Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
“СН-4Б картоп отырғызғыш” -

“СН-4Б картоп отырғызғыш”

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1640 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ашық сабақ жоспары
Топ:.................................
Уақыты:........................

Пән: “Ауыл шаруашылық машиналары”

Тақырып: “СН-4Б картоп отырғызғыш”

Сабақтың мақсаты:
А) білімдік: СН-4Б картоп отырғызғыш туралы толық мәлімет беріп, олардың теориялық білімдерін арттыру.
Ә) дамытушы: бағыттық, ойды және білімдін асыру.
Б) тәрбиелілік: қарым-қатынас және адамгершілік рухында тәрбиелеу.

Сабақтың өткізу әдісі: Инавациялық әдіс, билингвал, аралас, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнектілігі: Сабаққа байланысты плакат, сұрақ жазылған карточкалар, терминдер жазылған карточкалар, интерактив тақта, “Ауыл шаруашылығы машиналары” авт: Ю.И.Воронов , оқулық, сызба, сүреттер, картоп егетин агрегаттарды схемасы .

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушы бөлімі:
А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау, топ журналына нәтіжелерді жазу.
Ә) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару.
Б) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау.
В) Сабаққа дайындықты және оқу құралдарды тексеру.

ІІ. Өтілген оқу материалын еске алу: (10-15мин)
Оқушылар білімін тексеру үшін қойылылатын сурақтар.
1. СО-4,2 сеялкасының жұмыс атқаруы және марканы аталуы
2. СО-4,2 сеялкасының құрылымы.
3. СО-4,2 сеялкасының іс принцпі
4. Сошникті пайдалануға қарай түрлері
5. Тұқым және тыңайтқыш өткізгішлардың түрлері.
6. Тұқым сепкіш аппаратының құрылымы.
7. Тыңайтқыш сепкіш аппаратының құрылымы
8. СО-4,2 сеялкасының реттелуі


СН-4Б картоп отырғызғыш



СКМ-6 картоп отырғызғыш

САЯ-4 картоп отырғызғыш

КОН-2,8 ПМ аспалы культиваторы

ІІІ. Өтілген тақырыпты қорытындылап жаңа тақырыпқа кіру.
(20-22мин)

Жаңа тақырып.
Сабақ жоспары:
1 . Картоп егу ушін жалпы мағлұмат
2. СН-4Б картоп егу машинасының құрылымы
3. СН-4Б картоп егу машинасының іс принципі
4. Сошниктың іс принципі
5. Сошниктың құрылымы.
6. СН-4Б картоп егу машинасының реттеу

1. Картоп егу ушін жалпы мағлұмат . Картоп отырғызу ушін төрт және алты қатарлы отырғызу машиналары шығарылады. Оның нeгiзгi моделі төрт қатарлы СН-4Б картоп отырғызғыш болып табылады. Ол картоп түйіндерін реттеп отырғызуға әpi сонымен бip мезгілде тыңайтқыш шашуға арналған.
СН-4Б машинасының негізінде реттеп отырғызу үшін СН-4В-2 (қиыршық тасты топырақты жерге қолданады), СКМ-6, СКС-4 т.б. картоп отырғызғыш машиналары жасалып шығарылуда.
Төрт қатарлы САЯ-4 картоп отырғызатын машина әдеттегі көк өркенінің ұзындығы 2—3 см болып өнетін, түйіндері бапталған картопты отырғызуғa арналған. Ол картоптың өнімділігін 10—40 %-ке арттырады. Сонымен қатар өсімдіктің өніп-өcy кезеңін 12—15 кунге кысқартады.
Картопты куту үшін КОН-2,8 ВПМ және КРН-4,2Г түптеуіш-култиваторлары, торлы және айналмалы ротациялы тырмалар пайдаланылады.
Топыраққа және климат жағдайларына байланысты түйінді жоталап немесе тегістеп егеді. Егу тepeңдігі 6ip қалыпты болуы тиіс (жоталап еккенде 12—16 см, тегістеп еккенде 8—12 см). Белгіленген тереңдіктен ±2 см ауытқуға болады.

2. СН-4Б картоп егу машинасының құрылымы. СН-4Б картоп отырғызғыш массасы 40—100 грамдық өндіртмеген картоп түйіндерін жоталап және тегістеп отырғызуға арналган, сонымен бipгe борозданың түбінен түйіннен төмеңірек етіп бөлек-бөлек тыңайтқыш себеді. Отырғызылған картоптың қатараралығы , 60-70 см болады. Ал қатардағы түйнектер аралығын 25, 30, 35 және 40 см мөлшерінде белгілеуге болады. Ол «Беларусь» тракторымен агрегатталады.

