Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Зергерлік бұйым жасау. -

Зергерлік бұйым жасау.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3684 | Размер: | Автор: гость
. 1.Сабақтың тақырыбы: Зергерлік бұйым жасау.
2.Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:Оқушыларға зергерлік өнер туралы мәліметтер бере отырып білімді қалыптастыру.
2.Дамытушылығы:халық шеберлерінің өнерімен танысу және өнерге қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту.
3.Тәрбиелігі:Туған өлкесінің бай мұра қазынасын көздің қарашығындай сақтауға оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: математика,бейнелеу өнері, ана тілі, дүниетану
Көрнекілігі: жасалынған зергерлік бұйымдар,плакатқа жазылған сөзжұмбақтар,суреттер.
3.Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды белгілеу,зейін,ынтасын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру.«Ойлан тап» ойынын ойнату арқылы кедергіден сүрінбей өту үшін бізге еңбекке баулу пәнінен алған білімдерімізді тексеру.
Карточкамен жұмыс:
1.Зергер дегеніміз кім?
2.Зергерлік өнері біздің аймақта қашаннан дамыған?
3.Зергерлік қандай бұйымдарды білесің?
4.Зергерлік бұйымдарды қандай металдардан жасаймыз?
4.Жаңа сабақты түсіндіру
Міне балалар сендер бірінші кедергіден өттіңдер,келесі кедергіге бару үшін тақтаға ілінген ребусты шешеміз.Ребуста «зергер» сөзін табамыз.
Қазір енді біз «зергерлер әлемі » аялдамасына саяхат жасаймыз.Бұл саяхатымызда оқушыларға зергерлік өнер туралы қысқаша айтып,зергерлік бұйымдардың шағын көрмесін оқушыларға көрсетіп шығамыз.
Осы зергерлік бұйымдарға байланысты енді біз көне сөздермен танысайық:
Грифон-мөр,бедер,өрнек.
Штамп-ресми таңба
Он жорға-әйелдер тағатын алтын, күміс шолпы,алқа
Қамар белбеу- зерлі әшекейлі белдік.
5.Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақты бекіту.
1.Құдағиға сыйлайтын сәндік зат(жүзік)
2.Белге тағатын сәндік бұйым(белдік)
3.Құлақ әшекейі(сырға)
4.Мөр,бедер, өрнекті ертеде қалай атады?(грифон)
5.Бас киімгеқыздарға тағылатын әшекей(шекелек)
6.Түйме орнына тағатын әшекей(қапсырма)

з
е
р
г
е
р



6.Қортындылау
Қорытып айтқанда қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата-бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған, өздері сері, жандары сұлу болғанын паш етеді.Міне,халық«өнер таусылма азық,жұтамас байлық» деп тегін айтпаған.зергерлік- жалпы адамзатты, оның ішінде жас жеткіншектерді сұлулықпен әсемдікке,құштарлыққа,ізденімпаздыққа үйретеді.
7.Оқушылардың білімін бағалау.
8.Үйге тапсырма:Сымнан зергерлік бұйым жасап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.