Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ТЕХНИКА ТҮРЛЕРІ -

ТЕХНИКА ТҮРЛЕРІ

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3045 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: ТЕХНИКА ТҮРЛЕРІ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Техника түрлерін танып білуге үйрете отырып, ауыл шаруашылық машиналар туралы алған білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың техника мен құралдары жөніндегі білімдерін одан әрі дамыту, атқаратын жұмысына қарай жіктелуін оқытып үйрету.
3. Тәрбиелік. Техника түрлері туралы жете танысу, оны заман талабына сәйкес дамыту және ауыл шаруашылығы мен ауылды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сурет, кесте.
Сабақтың өту әдісі: баяндау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: сызу, әдебиет, физика.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру. (3 мин)
2. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)
3. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ
Мотоблок-1 (Т-15 шағынтракторы).
МБ-1 маркалы мотоблогы әр алуан операциялардың 20 түрін орындайды. Мұндай операцияларға жерді жырту, топырақты қопсыту, шөп шабу, шөпті жинау т.б жатады. Ол үшін мотоблогқа әр түрлі жұмыстарды орындайтын кұралдар мен машиналар тіркеледі. Бір корпусты аудармалы соқа, төрт копсытқыш, аспалы шалғы, бір өсті арба тіркеледі. Оған косымша өндірістік маңызы бар картоп қазғыш, топырақ майдалағыш, су сорғысы генераторы, айналмалы ара, иірлікті (шнекті) қар тазалағыш тіркеледі. МБ-1 мотоблогы пайдалануға ыңғайлы, үнемді, тез реттегіш, қозғалмалы. Бәсеңдеткішке берілетін козғалтқыш қозғал-малы және аспалы күралдары—сапалы ременді, дөңгелектері пневматикалық топыраққа батпайтын болып келеді.
"Супер-600" мотоблогы. Арнайы беріліс механизмімен жабдықталған және корпусы бұрамдық түрінде жасалған бұл мотоблок кез келген жерде жұмыс істеуге ыңғайлы. Маңызды үш жұмысты орындауға арналған. Мотоблоктың кұрылымдық ерекшелігіне байланысты аса күрделі жұмыстарды, онын ішінде картоп, көкөністі қазуға рұқсат етілмейді. Таулы аудандарға, қиғаш беттерге өте қолайлы, ал далалық тегіс алқаптарда ең көп қолданылатын техника. Ол топырақты кесу агрегаттары, құрылғылары дөңгелете кесу аппараттары және басқа да белсенді қондырғылармен сәйкестендіріле жұмыс жасайды.
Егер жүріс берілісін ауыстыру қажет болса, онда пайдаланушының талабы бойынша жүріс бөліктерін, дөңгелегін металдан жасалған дөңгелектерге ауыстыруға болады.
"Супер-600" мотоблогы дискілі соқа, шалғы (жан-жакды сегментті және роторлы), топырактың қатты қабаттарын өңдеу, кесу, тырмалау, қопсыту, үю, тегістеу аппараттарын, шөпті шабу және шөмелелеуге арналған, шұңқыр қазу, тыңайтқыштар шашу, сорғы орнату, бір дөңгелекті тіркеме тіркеу, қар тазалау т.б. бағыттағы машиналарды орнатуға арналған.
МТЗ-05 "Беларусь" мотоблогының МБ-1 мотоблогынан айырмасы оның жан-жақты жұмысқа қолайлылығы. МТЗ-05 "Беларусь" мотоблогының белсенді жұмыс тетіктерінің, машиналарды пайдалану кезіндегі агрегаттарының біліктен қуат алу күштілігі таза айналымының минутына 1000 рет айналуына тең. Құрылысындағы кемшілік — дөңгелегінің жалпақтығы және бортының алмалы-салмалы болуы.

Мотоблоктардың техникалық анықтамалары

№ Параметр аттары Мотоблок аттары


МБ-1 Супер-600 МТЗ-05 "Беларусь"
1 Ңуаты, кВт 3,18 4,...5, 2,8
2 Жанармай шығыны, г/кВт 370 488 430
3 Алымдылығы м/мин 400—690 332...480 400,600,700
4 Жолдың кеңдігі, см 170 165 300
5 Алдыңғы беріліс саны (1-беріліс) 4 1,72 211
6 2-беріліс 10 3,62 3,8
7 3-беріліс - - 9,6
8 Арткы беріліс (арткы 1-беріліс) 4 2 2,5
9 2-беріліс 10 - 4,6
10 Масса, кг (салмағы ) 100 90 135

МТЗ-05 "Беларусь" мотоблогына құрылымдық өзгеріс жасау үшін алдыңғы дөңгелек шассилерін 300 мм-ге көтеруге болады. Пайдалану мүмкіндігіне қарай азайтуға да болады. Пайдалану әдісін кейбір жағдайларда өзгертуге де болады. Мотоблокқа ОВП-20 агрегатының шағын дәрі шашу аппаратын тіркеуге болады (7-сурет).
МБ-1, Супер-600, МТЗ-05 "Беларусь" мотоблоктарын 1-кестеде көрсетілген параметрлер аркылы ажыратуға болады.
Шағын трактор деп— екі есті құрылымды техника түрі, өзіндік құрылысы жағынан деңгелек табанды тракторларға ұқсайды. Қолдан жасалған шағынтракторлар дөңгелекті және шынжыр табанды болады. Тәжірибеде байқалғандай, шағын тракторлар шаруа (фермер) жеке шаруа қожалықтарына пайдаланған кезде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін 5—10 есе арттырып, сапасын жақсартады. Кейбір жеке жұмыстарды істегеңде қол жұмысымен салыстырғанда 20—30 есе сапалы жұмыс атқарады.

Бағалау.

Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.