3. СН-4Б картоп егу машинасының іс принципі СН-4Б картоп отырғызғышы рамадан (2), қоректендіру шөміштерi (13) бар eкi бункерден (3), бункерлердің арт жағына екі-екіден орналасқан төрт көсіп алу аппаратынан (4), АТ-2А екі тыңайтқыш сепшш аппараттан (5), бағдарлауыш доңғалағы мен борозданы жабатын жұмыс органдары бар (6) төрт сошниктен (7), жетек механизмінен, eкi тipeyiш доңғалақтан (8), eкi iз копсытқыштан, eкi жақты электрлік сигнал беру жүйсінен турады, Картоп отырғызғыштың eкi жақ бүйіріне тұтқалары бар және бөліп туратын қалқанды басқыштар, ал трактордың рамасына маркерлер (10) бектлген.
Картоп бункердің (1) еңкіш тубімен сліккіштің (2) және араластырғыштардың (3) көмегімен қөректендіргіш шөмішше (4) түседі де, одан көciп алатын аппараттардың айналмалы дискілерне бектлген қалақшалар (6) қағып алады. Шөмішке (4) бұрышты бөлгіш пен шнек (5) орнатылған, олар картопты қалақшаларға бағыттап турады. Қоректендіру шөмішінен шьққанда қысқыштар (7) қалақшаларындағы картоп түйінен қалақша сошниктің үстіне келгенше устап тұрады. Осы уақытта қысқыштың рычагы шинаның үстіне келеді (жүріс жолына), қысқышты қалақ шадан ажыратады, сонда картоп түйіндері сошник жасаған бороздаға түседі, ал қалақша ажыратылған қысқышпен 6ipre тағыда қоректендіру шөмішінің жаны арқылы картоп қабатына өтеді де , келесітүйінді қағыпалады.
4. Сошниктың іс принципі. Сошник корпустан турады, ол жебе тәрізді тұмсықпен және буйірлік қайырмамен жабдықталған. Алдыңғы бөлігінде тыңайтқыш өткзетін канал бар,Жұмыс кезінде сошниктің тұмсығы жайпаң түп жасайды. Минералды тыңайтқыштар тьщайтқыш өткізгіштен каналға келіп түседі де, борозданың, өн бойына жайылады. Қайырмалар (11) сошниктің бүйір қабырғасы нан шығып тұрады да, борозданың бүйір жағындағы топырақты тіліп, оны сошниктің ішкі жағына лақтырып, тңайтқышты қалыңдығын 3 см етіп бос топырақпен жабады. Отырғызғыш аппараты тастаған картоп түйіндерінен қопсыған топыраққа түседі. Топырақ қабаты тыңайтқышты картоп түйнегінен бөлектеп, ол алғаш өнгенде өркеннің күйіп кетуін, ал қопсыған топырақ түйнектің борозда ішінде сырғанап, домалауын болдырмайды.
5. Сошниктың құрылымы.
1-алдынғ краншиейн
2,13-сошниктің жоғары және
төменгі тартқышы
3-сошник корпусы
4-сошник
5-штанга
6-тырам
7-сіңіргіш дискілер
8-рамка
9-қайырғыш тетік
10-реттеуіш таяныш винти
11-тіреуіш доңғалағы ричагы
12- тіреуіш доңғалағы
14- реттеу тягасы

6. СН-4Б картоп егу машинасының реттеу. Егер трактордыц куат алу білігі синхронды жетекте болса, онда қосымша жетектеп 40 тicтi жұлдызшаны 22 тicтi жұлдызшамен алмастыру керек. Сонда себу жиілігі редуктордың білігіндегі ауыспалы жұлдызшаны іріктеп қою арқылы реттеледі. Тыңайтқыш сепкіш аппараттың, жабу рычагын завод нұсқамасында көрсетілген орташа қалыпқа қояды.Картоп отырғызғыштың тіруіш доңғалақтарын шеткі қатараралығына келтіріп орнатады және оны биіктігі жағынан сошниктің теменгі тартқы шының ұшы алдынғысына қарағанда 100—110 мм төмен болатындай eтіп реттейді . Отырғызғыштың рамасы горизонталь қалпында болғанда сошниктердің тұмсығы тipeуіш жазықтығына тиіп, ал сошниктің төменгі тілінің артқы шеті горизонттан 35—45 мм кетеpіп тұруы тиіс. Ол ушін сошник аспасының жоғары бұранда тартқышының ұзындығын реттейді.
IV. Өтілген тақырыпты пысықтау: (3-4мин)
1 . Картоп егу ушін жалпы мағлұмат
2. СН-4Б картоп егу машинасының құрылымы
3. СН-4Б картоп егу машинасының іс принципі
4. Сошниктың іс принципі
5. Сошниктың құрылымы.
6. СН-4Б картоп егу машинасының реттеу
V. Қорытынды:
Оқушылар жауаптарына анализ жасап, алған бағаларын күнделік дәптерларине, және топ жүрналына қою.

VI. Үйге тапсырма: (1-2мин) әдебиетден: 230 - 235 беттерді және конспекттен оқу.

Оқытушы: …...........................Мадосманов С.М.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.