Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Құрақты қаламсап қабын тігу.» -

«Құрақты қаламсап қабын тігу.»

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2019 | Размер: | Автор: Нартай4540
. БҚО Теректі ауданы
Подстепный қазақ орта мектебі
Иманбаева Г.Е

Сабақтың тақырыбы: «Құрақты қаламсап қабын тігу.»
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға құрақ түрлерін тігудің ерекшелігімен құрақ
бөліктерін дұрыс орналастыру реттілігін және өңдеу технологиясын үйрету.
ә) Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты
болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.
б) Оқушылардың теориялық білімдерін іс – жүзінде
шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Тарих, Геометрия, Бейнелеу, Сызу.
Керекті құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, қатты мата, қағаз, үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы, бор немесе қарындаш

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен амандасу,
-жоқ оқушыларды белгілеу,
-сабаққа дайындығын тексеру,
-оқушы назарын сабаққа аудару,
-топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру
Әр топ ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру.
1Құрақ құру дегеніміз не?
2. Құрақтың тарихы қандай?
3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Құрақ құрауда түстер үйлесімділігінің қандай маңызы бар?
5. Құрақ жасау үшін қандай құрал - жабдықтар қажет?
6. Құрақтың тұрмыста алатын орны қандай?
7. Құрақ қандай геометриялық фигуралардан тұрады?

Бағалау критерийлерімен таныстыру.
(топ басшылары жауап берген оқушыны белгілеп отырады)
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Топтық жұмыс
Кім шапшаң? Сарамандық жұмыс Сөйлемді толықтыру.



ІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіру.
Сегізжапырақ, аққу, жұлдызша, ботогөз, тырна қатар т.б

Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:
Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
- Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
- Екіншіден, әдемілікке, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
Құрақ құрау - халқымыздың үй - тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан - ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.

Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау - мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже - әпкелеріміз күнделікті үй - тіршілігінде өзіндік орны бар,
пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе - көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар. Ертеде апа - әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз - немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп - өнсін»деген тілекпен жасаған.
Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние - мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл - көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.

Кім шапшаң?(қағаз бөліктерінен құрақ құрастыру).

IYСарамандық жұмыс.
№ Орындалатын жұмыс түрі Құрал-жабдық
1 Көрсетілген геометриялық фигураларды матадан қиып дайындап ал.Шетінен тігіс үшін 1 см артық қалдыр. Мата, қайшы, бор немесе сабын алқындысы
2 Үлкен үшбұрышқа екі кіші үшбұрышты көктеу тігісімен біріктіріп тік. Тігу үшін қалдырған тігістік орынды (1см) пайдалан. Мата, ине жіп, қайшы
3 Тігілген бетті ашқанда, тіктөртбұрыш пішінді құрақ пайда болады. Осындай 6 тіктөртбұрышты құрақ көз дайында. Мата, ине жіп, қайшы
4 Тіктөртбұрыш пішінді 5 құрақ көзді бір-бірімен кіші үшбұрыштардың табанынан біріктіріп тік. Мата, ине жіп, қайшы
5 Дайындалған екі ұзын жолақты құрақ көздің екі шетіне тік. Мата, ине жіп, қайшы
6 Құрақ көздің екі еніне кіші жолақтарды біріктіріп тік. Ұзындығы ені бойынша шеттері жолақтармен біріктірілген құрақ көздерінің дұрыстығын тексер. Мата, ине жіп, қайшы
7 Құрақ көзді астармен біріктіріп тік. Мата, ине жіп,үтік, қайшы
8 Дайын құрақты қаламсап қабының үлгісі Мата, ине жіп, үтік, қайшы

Қауіпсіздік ережесі
Инені киімге қыстыруға болмайды.
Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
Инені жіпсіз тастауға болмайды.
Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
Инені ине қадағышқа шаншы.
Қайшыны ашық тастама.

Y. Сабақты бекіту.
Сөйлемді толықтыру.
Мен---------құрақтың не екенін түсіндім.
Мен---------құрақ түрлерін білдім
Мен---------құраққа қандай құрал керектігін білдім
Мен---------құрақтың геометриялық фигуралардан тұрадынын білдім
Мен---------құрақтын тұрмыста алатын орыны ерекше екенін білдім
Мен---------құрақ құрауда түс үйлесімділігі үлкен қызмет атқаратындығын түсіндім

YI. Қорытынды. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша бағаларын қою.

YII. Рефлексия.
-Сабақ ұнады ма?
-Қандай тапсырма орындаған ұнады?
«Сабақтан кейінгі көңіл күйім»кестесін толтыру.(сабақтан алған әсерлерін айтып, ой бөліседі, көңіл күйлерін білдіріп, смайликтерге жазып тапсырады.

YIII.Үйге тапсырма: & 21.22. 29-бет.
Құрақты қаламсап қабынның астыңғы бөлігін дайындап келу.

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Ашық сабақ.

Тақырыбы:


( 4а сынып)



Өткізген: Технология пәні мұғалімі Иманбаева Г.Е.


14.03.2014 жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.