Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құрақ құрау. Түрлері және қолданылуы. -

Құрақ құрау. Түрлері және қолданылуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1756 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау. Түрлері және қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы мағлұмат беру
Білімділік: оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат бере отырып, нарықтық эканомикаға байланысты матаны үнемдеуге, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыруға үйрету.
Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау барысында алған білімдерін, дағдыларын нығайту.
Тәрбиелік: көне заманнан келе жатқан қазақ халқының өнерін, салт- дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.
Сабақ әдісі: демонстрациялау, сөйлесу, көрнекілікпен жұмыс, ізденіс, қайталау, сарамандық жұмыс.
Көрнекілік: құрақ түрлеріне арналған альбом, нұсқау карта, слайд, дайын бұйымдар,
кішігірім құрақтардан көрме.
Құрал -жабдықтар: ине, жіп, қайшы, мата қиындылары, іс машинасы.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, әдебиет, геометрия.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ.
- Құрақ туралы түсінік
Ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі- құрақ құрау. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500-3000 жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен мата қалдықтарын тастамай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін - жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия дайындайтын. Құрақ - сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі - ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын мата таза, тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдылығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға болады. Мысалы орындықтарға, жиҺаздар бетіне, диванға, креслоға, т.б. әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер, төр көрпелер әрбір үйге сән берері сөзсіз.
Құрақ құраумен барлық жұрт шұғылданады, бірақ оны әр ұлт әрқалай атайды.

Қазақ тілінде құрақ құрау өнері - құрақ
Орыс тілінде құрақ құрау өнері - лоскутное шитье
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері -пэчворк
Жапон тілінде құрақ құрау өнері - сашико деп аталады.

Қ «Ай» құрақ
Ұ «шаршы» құрақ
Р «үшбұрыш» құрақ
А «ботакөз» қ
Қ «жұлдызша» құрақ
Т «тырна» құрақ
Ү «гүл» құрақ
Р «ою» құрақ
І «мүйіз» құрақ

Поэзия минуты.
Құрақ көрпе тігу қызықты,
Көп уақытты алады.
Бірақ соңына жеткенде,
Керемет болып шығады.
Қия алсаң маталар әдемі,
Үйлессін оған көлемі.
Бояуымен үндескен,
Құрақ көрпе әсем түр-түспен.
Бұйымдар мен заттарды,
Сәндеу үшін құрайды.
Қиында болса қиналмай,
Мен де үйрендім құрақ құрауды - деп сарамандық жұмысқа көшеміз.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру:
- қол инесімен жұмыс кезінде қандай ережені сақтаймыз?
- қайшымен жұмыс кезінде қандай ережені сақтаймыз?
- Үтікпен жұмыс істегенде қандай ережені сақтаймыз?

Қауіпсіздік ережесі:
- қол инесімен жұмыс:
1. Инені киімге қыстыруға болмайды.
2. Инені арнаулы қобдишада сақтау керек
3. Ине жібін тіспен үзуге болмайды
4. Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс
5. Инені жіпсіз тастауға болмайды

- қайшымен жұмыс:
1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек
2. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның көңілін бөлме.
5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды

- Үтікпен жұмыс:
1. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.
2. Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.
3. Үтікті арнайы тіреуішке қою керек
4. Үтікті тұтқасынан ұста
5. Үтікті мұғалімнің рұқсатымен токқа қосуға болады
6. Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды

ІІІ.Шығармашылық жұмыс
Көрпеше тігу
Нұсқау картаны оқушыларға таратып беру, сол бойынша орындалу ретін түсіндіру
ІV.Сабақты қорытындылау
Оқушылар үлестірмені толтырады

Білемін Білгім келеді Үйрендім

V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма: көрпеше құрап тігу

НҰСҚАУ КАРТА
Тақырыбы: « ҚҰРАҚ КӨРПЕШЕ ТІГУ»

Реті Жұмыстың орындалу реті Сызбасы Құрал-жабдықтар
1 Екі түсті таспадан маталар қию

Мата, қайшы
2 Астарлы матаға таспаларды біріктіре, түр-түсін үйлестіре отырып тігеміз. Тігін машинасы
3 Көрпешені астарына қосып тігеміз Тігін машинасы
4 Дайын болған көрпешенің ішіне мақта салып тігеміз, аяқтаймыз Тігін машинасы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.