Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ылғалды-жылулық өңдеу терминологиясы. с/ж: машина тігістерін жасау -

Ылғалды-жылулық өңдеу терминологиясы. с/ж: машина тігістерін жасау

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5158 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Өтілетін күні: 10. ХІІ. 09ж
Сыныбы: 5 «б»

Сабақтың тақырыбы: Ылғалды-жылулық өңдеу терминологиясы.
с/ж: машина тігістерін жасау

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: үтікті қолдану әдістерін үйрету, Т.Қ.Е

ә) дамытушылық: оқушылардың жұмысты орындауға икемділігін дамыту, өз бетінше қолдана білу.

б) тәрбиелік: Т.Қ.Е. сақтай білуге үйрету, ұқыптылыққа, сақтыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: баяндау, жеке үйрету, сарамандық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, үтік түрлері, үтік үстелшесі

Пәнаралық байланыс: физика, тарих, әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, арнайы киімдерін қадағалау
ІІ. Өткен тақырыпқа шолу
а) Сызықты диктант
ә) сұрақ-жауап

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІҮ. Сарамандық жұмыс
І. Қорытынды, үйге тапсырма

Сызықты диктант


Шығу тарихы
1882 жылды 16 маусымы ресми емес мереке-Үтік күні. Осы күні американдық өнертапқыш Сэли Генри электр үтігін ойлап тапты. Ол осылайша кейінгі ұрпақтың құрметіне ие болды.
Тігін жұмыстары кезінде ылғалды-жылумен өңдеу не үшін қажет?
• Матаны тегістеу
• Тігістерді жатқызу;
• Бөлшектерді созу және отырғызу;
• Желімдеу;
• Форма беру






Маталарды үтіктеу жылылығы

• Химиялық талшықтан жасалған маталар үшін болар болмас 60-900с
• Табиғи жүннен, жібектен жасалған маталар үшін орташа 100-1300с
• Мақта маталар, қалың маталар үшін қатты қыздыру керек 160-2000с


Ылғалды жылумен өңдеуге нұсқау

- Үтіктер алдында үтіктің табанын тексереді, онда күйген дақ болмауы керек;
- Су құятын қүтыда су болуын қадағалап немесе дәкені сулап дайындау керек;
- Үтіктеуге ыңғайлы орын немесе үтік үстелшесінде үтіктеу;
- Үтік қызып тұрған кезде арнайы тұғырға қою керек;
- Бұйымды оңнан солға қарай үтікте;
- Бұйымды тар жағынан кең жағына қарай үтіктейді.

Ы.Ж.Ө. жұмысында қолданылатын терминологиялар

Термин Жұмыстың мазмұны Қолдану орны
Бастыра үтіктеу Тігіспен бөлшектің қалыңдығын басу Бұйымның етегі мен қалтаның шеткі қалыңдықтарын бастыру
Жатқыза үтіктеу Тігістің шетін бір жағына жатқызып, сол қалпында бекіту Қатпарларды, өңделмеген қиықтарды бір жағына жатқыза үтіктеу
Айыра үтіктеу Тігісті екі жаққа жатқыза үтіктеу Белдік пен желбіршектің тігістерін айырып үтіктеу
Тегістеп үтіктеу Матаның отырмауы үшін алдын ала жасалатын ылғалды-жылумен өңдеу Матаны пішер алдында үтіктеп алу
Бұйымды әрлеп үтіктеу Бұйымның қыртыстарын тегістеп, ең ақырғы ылғалды-жылумен өңдеу Дайын бұйымды үтіктеу

Ылғалды-жылумен өңдеу жұмысында ескеретін техникалық қауіпсіздік ереже:
- үтікті электр жүйесіне қосқанда қолың су болмауы керек;
- Электр үтігінің ыстығын қолмен тексеруге болмайды;
- Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін үтік баусымын, үтік тұғырын тексерген жөн;
- Электр үтігін желіге қосқанда немесе ажыратқанда бау сымынан тартып шығармай, айыр корпусынан ажырату керек;
- Жұмыс орнына резеңке төсеніш төсеу;
- Үтікті бау сымының үстіне қоюға болмайды;
- Жұмыстың соңында үтікті өшіру, арнайы орнына қою.
- Үтіктелген бұйымды біраз жайып қойған дұрыс

Сергіту сәті:
Өлеңнің ұйқасын тап.

--------------------------- тыңдаймыз,
------------------------------ жұмыс жасаймыз.
---------------------------------- сабақтан,
---------------------------------- бала боламыз

Адасқан сөздер

Бұйымның етегі мен қалтаның шеткі қалыңдықтарын бастыру
Қатпарларды, өңделмеген қиықтарды бір жағына жатқыза үтіктеу
Белдік пен желбіршектің тігістерін айырып үтіктеу
Матаны пішер алдында үтіктеп алу
Дайын бұйымды үтіктеу

Бұйымды әрлеп үтіктеу Жатқыза үтіктеу Тегістеп үтіктеу
Айыра үтіктеу Бастыра үтіктеу

Сарамандық жұмыс:
Тақырыбы: Ылғалды –жылулық өңдеу
Машина тігістерін жасау

-үтіктеу тәсілін көрсету, жеке үйрету
-Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыстар жасау
- Жұмбақ жасырып шешуіне мақал айту
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: машина тігістерін орындау және ылғалды-жылумен өңдеп келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.