Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ою-орнек  шежіресі -

Ою-орнек шежіресі

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2759 | Размер: | Автор: Нартай4540
. « Ою-орнек шежіресі»
Оразбибі Исақызы Жарылғасова
Мұнайшы кенті №7 орта мектебінің
Технология пәнінің мұғалімі.
Маңғыстау облысы .Қарақия ауданы.

Бір өрнекке салып қиып алған үлгіні ою дейді, Ал өрнек деп әр түрлі Ою-өрнек ата бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Қазақ халқының ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп.
Ертеде ата-бабаларымыз ою-өрнектерінің өзіндік қыр-сырын жете меңгере білген ою-өрнек дүние жүзі халықтарының барлығына тән өнер. Ою-өрнек халқымыздың мәдени шежіресі. Халқымыз қай заманда болмасын сулулыққа ұмтылған әсем дүниелер жасауда айнала қошаған табиғаттан үлгі алған,
Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласын ж/е ұлттық келбетін осы ою-өрнек арқылы бейнелеген.
Ою-өрнек ерте кезден-ақ жазу,сызу болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа,тасқа сүйекке ала бастаған. Заман ағымына қарай ою-өрнектер де дами түсті. Қазақтың ұлтық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпакқа мұра болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

І Сабақтың мақсаты: а) білімділік:
Ою-өрнек туралы терең білім беріп сәндік қолөнерге ынтасын арттыру ж/е аялы көзкарасын қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге, шеберлігін, ісмерлігін, икемділігін дамыту.
б ) Тәрбиелік: Оқушылады ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке,ұлттық қолөнерді біліп тануға тәрбиелеу.
ІІ Сабақтың түрі: Сұрақ-жауаб, түсіндірмелік
ІІІ Сабақтың көрнекілігі: ұлттық, ою-өрнектер,тест сұрақтары:
ІV Сабақтың барысы: І ұйымдастыру:
а) оқушыларды түгендеу:
ә) Сынып тазалығына назар аудару:
б) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру:
ІІ Өткен сабақты қайталау:
Тестке жауап беру.
ІІІ Жаңа сабақ:
Ата-бабаларымыз өзін қоршаған ортаға қарап, жан-жануарлар мүсінін, мүйізін керекті бұйымдаға, заттарға дәл бастырып көрсете білген. Ою-өрнекті әйел, ер адамдардың киімдеріне- бешпет, тон, камзол, шапан, тақия, сәукеле, кажекей, көйлекке өз үйлесімімен сала білген. Қазақ шеберлерінің қолданатын ою-өрнегі өте көп.
Ою-өрне өте ежелгі өнер, оның ұзақ та қызық тарихы бар.
Сұрақтар:
1 «Оюы көптің өрнегі көп,
өрнегі көптің ермегі көп» - деп кім айтқан? (ф.о)
2 «Онер сыры-өрнекте» Кімнің сөзі? ( Ә. М)
3 « Ою ойғанның ойы ұшқыр» -деп кім айтқан (Ф.О)
4 Ою дегеніміз не?
5 Өрнек дегеніміз не?
6 оюшы деден кім ?
7 Ою-өрнектердің түрлкрін ата?
Өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп , жемістене
береді.
Өю-өрнек жаңа түр жаңа мазмұн береді.
Мүйіз тектес ою-өрнектер:
«Қошқар мүйіз» -әл ауқаттың, жақсылықтың, молшылықтың белгісі.
Қазырғы қолөнер туындыларының барлық түрінде қолданылады.
«Қолтық оюы» -бұл ою хош келдіңіз деген қошамет қонақжайлылықтың белгісі.
Қөбіне текеметке слады.
« Түйе табан» - жібек жол сауда заманында қолданған. Саудагердің шапанына салған ою.
«Ирек» - адамның өмірінің ирек-ирек жолын, меңзеді, Көбіне бұйымдардың шеттеріне салынады.
«Бірқисық жол дүние бұраңдаған, Басқа дәулет бақ тайса құралмаған» деген өлең жолдары да бар.
«Жыланбас»- көбіне балалардың тақиясына салынады.
Атабабаларымыздың ұрпаққа деген өсиет үлгісі өнер, білім арқылы жеткен.
Тест сұрақтары:
1 Қазақ ою-өрнектерінің тарихы қай көне мадениеттен басталады?
а ) сақ ә) Андронов б) ғұн.
2 Жаңа тұған нәрестеге арналған бұйымдарға кай ою салынған?
а ) зооморфтық, ә ) геометриялық б ) өсімдік тектес
3 Гүл оюы нені бейнелейді?
а ) бейбітшілікті ә ) қуанышты: б ) дарқандықты.
4 Текеметтің бетіне қандай оюлар салынады?
а ) ұсақ, ә ) өсімдік тектес, б ) сыңарөкше.
5 Ою- өрнектің неше түрі бар?
а ) 300, ә) 400, б ) 500
V Қортындылау:
Бүгінгі сабақта жұмысын жақсы жасаған оқушының жұмысын көрсету.
VI Үйге тапсырма:
Ою-өрнек туралы ізденіп, дәптерлеріне мазмұнын жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.