Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалпы киім топтары,түрлері. Стиль,сән,  силуэт туралы түсінік. -

Жалпы киім топтары,түрлері. Стиль,сән, силуэт туралы түсінік.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5784 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ашық сабақ

Тақырыбы:
Жалпы киім топтары,түрлері. Стиль,сән ,силуэт туралы түсінік.
Сыныбы: 7 а
Технология пәні мұғалімі: Н.Н. Жубандыкова 
«Бекітемін» ________
Күні:__________
Директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі: С. Акишева
Уақыты:
Пәні: Технология
Сыныбы: 7
Сабақтық тақырыбы: Жалпы киім топтары,түрлері.Стиль,сән, силуэт туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жалпы киім мен оның стильдері туралы туралы түсінік беру. Сән әлемінің тарихына көз жүгірту және де силует түрлерінен мағлұмат беру.Оқушылардың теориялық білімділігін арттыру, таным – түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу;
Дамытушылық: Оқушыларды талдау жасауға және киім стилінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр сырын ұсынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке сұлулыққа ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: оқулық, дәптер, слайд, плакат, түрлі – түсті бояулар, суреттер, мата, түйреуіштер, маникен
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих, геометрия, сызу
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Психологиялық тренинг: «Екі шындық, бір өтірік»
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қазақстанның балыққа бай жерлері?
Балықтың сапалысын қалай анықтауға болады?
Балық құрамындағы белоктың көлемі?
Балық құрамындағы негізгі 8 түрлі амин қышқылдарын ата?
Сапасыз балықты қалай анықтауға болады?
Балық құрамындаығ майдың, витаминдердің көлемі?
III. Жаңа сабақ
Киім үлгісін жасыру. (Жаңа сабаққа түсу).
Киім – бұл адам денесінің жамылғысы. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған.
Оқушыларды екі топқа бөлу. Жыл мезгілдері бойынша көктем, күз. Қуыршақты киіндіру.


Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс.
Тұң¬¬ғыш рет 1972 жы¬лы қа¬зақ¬стан¬дық сән өне¬рін ше¬телге паш ет¬¬кен ком¬панияның «Сым¬бат» деп аталған тұң¬ғыш журналы – 1958 жылы, ал тұң¬ғыш мо¬да театры 1987 жы¬лы ашылды.
Қазірде елімізді әлемге танытып жүрген атақты ди¬зай¬нер¬леріміз де жетерлік. Олардың ішінде Aida KaumeNOVA, Kuralai (Құралай Нұрқаділова), Айгүл Қасымова, LaRiya (Лария Жақамбаева), Salta (Салтанат Баймұхамедова) мен ZhaZira-ны ерекше атап өтуге болады.
Видео - ролик тамашалау.
Қуыршақтың киімін сәндеу.

Ал енді сол сән әлеінде жүретін сәнқойлармен таныса отырсақ,
Әлемдегі ең кәрі модельді білесіз бе?
Оның есімі – Кармен Делль Орефис,
жасы 80-де.

Әлемдегі ең жас модельдің жасы екіде
Айре Браун – әлемдегі ең жас модель.


Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні.Силуеттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес силуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.

Сұлба түрлері денеге қонымдылығы

• Денеге жабысып, қонымды тұратын киімдер
• Тік (бұйым енінің кеуде, бел, мықын сызықтары бір түзу сызықта орналасқан)

• Жартылай жабысып тұратын киімдер
• Кең және трапециялы (төменге жағы кең)

.
Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль.


Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.

Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).



Фольклорлық стильді этникаль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәуірдің ұлттық рухы бейнелейді.


Әлемдегі ең үлкен көйлекті кәріс дизайнері, тігінші Ааму Сонг көпшілікке таныстырды. 550 метр матадан тігілген қызыл көйлек рекордты жаңартқан көрінеді. Көйлектің атын "REDDRESS" (қызыл көйлек), көйлектің түсіне байланысты. Хельсинки қаласында тігілген көйлек Лондон мен Нью-Йорктегі дизайн фестиваліне қарасты көрмелерде баршаға таныстырылды.Көйлектің "қалталарына" 238 адам отыра алады екен.
Қуыршақты бір киім стилінде сәндеу. Сұрақ – жауап арқылы оқушылармен пікірталас жүргізу.
Үйге тапсырма беру.
Тақырып бойынша түсінік айту.
Оқушыларды бағалау.
- Сабаққа қатысуларына байланысты бағаланады.
Жұмыс орындарын жинастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.