Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Стартерді жинау жұмыстары -

Стартерді жинау жұмыстары

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2018 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Дүйсебай Сарыбай Әдешұлы
Д.Құрманбек атындағы №20 кәсіптік лицейдің оқу өндіріс шебері

Сабақтың тақырыбы: Стартерді жинау жұмыстары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға стартердің жұмыс істеу принциптері , құрылысы
және жұмыс істеу әдістері мен жинау жұмыстарын үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды өз мамандығына қызығушылығын арттырып,
ұжыммен жұмыс істей білуге үйрету

Дамытушылық: Стартердің бөлшектеу мен жинау жүйелерінің айырмашылығы
туралы және теориялық білімдерін практикада ұштастыру

Сабақтың әдісі: Практикалық

Пәнаралық байланыс: Автомобиль құрылысы, еңбекті қорғау, физика, электротехника

Тақырыпқа берілген уақыт: 6-сағат

Сабақтың тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Тапсырма ГАЗ-52 автомобильінің стартері
2. Тапсырма СТ-350 стартерінің құрылысы
3. Тапсырма СТ-112 типті стартерінің құрылысы
4. Тапсырма Дистанциялық электромагнитті іске қосқыш стартердің құрылысы
5. Тапсырма автомобильдерге пайдаланылатын стартерлер мен жиынтығымен жұмыс жасау

Сабақтың оқу материалдық жабдықтары.
1. ГАЗ-52 автомобильінің стартерін жинақтау
2. СТ-350 стартерінің құрылысын жинақтау
3. СТ-112 типті стартерін жинақтау
4. Дистанциялық электромагнитті іске қосқыш стартердің құрылысын жинақтау
5. жалпы стартер құрылысын жинақтап үйрену

Звенолардың алмасу графигі
Звенолар Тапсырмалар
1-звено І
1 І
2 І
3 І
4 І
5
2- звено І
2 І
3 І
4 І
5 І
1
3- звено І
3 І
4 І
5 І
1 І
2
4- звено І
4 І
5 І
1 І
2 І
3
5- звено І
5 І
1 І
2 І
3 І
4

а) Технологияның нұсқау
ә) Оқулықтар
б) Құрылғылар мен құралдар
г) Аптечкелар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Оқушылардың арнайы киімдерін, техника қауіпсіздік ережесі талабына сай екендігіне көңіл бөлу.

ІІ. Кіріспе нұсқау.

1. Жұмыс тәртібі мен сабақтың мақсаты және тақырыбын хабарлау.
2. Технологиялық нұсқау картасы мен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру.
3. Өткен тақырыпты қайталау және бекіту.
3.1. Стартерді бөлшектеу.
3.2. Стартердің құрлысы.
3.3 стартердің ахауларын анықтау
3.4. Сабаққа қажет құрал- жабдықтарды, құрылғыларды пайдалану әдісін түсіндіру.
4. Жаңа сабақты түсіндіру, әрбір звеноның жұмыс орнына сай тапсырмалармен
таныстырып жұмысты орындау жолдарын көрсету.
4.1. Стартер дегеніміз не?
4.2. Стартердің, генератордан айырмашылығы неде?
4.3. Стартердің түрлері.
4.4. Стартердің жұмысы.

Стартер дегеніміз- жүргізгенде двигательдің иінді білігін бұру үшін пайдаланатын тұрақты токтың электр двигателі.
Стартердің генератордан аздаған айыриашылығы бар. Мұныңда құрылысы электр машиналарының кері әсері беру қасиетіне байланысты. Оның негізгі қасиеті мынада:
Егер де магнит өрісіндегі обматкасы бар якорьды механикалық күш жұмсап айналдыратын болсақ, онда машина электр тогын өндіретін генератор болып табылады.
Стартердің генератордан бір өзгешелігі сол, онда коздыру обматкалары мен кезекпен- кезек якорь обмоткалары мен іске қосылған төрт электромагнит бар.
СТ-350 стартерінің құрылысы: стартер корпусыныңкронштейн қақпағы, стартер білігі, жетекші шестернясы, оралым муфтасының сыртқы құрсауы, оралым муфтасының ролигі, жылжымалы втулка, стартерді іске қосу тұтқасы, стартер клеммасы.
Стартерді аккумулятор батереясы тізбегімен іске қосқанда ток мына тізбекпен өтеді: батереяның плюстік клеммасы-провод-іске қосу контактісі- корпустың изоляцияланған клеммасы қоздыру обмоткалары плюстік шеткалар коллектор якорь обмоткасы минустық клеммасы.
Стартерді іске қосқанда оның орамдары арқылы электроиагниттері мен якорда күшті магнит өрісін пайда ететін өте қуатты ток өтеді. Осы магнит өрістерінің әсерімен жетек тетігі арқылы двигательдің иінді білігі айналады.

ІІІ. Ағымдағы нұсқау.

1. Бірінші айналымда звенолардың стартер бөлшектерін жинақтауға дайындығына назар аудару, әр оқушының технологиялық нұсқау картасымен танысқандығын байқау, олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін техникалық нұсқау карталарының тәртібін түсіндіру.
2. Екінші айналымда жинақталған стартер бөлшектерінің дұрыстығына көз жеткізу, қате болған жағдайда оларға қолмен көрсету, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын талап ету.
3. Үшінші айналымда оқушылардың жұмыс орындарына, материалды ұғынуына көңіл аударып, қиын сұрақтарға түсінік беру. Стартер жүйесі детальдарының орналасуына ден қойдырып, дұрыс ұғым қалыптастыруға көмектесу.
4. Төртінші айналымда бөлшектелген механизмдердің қайта жинау әдістерінің орындалуын қадағалау , тексеру, әр оқушының іс әрекетіне көңіл аудару, әсіресе олардың құрал -жабдықтар мен құрылғыларды пайдалануын өздігінен көңіл бөлу, механизмдердің қасында техника қауіпсіздік шараларының сақталуын көңіл бөле отырып жіберген қателіктерін түзету жолдарын түсіндіру.
5. Бесінші айналымда аталған кемшіліктердің сапасына, комплектілігіне тексеру жүргізіп құрал –жабдықтарды, жұмыс орындарын түгелдеп алу. Әрбір оқушының жұмысын бағалап, журналға түсіру.

ІҮ. Қорытынды нұсқау.

1. Звенолардың жұмысын қорытындылай отырып, тиімді жұмыс ұйымдастырған звеноның жеке оқушыларын атап өту, әсіресе жұмыс сапасына оқушылардың көңілін аудару.
2. Жіберген кемшіліктеріне тоқталып, қажетті нұсқаулар беру
3. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру
4. Оқушылардың бағасын естірту
5. Үйге тапсырма беру, керек оқулықтардың саны, тарауларын атап өту.

Ү. Үйге тапсырма.
«Автомобильдің құрылысы және пайдалануы»
Стартерді жинау жұмыстары

Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы
Шәуілдір ауылы

Мика! "ХХІ ғасыр мектебі" журналына жібер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.