жыл тәуелсіз еліміз!
Бұл көп асу,
Алыс-жақын мемлекеттермен жарасу.
Құдай өзі қоңсы қылған елдермен,
Барлық мемлекеттермен,
Тең жағдайда санасу.
10-оқушы: Он алты жыл тәуелсіз еліміз!
Бұл көп асу,
Болашақтың ірге тасын қаласу.
Халқымызға хақ тағала жар болса,
Ұлы тарих көшімен,
Қол ұстасып әрі асу.
11-оқушы: Бұл — гүлденіп жайнаған,
Гүлстаңдар Отаны!
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!
Бұл — ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін -
Отанымның ұлымын!
Мұғалім: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек.
Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
"Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!" деген Абай өсиетін естеріңе мықтап ұстаңдар!
14.01.08.Сынып жетекшісі Сейтжаппаровтың сынып сағатына қатыстым.
15.01.08. Сыныппен таныстым.
16.01.08. ІІ тоқсан қорытынды жасау ата-аналар жиналысына қатыстым.
17.01.08. Сыныпқа сабақ беретін қазақ тілі пәнінің сабағына қатыстым.
18.01.08. Оқушылармен үйірме жұмыстары жөнінде әңгімелестім.
19.01.08. Мектеп ішілік орыс тілі апталығының қорытынды кешіне қатыстым.

21.01.08. Сынып сағатына қатыстым.
22.01.08. Себепсіз келмей жүрген оқушылардың үйін араладым.
23.01.08. Сыныптың дәптер кітап күнделіктерін бақылап зерттедім.
24.01.08. Іс тәжірибесі көпке үлгілі сыныпжетекшінің тәрбие сағатына қатыстым.
25.01.08. Жалпы құқықтық білім беру жиналысына қатыстым.
26.01.08. Әлмдік қауымдастық терроризмге қарсы күрес атты іс-шараға қатыстым.

28.01.08. «Менің елім – Қазақстан» ашық тәрбие сағатын өткіздім.
29.01.08. Жалпы ата-аналар жиналысына қатыстым.
30.01.08. Сыныптағы оқушылардың қоғамдық белсенділігін айқындау тәрбиелік мәнін талдау жиналысына қатыстым.
31.01.08. Тәртібі қиын оқушыларды анықтау және олармен жеке дара жұмыс түрлерін белгілеп бекіту.
01.02.08. Мектепішілік Өнерлі Ұстаз- 2008 байқауын көрдім.
02.02.08. Сыныптың тазалық
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.